focus [ˈfəʊkəs] A.v (-s- or -ss-) 1.үңілу, шоғырла(н)у, назар аудару, көңіл қою/бұру/бөлу, шүйлігу, қадалу ¨~ (on/upon sb/sth) The discussion focused on three main problems. – Талқылау негізгі үш мәселеге үңілді/көңіл бөлді. ¨Each exercise focuses on a different grammar point. – Әр жаттығу бөлек грамматикалық пунктке көңіл бөледі. ¨~ sth (on/upon sb/sth) The visit helped to focus world attention on the plight of the refugees. – Сапар дүние назарын босқындардың халіне бұруға жәрдемдесті. 2.(көзді, камераны, т.с.с.) шоғырландыру, фокустеу, үңілу, қадау, шүйлігу; көзі үйрену ¨It took a few moments for her eyes to focus in the dark. – Қараңғыға көзі үйрену үшін бірнеше минут керек болды. ¨~ on sb/sth Let your eyes focus on objects that are further away from you. – Өзіңнен қашығырақта тұрған нәрселерге үңіл/көзіңді шоғырла. ¨In this scene, the camera focuses on the actor's face. – Мына сценада/көріністе камера актердің жүзіне үңіледі. ¨~ sth (on sb/sth) He focused his blue eyes on her. – Көгілдір көздері оған үңілді. ¨I quickly focused the camera on the children. – Тез арада камераны балаларға бағыттадым. 3. ~ sth (on sth) (technical) жарықты (линзаның көмегімен) белгілі бір нүктеге шоғырлау/қадау B.n (pl ~es or foci [ˈfəʊsaɪ]) 1.фокус; маңызды адам, маңызды нәрсе; көңіл аудару ¨It was the main focus of attention at the meeting. – Жиналыста бәрінен бұрын осыған көңіл бөлді. ¨~ for sth His comments provided a focus for debate. – Айтқандары талқылау кезінде тілге тиек болды. ¨~ on sth We shall maintain our focus on the needs of the customer. – Тұтынушыға/Клиентке қажет нәрселерге көңіл бөле беретін боламыз. ¨In today's lecture the focus will be on tax structures within the European Union. – Бүгінгі лекцияда/дәрісте Европа Одағындағы салық жүйесіне үңілетін боламыз. ¨The incident brought the problem of violence in schools into sharp focus. – Оқиға мектептегі бұзақылық мәселесін алдыға қойды. ¨What we need now is a change of focus. – Енді мәселеге басқаша қарауымыз керек. 2.фокус (суретке түсірілетін заттың ашық, анық түсетін нүктесі), көріну дәлдігі ¨The children's faces are badly out of focus in the photograph. – Фотографиядағы балалардың жүздері бұлыңғыр болып тұр. ¨The binoculars were not in focus. – Биникльдер/Дүрбілер шоғырланбапты/фокустенбепті. 3. (also focal point) (physics) фокус (шағылып және сынып өтетін жарық сәулелері жиналатын/шоғырланатын нүкте; шағылып не сынып өткен жарық, дыбыс, т.с.с. толқындарының жиналатын нүктесі) 4. (geology) фокус (жер сілкінісі басталатын жағдай)