fluctuate [ˈflʌktʃueɪt] v шайқалу, құбылу, толқу, тулау, мөңку (syn: vary) ¨fluctuating prices – толқыған/тулаған бағалар ¨fluctuating fortunes – бүгін былай, ертең олай дүние/құбылмалы дүние ¨~ between A and B During the crisis, oil prices fluctuated between $20 and $40 a barrel. – Дағдарыс кезінде мұнай бағасы $20 мен $40 арасында толқыды. ¨Temperatures can fluctuate by as much as 10 degrees. – Температура 10 градусқа дейін толқиды. ¨My weight fluctuated wildly depending on how much I ate. – Салмағым жеген тамағыма байланысты тулады. ¨My mood seems to fluctuate from day to day. – Көңіл-күйім күннен-күнге толқитындай/құбылатындай көрінеді. ¨The rate of inflation has been fluctuating around 4% for some time. – Инфляция деңгейі біраз уақыттан бері 4%-тің айналасында толқыды.