fly

fly [flaɪ] A.v (flies, flying, flew [fluː] flown [fləʊn]) 1. ұшу ¨A stork flew slowly past. – Ләйлек асықпай ұшып өтті. ¨A wasp had flown in through the window. – Сона терезе арқылы ішке еніпті. ¨They were on a plane flying from London to New York. – Олар ұшақпен Лондоннан Нью-Йоркке ұшып бара жатты. ¨to fly at the speed of sound – дауыс жылдамдығымен ұшу ¨Lufthansa fly to La Paz from Frankfurt. – Лүфтһанза (Люфтганза) Ла-Пасқа Франкфурттен ұшады. ¨Is this the first time that you've flown? – Алғаш рет ұшуыңыз ба? ¨~ (from…) (to…) I'm flying to Hong Kong tomorrow. – Гонконгке (Һоңкоңға) ертең ұшамын. ¨I always fly business class. – Мен ылғи да бизнес-класпен ұшамын. ¨We're flying KLM. – КЛМ-мен ұшамыз. ¨(ауысп. мағ.) The train was flying along. – Поезд ұшып/жүйткіп бара жатты. ¨(ауысп. мағ.) She gasped and her hand flew to her mouth. – Аһ ұрып, лезде қолын аузына апарды. ¨(ауысп. мағ.) It's late - I must fly. – Кеш болды, ұшуым/зытуым керек. (ауысп. мағ.) A large stone came flying in through the window. – Ірі тас терезеден ұшып келіп түсті. ¨(ауысп. мағ.) Several people were hit by flying glass. – Ұшқан әйнек бірнеше кісіні жарақаттады. ¨(ауысп. мағ.) David gave the door a kick and it flew open. – Дәвид тепкенде есік жалп ете ашылды. ¨(ауысп. мағ.) Doesn't time fly? – Уақыт ұшады/жөңкиді емес пе? ¨~ by/past Summer has just flown by. – Жаз ұшып өте шықты. 2. ~ (sth) ұшу, ұшыру, ұшуды басқару ¨a pilot trained to fly large passenger planes – ірі жолаушы ұшақтарын басқаруды үйренген ұшқыш ¨children flying kites – батпырауық ұшырып жүрген балалар ¨He's learning to fly. – Ол қалай ұшуды үйреніп жүр. 3. ұшыру, тасымалдау, жеткізу ¨The stranded tourists were finally flown home. – Көліксіз қалған/Ұша алмай қалған туристер ақыры үйлеріне ұшып кетті. ¨He had flowers specially flown in for the ceremony. – Ол гүлдерді ұшақпен салтанатқа арнайы жіберді. 4.~ sth ұшақпен кезу, сапарлау ¨to fly the Atlantic – Атлантикадан/Атлант мұхитынан ұшып өту 5.желбіреу ¨Flags were flying at half mast on all public buildings. – Барлық үкімет кеңселерінде тулар жартылай түсіріліп тұрды. ¨~ sth to fly the Stars and Stripes – АҚШ туын ілу/желбірету ¨hair flying in the wind – желге/желде желбіреген шаш 6.(өсек-аяң ж) кең тарау, жұрт аузында жүру 7. ~ (sth) қашып кету, сытылып кету (formal) ¨Both suspects have flown the country. – Екі күдікті де елден қашып кетіпті. 8. (NAmE) сәтті, табысты болу ¨It remains to be seen whether his project will fly. – Оның жобасының болар-болмасын әлі көру керек. 9. (flies, flying, flied, flied) ~ (sth) (бейсболда) допты қатты ұрып әуеге жіберу 10. (idm) *fly the coop (informal, especially NAmE) қашып кету *fly high сәтті, табысты болу ¨British cinema has been flying high recently, winning several coveted awards. – Британ кино(индустрия)сы кейінгі кездері сәтті болып, бірнеше беделді жүлде алды. *fly in the face of sth қайшы, кереғар болу ¨Such a proposal is flying in the face of common sense. – Бұл ұсыныс ақылға сыймайды. *fly into a rage, temper, etc. ашуға бөгу, ызаланып кету *(go) fly a/your kite (NAmE, informal) «әрі жүрші» дег мағ *fly the nest «ұядан ұшу» дег мағ (яғни, өсіп, жетіліп ұядан не үйден кету) *fly off the handle (informal) «тұтқадан ұшып кету», ашу қысып кету ¨He seems to fly off the handle about the slightest thing these days. – Қит етсе ашуланып шыға келетін болыпты. *go flying (BrE, informal) (байқамай) құлау, мұрттай ұшу ¨Someone's going to go flying if you don't pick up these toys. – Мына ойыншықтарды жинамасаң, біреу-міреу жалп етіп құлар. *let fly (at sb/sth) (with sth) біреуге екілене я тиісе дүрсе қоя беру ¨He let fly at me with his fist. – Маған (қарай) жұмырығын түйе ұшты келіп. ¨She let fly with a stream of abuse. – Аузынан ақ ит кіріп, қара ит шыға екіленді. 11. (phr v) *fly at sb аяқ астынан бас салу ¨He flew at me without warning. – Үн-түнсіз (келіп) мені бас салды. B.n (pl flies) 1.шыбын-шіркей, шыбын, шіркей, құмыты ¨A fly was buzzing against the window. – Шыбын ұшып терезеге соғылып жатты. ¨Flies rose in thick black swarms. – Шыбын-шіркей қап-қара бұлт болып көтерілді. 2.(қармаққа ілетін жем) жемдік шыбын ¨fly fishing – жемдік шыбынмен қармақ салу 3. (BrE also flies) ау (шалбардың, сымның) ¨Your fly is undone! – Ауың ашылып кетіпті! ¨Your flies are undone! – Ауың(ыз)ды түймеле(ңіз)! 4.шатырдың аузын жабатын мата 5. (idm) *die/fall/drop like flies (informal) орылып түсу, баудай түсу, жайпалу ¨People were dropping like flies in the intense heat. – Аптап ыстықта кісілер баудай түсіп жатты. *a/the fly in the ointment «бір қарын майды шірітетін жалғыз құмалақ» *a fly on the wall «қабырғадағы шыбын» (білдіртпей сығалаушы адам) ¨I'd love to be a fly on the wall when he tells her the news. – Ол оған осы хабарды айтқан кезді байқатпай көрсем ғой/көрер ме едім. ¨fly-on-the-wall documentaries – күнделікті өмір жайлы деректі фильмдер *(there are) no flies on sb (informal) анау-мынауға алдана бермейтін адам *not harm/hurt a fly қой аузынан шөп алмайтын момын *on the fly (informal) жүре істеу, жолай, жол-жөнекей ¨to lunch on the fly – жүре/жол-жөнекей тамақ ішу C.adj (informal) 1. (BrE) зерек, зейінді 2. (NAmE) тартымды, сәнді