forever [fərˈevə(r)] adv  (BrE also for ever) мәңгі, мәңгілік, мәңгі-бақи, әрқашан, ылғи ¨I'll love you forever! – Сені мәңгі(-бақи) сүйетін боламын. ¨After her death, their lives changed forever. – Ол қайтыс болғаннан кейін олардың өмірі мәңгі(ге) өзгерді. ¨Just keep telling yourself that it won't last forever. – Бұл мәңгі(лік) жалғаспайды деп өзіңе айта бер(гін). ¨(ауысп. мағ.) It takes her forever to get dressed. – Оның киінуіне мәңгілік (уақыт) керек. ¨She's forever going on about how poor they are. – Ол ылғи/қашан да кедейміз деп жылайды да жүреді.