foot [fʊt] A.n (pl feet [fiːt]) 1. табан, аяқ(тың тобықтан төменгі бөлігі) ¨My feet are aching. – Аяқтарым ауырып тұр. ¨to get/rise to your feet – түрегелу/тұру ¨I've been on my feet all day. – Күні бойы отырғам(ын) жоқ/отырған жоқпын. ¨We came on foot. – Жаяу келдік. ¨Come on lads - on your feet and do some work! – Ал, жігіттер, түрегел де іс қыл! ¨walking around the house in bare feet – үй төңірегінде жалаң аяқ жүру ¨Please wipe your feet on the mat. – Аяғың(ыз)ды (аяқ киіміңізді) төсенішке сүрт(іңіз). ¨Daniel was shifting anxiously from foot to foot. – Даниел тағат таппай кезек-кезек аяқтарына таянумен болды. ¨a foot pump – аяқ(пен істейтін) насос ¨a foot passenger – паромға машинасыз мінген жүргінші 2. -footed ¨bare-footed – жалаң аяқ ¨four-footed – төрт аяқты ¨a left-footed shot into the corner – бұрышқа сол аяқпен тебілген соққы 3.шұлықтың/носкидің аяқтың тобықтан төменгі бөлігін жабатын тұсы 4.the ~ of sth аяқ, етек (бірнәрсенің ең төменгі бөлігі) ¨the foot of the stairs/page/mountain – баспалдақтың төменгі жағы/парақтың аяғы/тау етегі ¨The nurse hung a chart at the foot of the bed. – Күтуші/Медбике таблицаны төсектің аяғына ілді. 5. (pl feet or foot) (abbr ft) фут (30.48 см не 12 дюйм) ¨a 6-foot high wall – биіктігі 6 фут (болатын) қабырға ¨We're flying at 35 000 feet. – 35 000 фут биіктікте ұшып келеміз. ¨‘How tall are you?’ ‘Five foot nine’. – «Бойың қанша?» «Бес фут, алты дюйм». 6. (in compound nouns) ¨His boat is an eighteen-footer. – Қайығы(ның ұзындығы) он сегіз футтық. ¨Both my brothers are six-footers. – Бауырымның екеуінің де бойы алты фут. 7. (idm) *be rushed/run off your feet жұмысы бастан асу ¨Weekdays are slow in the restaurant, but at weekends the staff are rushed off their feet. – Жай күндері ресторанда уақыт әрең жылжиды, алайда апта соңында даяшылар дедек қағады. *fall/land on your feet «(құлағанда) аяғымен түсу», жолы болу; қиындықтан құтылып кету ¨You landed on your feet, getting such a well-paid job with so little experience. – Аяғыңмен түсіпсің/Жолың болыпты, сондай ақшалы жұмысқа мардымсыз тәжірибемен тұрдың. ¨Jim's always getting himself in trouble, but he usually seems to fall on his feet. – Джим ылғи да қиындыққа ұрынып жүрсе дағы, әдетте жол тауып кетеді. *feet first а)(секіргенде, құлағанда) аяғымен түсу, жерге бірінші аяғы тию ¨He landed feet first. – Аяғымен түсті. b) (humorous) аяғы бірінші болып шығу (мәйітті шығарғанда аяғы бірінші болып шығады) ¨You'll have to carry me out feet first! – Өлгенде бір-ақ кетемін!/Өлсем ғана менен құтыласың! *get/have a/your foot in the door «бас сұғу», жақсы жұмысқа тсс орналасу ¨I always wanted to work in TV but it took me two years to get a foot in the door. – Қашан да телевидениеде жұмыс істегім келіп еді, алайда оған бас сұғу үшін екі жыл кетті. *get/start off on the right/wrong foot (with sb) (informal) оң/сол аяғымен бастау (біреумен қатынасты жақсы/жаман бастау) ¨I seem to have got off on the wrong foot with the new boss. – Жаңа бастықпен жұмысты сол аяғыммен бастаған сияқтымын. *get your feet wet (especially NAmE, informal) жұмысқа алғаш кірісу ¨At that time he was a young actor, just getting his feet wet. – О кезде ол жас актер еді; жаңа бастаған. *have feet of clay «аяғы балшықтан болу», мінезінде, тсс кемшін болу ¨All human beings have feet of clay. – Мінсіз адам болмайды. *have/keep your feet on the ground нақты өмірден, жағдайдан ауытқымау ¨In spite of his overnight stardom he still manages to keep his feet on the ground. – Бір түнде жұлдызға айналып шыға келгеніне қарамастан, ол аспандап кеткен жоқ. *have/keep a foot in both camps екі жақта да болу, бәрімен қарым-қатынаста болу *have one foot in the grave (informal) «бір аяғы көрде болу», өте ауру не кәрі болу *…my foot! (informal, humorous) (мүлде келіспеушілікті білдіреді) «астапыралла», «о, құдай-ай» ¨‘Ian can't come because he's tired.’ ‘Tired my foot! Lazy more like!’ – «Йан келе алмайды, шаршапты». «О, құдай-ай, шаршағаны несі! Жалқаулықты көтере алмай жатқан да(ғы)!» *on your feet (қиындықтан соң) аяғынан қаз тұрған ¨Sue's back on her feet again after her operation. – Операциядан соң Сю тәп-тәуір болып кетіпті. ¨The new chairman hopes to get the company back on its feet within six months. – Жаңа бастық компанияны алты айда аяғынан қаз тұрғызуға дәмелі. *put your best foot forward әупірімдеу, аянбай талпыну, ұмтылу *put your feet up аяғын жоғары көтере (м.: столға қоя) тынығу ¨After a hard day's work, it's nice to get home and put your feet up. – Ауыр жұмыс күнінен соң, үйге келіп аяғыңды көтере тыныққан жөн. *put your foot down a)қатаң шараға бару, айтқанынан қайтпау ¨You've got to put your foot down and make him stop seeing her. – Мінез көрсетіп, оның о қызды көруін тыюың керек. b) (BrE) қаттырақ айдау, аяғымен газды басу ¨She put her foot down and roared past them. – Аяғымен газды басты дағы олардың жанынан зулап өтті. *put your foot in it (BrE) (also put your foot in your mouth NAmE, BrE) «аяғын жаза басу», біреудің намысына тиетін не ыңғайсыз ететін сөз айту, қылықтар істеу ¨I really put my foot in it with Ella - I didn't know she'd split up with Tom. – Эллаға келгенде/қатысты аяғымды жаза басқаным рас – оның Томмен ажырасып/айырылысып кеткенін қайдан білейін. *put a foot wrong қателесу, жаза басу ¨In the last two games he has hardly put a foot wrong. – Соңғы екі ойында ол қателеспеді десе де болады. *set foot in/on sth «аяқ басу», бару, болу ¨the first man to set foot on the moon – айға аяқ басқан алғашқы/тұңғыш адам ¨I vowed never to set foot in the place again. – Ол жерге енді(гәрі) аяқ баспаспын деп сөз бердім. *set sb/sth on their/its feet табысты ету, аяғынан тұрып кету ¨His business sense helped set the club on its feet again. – Оның істің қырын білуі клубты аяғынан тұрғызды. *stand on your own (two) feet өз күнін өзі көру, ешкімге кіріптар болмау ¨When his parents died he had to learn to stand on his own two feet. – Әке-шешесі қайтыс болғанда оған өз күнін өзі көріп үйренуге тура келді. *under your feet «аяққа оратылу», кедергі, тұсау болу ¨I don't want you kids under my feet while I'm cooking. – Тамақ пісіріп жатқан кезде балаларыңның аяғыма оратылғанын қаламаймын. B.v (idm) *foot the bill (informal) шығынды көтеру ¨Once again it will be the taxpayer who has to foot the bill. – Шығынды көтеретін тағы да салық төлеуші болмақ. ¨Who will be footing the bill for the party? – Мына сауықтың/кештің шығынын кім көтермек?