fool [fuːl] A.n 1.ақымақ, есалаң, суми, жетесіз, жарымес, санасыз, албасты (syn: idiot) ¨Don't be such a fool! – Бүйтіп ақымақтанба! ¨I felt a fool when I realized my mistake. – Қатемді түсінгенде ақымақ сезіндім. ¨He told me he was an actor and I was fool enough to believe him. – Артиспін десе, сеніп мені албасты басыпты. 2. (бұрынғы заманда) сайқымазақ (syn: jester) 3. (BrE) фул (бұқтырылған жеміс-жидек пен қаймақты араластыра жасалған жеңіл тағам/десерт) ¨rhubarb fool – рауғаш фулы 4. (idm) *act/play the fool ақымақ қылықтар жасау, ақымақтану (жұртты күлдіру үшін) ¨Quit playing the fool and get some work done! – Ақымақтанбай біраз іс тындыр! *any fool can/could… (informal) «қай суми болсын істей алады» (кімнің болсын қолынан келеді) ¨Any fool could tell she was lying. – Қай суми болса да/Албасты болмаса оның алдап тұрғанын сезер еді. *be no/nobody's fool «ешкімге ақымақ болмайды» (өз ісін жақсы біледі, ешкімге кіріптар емес) ¨She's nobody's fool when it comes to dealing with difficult patients. – Ауыр науқастармен айналысқанда ол ешкімнен көмек сұрамайды. *a fool and his money are soon parted (saying) ақымақта ақша тұрмайды *fools rush in (where angels fear to tread) (saying) «(періште аяғын абайлап басқан жерге) ақымақ жетіп барады» (тәжірибесіз адам әлін білмейді) *make a fool of sb біреуді ақымақ ету ¨Can't you see she's making a fool of you? – Оның сені ақымақ етіп тұрғанын байқамайсың ба? ¨I will not be made a fool of like this. – Бүйтіп мені ешкім ақымақ қыла алмайды. *make a fool of yourself өзін ақымақ көрсету я ету ¨I made a complete fool of myself in front of everyone! – Жұрттың алдында өзімді мүлде ақымақ еттім-ау! *more fool sb (for doing sth) (informal) «өзінен көрсін», «қарап тұрып ақымақ болды» ¨‘He's not an easy person to live with.’ ‘More fool her for marrying him!’ – «Ол отасуға оңай адам емес». «Оған үйленген (ол) өзінен көрсін!» ¨‘I know I shouldn't have given him the money, but I did.’ ‘More fool you!’ – «Ақшаны бермеу керектігін біліп тұрып, бердім». «Өзіңнен көр, енді». *(there's) no fool like an old fool (saying) «кәрі ақымақтай ақымақ жоқ» (жас қателессе де кәрінің қателесетін жөні жоқ) B.v 1.ақымақ қылу/ету, жынды қылу, басын қатыру ¨~ sb You don't fool me! – Басымды қатырмай-ақ қой(ғын)! ¨She certainly had me fooled - I really believed her! – Мені ақымақ етіп жүргені анық – шынымен (де) сенгемін оған! ¨~ yourself You're fooling yourself if you think none of this will affect you. – Мыналардың ешқайсысының әсері болмайды десең – ақымақ болғаның. ¨~ sb into doing sth Don't be fooled into thinking they're going to change anything. – Олар ештеңе өзгертпейді деп ойлап, ақымақтанба. 2. ақымақ қылықтар жасау, ақымақтану (жұртты күлдіру үшін) ¨~ (about/around) Stop fooling around and sit down! – Ақымақтанбай, отыр! ¨~ (about/around) with sth If you fool about with matches, you'll end up getting burned. – Сіріңкемен ойнасаң, түбі жанып тынасың. 3. (idm) *you could have fooled me (informal) «сенбес едім», «адам нанғысыз», «ой, қойшы» ¨“Did you know that this land is among the most productive in the entire state?” “You could have fooled me. It looks quite barren”. - «Білесің бе, мына жер штаттағы ең құнарлысы». «Ой, қойшы. Қуарып тұрғандай көрінеді екен». ¨“I really do like Mary”. “Could have fooled me. You treat her rather badly sometimes”. – “Мәриді шынымен де ұнатамын». «Мынаны қара/Ой, қойшы. Кейде оған дүрдиесің ғой». 4. (phr v) *fool around a) (BrE also fool about) сандалу, сенделу, уақытты босқа кетіру (syn: mess around) b) ~ (with sb) біреумен ойнас болу (syn: mess around) ¨She's been fooling around with a married man. – Үйленген еркекпен ойнас болып жүрді ғой. C.adj (informal) ақымақ, есалаң, суми, жетесіз, жарымес, санасыз (syn: silly, stupid, foolish) ¨That was a damn fool thing to do! – Бұл барып тұрған ақымақтық болды! ¨That fool husband of mine locked us out of the house. – Ақымақ күйеуім үйді құлыптап, бізді сыртта қалдырды.