force [fɔːs] A.n 1.күш, күш-қуат, қуат, дәрмен, қайрат, әл, тегеурін, екпін, қауқар ¨The release of the hostages could not be achieved without the use of force. – Кепілге алынғандарды күш қолданбай босату мүмкін емес еді. ¨The rioters were taken away by force. – Бұзақыларды күштеп әкетті. ¨The ultimatum contained the threat of military force. – Әскери күш қолданамыз деп үзілді-кесілді талап/ультиматум қойды. ¨We will achieve much more by persuasion than by brute force. – Қара күшпен емес, иландыра біз көп нәрсеге жетеміз. ¨plans to seize power by force of arms – қарулы күшпен билікті алу жоспарлары ¨the force of the blow/explosion/collision – соққы/жарылыс/соқтығыс күші/қуаты ¨The shopping centre took the full force of the blast. – Жарылыстың екпіні/дені сауда орталығына келді/келіпті. ¨She hits the ball with amazing force for someone so small. – Кіп-кішкентай бола тұра/болып тұрып допты керемет қатты ұрады. 2.күш, әсер, ықпал, екпін a) ¨They realized the force of her argument. – Оның дәлелінің күшін олар түйсінді/сезінді. ¨He controlled himself by sheer force of will. – Өз ерік-жігері ғана өзін тізгіндей алды. ¨She spoke with force and deliberation. – Ол екпіндей әрі толғана сөйледі. b) (физ-қ күш) ¨The moon exerts a force on the earth. – Айдың жерге әсері бар/әсер етеді. ¨the force of gravity – тартылыс күші ¨magnetic/centrifugal force – магнит күші/сыртқа тепкіш күштер c)(жел ж) ¨a force 9 gale – күші 9-балдық дауыл ¨a gale force wind – аңырай/ықтыра соққан жел 3.күш, қуат ¨economic/market forces – экономикалық/рыноктық күштер ¨the forces of good/evil – ізгілік/зұлымдық күштері, ізгі/зұлым күштер ¨Ron is the driving force behind the project. – Жобаны сүйреп жүрген Рон. ¨She's a force to be reckoned with. – Онымен санасу керек/Ол - санасатын күш. ¨The expansion of higher education should be a powerful force for change. – Жоғары білім беру жүйесінің өрістеуі өзгеріс үшін қажет тегеурінді күш болуы тиіс. ¨Television has become a major force in American political life. – Телевизия Америка саяси өміріндегі қуатты күшке айналды. ¨He was finally defeated by forces beyond his control. – Еркінен тыс күштер оны жеңіп тынды. 4.күш, пәрмен, бедел ¨These guidelines do not have the force of law. – Бұл нұсқаулардың заң күші жоқ ¨The court ruled that these standards have force in British law. – Сот бұл стандарттардың Британияда күші бар деп ұйғарды. ¨The culprits must expect to face the full force of the law. – Кінәлілер заң қаһарына ілігетінін білулері тиіс. 5.топ, команда ¨a member of the sales force – сату тобының мүшелері ¨A large proportion of the labour force is unskilled. – Жұмыс күшінің үлкен бөлігінде біліктілік жоқ. 6.(қарулы) күш ¨a member of the security forces – қауіпсіздік күштерінің мүшесі ¨rebel/government forces – көтерілісші/үкімет күштері ¨a peace-keeping force – бейбіт/бітімгер күштер 7.(the) ~s (BrE) (әскери) күш, әскер, армия ¨allied forces – одақтастар күштері/әскерлері ¨strategic nuclear forces – стратегиялық ядролық күштер 8.the ~ (BrE) полиция күштері ¨He joined the force twenty years ago. – Ол полиция күштеріне жиырма жыл бұрын қосылған. 9. (idm) *bring sth into force (заңды, ережені, т.с.с.) күшіне енгізу ¨They are hoping to bring the new legislation into force before the end of the year. – Жыл соңына дейін олар жаңа заңды күшіне ендіруге үмітті/енгіземіз деп үміттенуде. *come/enter into force (заңды, ережені, т.с.с.) күшіне енгізу ¨When do the new regulations come into force? – Жаңа ережелер күшіне қашан енеді? *force of habit дағдыланған, әдеттенген нәрсе ¨It's force of habit that gets me out of bed at 6.15 each morning. – Бойға сіңген дағды ғой мені әр күні таңертеңгісін сағат 6.15-те тұрғызатын. *the forces of nature табиғат күштері (жел, жауын, т.с.с.) ¨They were fighting a losing battle against the forces of nature. – Олар дүлей табиғат күштеріне қарсы тұяқ серпуде. *in force a) көп, қарақұрым ¨Protesters turned out in force. – Наразылық етушілер қаптады/нөпір болып жиналды. b) күші бар, қолданыстағы (заң, т.с.с.) ¨The new regulations are now in force. – Жаңа ережелер енді күшіне енді. *join/combine forces (with sb) күш(ін) біріктіру, бірлесе қимылдау ¨The two firms joined forces to win the contract. – Контрактты ұтып алу үшін екі фирма күш біріктірді. B.v 1.күштеу, көндіру, мәжбүрлеу, зорлау (syn: compel) ¨~ sb into doing sth The President was forced into resigning. – Президент отставкаға кетуге мәжбүр болды. ¨~ sb/yourself to do sth The President was forced to resign. – Президент отставкаға кетуге мәжбүр болды. ¨I was forced to take a taxi because the last bus had left. – Соңғы автобус кетіп қалғандықтан, маған такси алуға тура келді. ¨She forced herself to be polite to them. – Ол өзін оларға сыпайы етті. ¨~ sb into sth Ill health forced him into early retirement. – Денсаулығының нашарлығынан ел ерте зейнетке шықты. ¨~ sb He didn't force me - I wanted to go. – Ол мені қуған жоқ – өзім кеттім. ¨~ yourself (informal, humorous) ‘I shouldn't really have any more.’ ‘Go on - force yourself!’ – «Маған шынымен де бұдан артық болмайды» «Бопты енді, өзіңді қамшыла!» ¨~ sth Public pressure managed to force a change in the government's position. – Қоғам қысымы үкіметтің позициясын өзгертті. 2.жұлқу, әупірімдеу, баса-көктеу, күш қолдана қимылдау ¨~ sth to force a lock/window/door – жұлқи құлыпты/ терезені/есікті ашу ¨to force an entry – баса-көктеп кіру ¨~ sth She forced her way through the crowd of reporters. – Ол тілшілер тобының арасынан әупірімдеп өтті. ¨He tried to force a copy of his book into my hand. – Кітабының бір данасын маған ұстатқысы келді. ¨~ sth The door had been forced open. – Есік серпіле ашылды. 3.болғызу, істету ¨~ sth He was in a position where he had to force a decision. – Ол шешім шығарта алатындай халде еді. ¨~ sth Building a new road here will force house prices down. – Бұл жерде жаңа жолдың салынуы үй бағаларын түсіреді. 4. ~ sth қинала істеу, өзін бірнәрсе істеуге зорлау ¨She managed to force a smile. – Ол қинала/өзін зорлай күлді. 5. ~ sth арнайы өсіру, қолдан өсіру ¨forced rhubarb – арнайы/қолдан өсірген рауғаш ¨(figurative) It is unwise to force a child's talent. – Баланың дарынын күштеп жетілдірудің жөні жоқ. 6. (idm) *force sb's hand көндіру, мәжбүрлеу ¨They decided to strike to force the management's hand. – Олар басқарманы көндіру үшін ереуілге шығуға ұйғарды. *force the issue мәселені тез қарастырғызу/шештіру *force the pace (especially BrE) a) оза жүгіру b) тездеткізу/-тіру, жылдамдатқызу/-тыру ¨The demonstrations have succeeded in forcing the pace of change. – Шерулер діттеген жерінен шығып, өзгерістерді жылдамдатты. 7. (phr v) *force sth back (көз) жасын ірку, өзін тізгіндеп ұстау ¨She swallowed hard and forced back her tears. – Ол әрең жұтына жасын ірікті. *force sth down a)өзін зорлай ішу, т.с.с. ¨She felt sick but managed to force down a piece of toast. – Ауырған ол өзін зорлай бір тілім нан жеді. b)ұшақты зорлай, қорқыта қондыру *force sb/sth on/upon sb көндіру, таңу, мәжбүр ете қабылдату ¨to force your attentions/opinions/company on sb – біреуге өз талғамын/пікірін/достығын таңу *force sth out of sb айтуға көндіру, мәжбүрлеу, айтқызу ¨I managed to force the truth out of him. – Оған шындықты айтқыза алдым.