flutter [ˈflʌtə(r)] A.v 1.желпілдеу, желбіреу, жыпылықтау, қаққылау ¨Flags fluttered in the breeze. – Самал желбіреткен тулар. ¨Her eyelids fluttered but did not open. – Кірпіктері жыпылықтағанмен, ашылмады. ¨~ sth He fluttered his hands around wildly. – Ол қолдарын айналдыра далақтатты. ¨She fluttered her eyelashes at him. – Оған кірпіктерін қағып-қағып жіберді. 2. ~ (sth) (қанаттарын) қаққылау, пырылдату, желпілдету 3. көлбеңдеу, ұшу ¨The butterfly fluttered from flower to flower. – Көбелек гүлден гүлге көлбеңдеді. 4.(жүрек, т.с.с.) лүпілдеу, бүлкілдеу, желпілдеу, қаққылау ¨I could feel a fluttering pulse. – Тамырларымның лүпілдей соққанын сездім. ¨The sound of his voice in the hall made her heart flutter. – Залдағы оның даусы жүрегін лүпілдетті. ¨He felt his stomach flutter when they called his name. – Олар атын атағанда оның іші бүлкілдеді. B.n 1.желпіл, қағу, жыпылық(та(т)у) ¨the flutter of wings – қанаттардың желпілі ¨with a flutter of her long, dark eyelashes – ұзын да қара кірпіктерін қаға ¨(figurative) to feel a flutter of panic in your stomach – ішінің қобалжи бүлкілдеуін сезу 2. ~ (on sth) (BrE, informal) шағын бәс (тігу), бәстесу ¨to have a flutter on the horses – аттарға бәс тігу 3.сасу, абдырау, есі шығу, құты қашу ¨Her sudden arrival caused quite a flutter. – Оның күтпестен келуі састырып тастады. ¨to be in a flutter/to be all of a flutter – асып-сасу 4.тулау (жүректің) ¨Her heart gave a flutter when she saw him. – Оны көргенде жүрегі тулай бастады. 5. (medical) ретсіз жүрек соғысы (тез және біркелкі емес) 6. (technical) таспаға жазылған дыбыстың биіктігіндегі тез/шұғыл өзгерістер