follow [ˈfɒləʊ] v 1. ~ (sb/sth) артынан жүру, артынан келу, өкшелеу; еру, ілесу ¨He followed her into the house. – Үйге дейін ол оған ілесіп/артынан жүріп келді. ¨Follow me please. I'll show you the way. – Маған ілесіңіз. Сізге жол көрсетемін. ¨I think we're being followed. – Артымыздан біреу еріп келе жатқан сияқты. ¨(figurative) She followed her mother into the medical profession. – Ол анасына еріп, дәрігер мамандығын таңдады. ¨Wherever she led, they followed. – Ол қайда бастаса да олар ілесті. ¨Sam walked in, with the rest of the boys following closely behind. – Сәм кіріп келді, қалған балалар артынан бір елі қалмай еріп келген/ілескен. 2. ~ (sth/sb) бірнәрседен соң келу, болу ¨The first two classes are followed by a break of ten minutes. – Алғашқы екі сабақтан соң 10 минуттық үзіліс болады. ¨I remember little of the days that followed the accident. – Оқиғадан кейінгі күндер аз есімде. ¨A period of unrest followed the president's resignation. – Президенттің отставкасынан соң дүрбелең кезеңі басталды. ¨A detailed news report will follow shortly. – Егжей-тегжейлі хабар біраздан соң беріледі. ¨There followed a short silence. – Одан соң қысқа үнсіздік орнады. ¨The opening hours are as follows… - Ашық/Ашылатын сағаттар келесідей... ¨A new proposal followed on from the discussions. – Талқылаулардан соң жаңа ұсыныс пайда болды. ¨The main course was followed by fresh fruit. – Негізгі тамақтан соң жаңа піскен жеміс келеді. ¨The day followed the usual pattern. – Күн әдеттегідей өтіп жатты. 3.бірнәрседен соң істеу ¨~ sth with sth Follow your treatment with plenty of rest. – Емделгеннен соң көп демал. ¨~ sth up with sth They follow up their March show with four UK dates next month. – Наурыз айындағы шоуларынан/думандарынан соң келесі айда Британияда төрт рет өнер көрсетеді. 4.нәтижесі болу ¨~ (from sth) I don't see how that follows from what you've just said. – Айтқандарыңның не нәтиже беретінін ұғып отырғамын жоқ. ¨it follows that… If a = b and b = c it follows that a = c. – Егер a = b, ал b = c болса, онда a = c болады. 5. ~ sth жолмен, соқпақпен жүру ¨Follow this road until you get to the school, then turn left. – Осы жолмен мектепке барып тірелгенше жүргін, сосын солға бұрыл. 6. ~ sth (жол, соқпақ ж) бір бағытта не сонымен қатар созылу ¨The lane follows the edge of a wood for about a mile. – Жол бір мильдей жерге ағаштар шетімен өтеді. 7. ~ sth ұстану, сақтау; құлақ асу, тыңдау; ілесу, қалмау ¨to follow a diet/recipe – диетаны/рецепті ұстану/сақтау ¨He has trouble following simple instruction. – Ол қарапайым нұсқауды орындай алмай әлек болды. ¨Why didn't you follow my advice? – Кеңесімді неге тыңдамадың? ¨They followed the teachings of Buddha. – Олар Будданың өсиеттерін ұстанды. ¨He always followed the latest fashions. – Ол кейінгі сән үлгілерінен қалмайтын. ¨I don't want you to follow my example and rush into marriage. – Менен үлгі алып үйленуге асыққаныңды қаламаймын. ¨The movie follows the book faithfully. – Кино тура кітаптағыдай түсірілген. 8.ұғу, түсіну ¨~ (sb) Sorry, I don't follow. – Ғафу ет(іңіз), ұға алмадым. ¨Sorry, I don't follow you. - Ғафу ет(іңіз), сені/сізді ұға алмадым. 9. ~ sb/sth мұқият көру не тыңдау, бағу ¨The children were following every word of the story intently. – Балалар әңгіменің әр сөзін қызыға тыңдап отырды. ¨Her eyes followed him everywhere. – Ол оны бағумен болды. ¨Have you been following the basketball championships? – Баскетбол чемпионатын бағып жүрсің бе? ¨Millions of people followed the trial on TV. – Миллиондаған адам сотты телевизордан бақты/қарады. 10. ~ sth бірнәрсе жайлы болу ¨The novel follows the fortunes of a village community in Scotland. – Роман Шотландиядағы бір ауыл қауымы өмірін суреттейді. 11. (idm) *follow in sb's footsteps біреудің жолын қуу, біреуге ұқсау ¨She works in television, following in her father's footsteps. – Әкесінің жолын қуған ол телевидениеде істейді. *follow your nose a)өз сезіміне не иіске сүйену b)тура, тіке жүру ¨The garage is a mile ahead up the hill - just follow your nose. – Гараж төбемен алға қарай көтерілгенде бір миль жерде – тіке тарта бер. c)өз санасына, ақылына жүгіне істеу *follow suit біреу сияқты істеу, біреудікін қайталау 12. (phr v) *follow sb around/about ілесу, еру, біреуден қалмау ¨Will you stop following me around! – Артымнан қаласың ба, жоқ па! *follow on артынан бару ¨You go to the beach with the kids and I'll follow on when I've finished work. – Балалармен пляжға бар(ғын), сосын жұмыс біткенде мен де келемін. *follow through (теннисте, гольфте допты ұрған соң да) соққыны аяғына дейін жасау *follow through (with sth)/follow sth through аяғына дейін жеткізу *follow sth up a) тиянақты ету, қосымша істеу ¨You should follow up your phone call with an email or a letter. – Телефонмен сөйлескен соң енді э-почта не хат жіберу керек. b) тексеру, іздестіру (syn: investigate) ¨The police are following up several leads after their TV appeal for information. – Полиция өзінің телевидениеден үндеуінен соң бірнеше ақпар бойынша тексеру жүргізуде.