flow [fləʊ] A.n 1. ~ (of sth/sb) ағыс, ағын, ағу ¨She tried to stop the flow of blood from the wound. – Ол жарадан аққан қанды тоқтатуға тырысты. ¨the ebb and flow of the tide – тасыған судың қайтуы мен келуі ¨an endless flow of refugees into the country – елге босқындардың дамылсыз ағылуы ¨to improve traffic flow – көлік/транспорт ағынын жетілдіру ¨to control the direction of flow – ағын бағытын қадағалау ¨a steady flow of traffic through the city – қала арқылы көліктің дамылсыз ағылуы ¨the flow of an electric current – электр ағыны(ның қозғалысы) 2. ~ (of sth) жеткізу, ағын, тас(ымалда)у ¨the flow of goods and services to remote areas – шалғай аудандарға товарлар мен қызметтерді жеткізу ¨to encourage the free flow of information – информацияның/ақпараттың еркін ағынын демеу ¨data flow – дерек ағыны 3.тоқтаусыз сөз ¨You've interrupted my flow - I can't remember what I was saying. – Сөзімді бөліп жібердің ғой – не айтып тұрғанымды есіме түсіре алар емеспін. ¨As usual, Tom was in full flow. – Әдетінше, Том сөз тізгінін еркіне жіберді. 4. ~ of sth желі, желіс, ағын ¨Too many examples can interrupt the smooth flow of the text. – Тым көп мысал текстегі ойдың жұмсақ желісін үзуі мүмкін. ¨I found it hard to follow the flow of the argument. – Пікірталас желісін өкшелей алмай қиналдым. 5. (idm) *go with the flow (informal) «ағынмен жүру», бір бағытпен я арнамен жылжу дег мағ B.v 1.ағу ¨She lost control and the tears began to flow. – Ол өзін-өзі ұстай алмай (қалып), көздерінен жас аға бастады. ¨It's here that the river flows down into the ocean. – Осы жерде(н) өзен мұхитқа құяды. ¨Blood flowed from a cut on her head. – Басындағы жарадан қан ақты. ¨This can prevent air from flowing freely to the lungs. – Бұл ауаның өкпеге еркін өтуін болдырмайды. ¨the electric currents flowing through the cables – кабельдер арқылы жүріп жатқан электр ағыны ¨Constant streams of traffic flowed past. – Дамылсыз көлік ағыны өтіп жатты. ¨Election results flowed in throughout the night. – Сайлау нәтижелері түні бойы келіп жатты. ¨They examined the way in which information flowed between the firm's 300 employees. – Олар фирманың 300 қызметкері арасында ақпарат қалай ағатынын тексерді. ¨Conversation flowed freely throughout the meal. – Ас үстінде бастан аяқ әңгіме жалғасып жатты. ¨We hope that the debate on this issue will continue to flow. – Осы мәселе бойынша пікірталас жалғаса беретін болады деп үміттенеміз. ¨It was obvious that money flowed freely in their family. – Ақшаның олардың жанұясына ағылып жатқаны анық еді. ¨The party got livelier as the drink began to flow. – Арақ-шарап ағылған сайын сауық кешінің көрігі қыза түсті. 2.сезімі толқу ¨Fear and excitement suddenly flowed over me. – Үрей мен толқу бойымды есіп өтті. ¨He envied the affection that flowed between the boy and the old man. – Бала мен қарттың арасындағы еміреністі көріп ол қызғанды. 3. ~ (down/over sth) салбырап тұру, төгілу ¨Her hair flowed down over her shoulders. – Шаш(тар)ы иықтарынан төмен түсіп/төгіліп тұрды. ¨long flowing skirts – ұзын төгілме юбкалар 4.тасыған теңіз суының жағаға жылжуы (opp: ebb (B) 5. (phr v) *flow from sth (formal) бірнәрседен туындау, бірн-ң нітижесінде болу ¨These changes flowed from the reorganization of the company. – Бұл өзгерістер компаниядағы реорганизациядан кейін болды.