flourish [ˈflʌrɪʃ] A.v 1.жайқалу, гүлдену, көктеу, өркендеу, көркею, өніп-өсу, көгеру, дәуірлеу (syn: thrive) ¨These plants flourish in a damp climate. – Бұл өсімдіктер ылғал климатта жайқала өседі. ¨(especially BrE) I'm glad to hear you're all flourishing. – Жағдайыңның жақсы екенін естіп қуанудамын. ¨Few businesses are flourishing in the present economic climate. – Қазіргі экономикалық ахуалда біршама ғана кәсіпорындар көркеюде/өркендеуде. ¨The arts began to flourish at that time. – Ол кезде өнер өркендей бастаған еді. ¨There was a flourishing black market. – Ол жерде жайқалған қара базар бар еді. 2.~ sth желпу ¨He rushed into the room flourishing the newspaper. – Ол бөлмеге газетті шошаңдата кіріп келді. B.n 1.өзіне көңіл аудартатын қимыл, ерекше әрекет ¨He opened the door for her with a flourish. – Ол оған есікті баппен/маңғаздана ашты. 2.әсерлі сәт, әсерлі әрекет ¨The season ended with a flourish for Rooney, when he scored in the final minute of the match. – Ойынның соңғы минутында гол соққан Руни үшін маусым әсерлі аяқталды. 3.әсерлі де әсем сөз не жазу ¨a speech full of rhetorical flourishes – көпірмеге толы сөз ¨His writing is plain and direct, with no stylistic flourishes. – Жазуы қарапайым да нақты, стилистикалық сылап-сипаудан ада. 4.қаламмен жазғанда (каллиграфияда) әсемдік үшін иректеу ¨Her signature was a complicated affair of practised flourishes. – Оның (қағазға қойған) қолы машықталынған күрделі иректерден тұрады екен. 5.(маңызды адамның келгенін не оқиғаның басталғанын білдіретін) көтеріңкі қысқа музыка, салтанатты дабыл ¨a flourish of trumpets – кернейлер дабылы