form [fɔːm] A.n 1.түр, форма ¨forms of transport/government/energy – көлік/үкімет/энергия түрлері ¨one of the most common forms of smth – бірнәрсенің ең көп кездесетін/ұшырасатын түрі ¨all the millions of different life forms on the planet today – қазіргі кездегі планетадағы миллиондаған әралуан тіршілік түрлерінің баршасы ¨The disease can take several different forms. – Ауру бірнеше түрлі бола алады/бірнеше бағытта өрбуі мүмкін. ¨Help in the form of money will be very welcome. – Ақшалай/Ақша түріндегі көмек жөн болады. ¨Help arrived in the form of two police officers. – Екі полиция қызметкері көмекке келді (сөзбе-сөз: Көмек екі полиция қызметкері түрінде келді). ¨The training programme takes the form of a series of workshops. – Жаттығу курсы бірнеше семинардан тұратын кезеңге ұласады. ¨Most political questions involve morality in some form or other. – Көптеген саяси сұрақтардың әйтеуір бір моральдық қыры бар. ¨We need to come to some form of agreement. – Белгілі бір формадағы келісімге келуіміз керек. ¨I'm opposed to censorship in any shape or form. – Қандай да бір түр я көріністегі (болсын) цензураға қарсымын. ¨This dictionary is also available in electronic form. – Сөздіктің электронды түрі де бар. ¨Shape and form are of greater importance to me than colour. – Мен үшін кескін мен түр түстен маңыздырақ. ¨In a novel, form and content are equally important. – Романда түр мен мазмұнның екеуі де бірдей маңызды. 2.үлгі, форма, анкета ¨an application/entry/order form – өтініш/кіру/тапсырыс үлгісі/формасы ¨(especially BrE) to fill in a form – үлгіні/анкетаны толтыру ¨(especially NAmE) to fill out a form – үлгіні/анкетаны толтыру ¨I filled in/out a form on their website. – Уэб-сайттарындағы үлгіні толтырдым. ¨to complete a form – үлгіні/форманы толтыру ¨(BrE) a booking form – тапсырыс/заказ үлігісі/формасы ¨(NAmE) a reservation form – заказ үлгісі/формасы 3.пішін, түр ¨The human form has changed little over the last 30 000 years. – Соңғы 30 мың жылда адам пішіні аз ғана өзгерді. ¨They made out a shadowy form in front of them. – Олардың алдында олар көлеңкеленген сұлба болып көрінді. 4. (BrE) күй, бап, қалып, күтім ¨After six months' training the whole team is in superb form. – Алты айғы жаттығудан соң бүткіл команданың бабы/күйі керемет. ¨I really need to get back in form. – Шынымен де бабыма оралуым керек. ¨The horse was clearly out of form. – Аттың бабында емес/күтімінің нашар екендігі көрініп тұрды. ¨Midfielder Elliott has shown disappointing form recently. – Жартылай қорғаушы Эллиоттың ойыны соңғы уақыттарда көңілден шықпай жүр. ¨On current/present form the party is heading for another election victory. – Қазіргі қалпында партия тағы да сайлауда жеңіп шығады. ¨She signalled her return to form with a convincing victory. – Ойсырата жеңген ол өзінің бұрынғы бабына оралғанын білдірді. ¨He's right on form as a crazy science teacher in his latest movie. – Соңғы киносында алаңғасар ғылым мұғалімі болып ол мықты ойнайды. ¨The whole team was on good form and deserved the win. – Бабында болған бүткіл команда жеңіске лайықты болды. ¨She was in great form at the wedding party. – Үйлену тойында ол керемет күйде болды. 5. (especially BrE) іс реті, іс дағдысы, істеу жолы, әдет ¨What's the form when you apply for a research grant? – Зерттеу үшін стипендия алу жолы қалай? ¨conventional social forms – қалыптасқан әлеуметтік қатынастар ¨True to form he arrived an hour late. – Әдетінен жазбай бір сағат кеш келді. ¨Partners of employees are invited as a matter of form. – Қызметкерлердің өмірлік серіктері әдеттегідей шақырылды. 6. good/bad ~ (old-fashioned, BrE) ибалы/ибасыз ¨When I was a boy it was always considered bad form to talk about food or money. – Бала кезімде тамақ пен ақша жайлы ел алдында сөйлеу ұятқа саналатын. ¨Good form dictated that she should dress more casually in the country. – Дәстүрге сай ол ауылды жерде сықия киінбеуі керек болды. 7.рай, түр ¨the infinitive form of the verb – етістіктің тұйық райы/болымсыз түрі ¨the plural form of “goose” is “geese”. - “Goose” сөзінің көпше түрі - “geese”. 8. (BrE, old-fashioned) (мектептегі) класс, сынып ¨Who's your form teacher? – Класс/Сынып жетекшің/жетекшілерің кім? 9. -former (in compounds) (BrE, old-fashioned) белгілі бір класта/сыныптағы оқушы ¨a third-former – үшінші класс оқушысы 10. (idm) *take form (formal) (бірте-бірте) қалыптасу, даму ¨In her body a new life was taking form. – Денесінде жаңа тіршілік қалыптасып келе жатқан еді. B.v қалыптас(тыр)у, пайда бол(ғыз)у, жарат(ыл)у, түз(іл)у, жасау, құра(стыр)у ¨Flowers appeared, but fruits failed to form. – Гүлдегенмен жеміс берген жоқ. ¨Storm clouds are forming on the horizon. – Көкжиекте дауыл бұлттары үйірілуде. ¨~ sth These hills were formed by glaciation. – Бұл төбелерді/ қырқаларды мұздықтар қалыптастырған. ¨A plan formed in my head. – Ойымда жоспар түзіле бастады. ¨~ sth I formed many close friendships at college. – Колледжде көбімен/талайымен жақын достастым. ¨I didn't see enough of the play to form an opinion about it. – Ойын/Пьеса жайлы пікір айтатындай дұрыстап көрген жоқпын. ¨~ sth Bend the wire so that it forms a ‘V’. – Сымтемірді ‘V’ пішініне келгенше и. ¨Rearrange the letters to form a new word. – Әріптерді қайта орналастырып жаңа сөз құра. ¨Games can help children learn to form letters. – Ойындар балаларға жаңа әріп(тер) құрауды үйретеді. ¨Do you know how to form the past tense? – Өткен шақты қалай құрауды білесің(із) бе? ¨~ sth into sth Form the dough into balls with your hands. – Қолыңмен(ен) қамырдан доптар жаса. ¨~ sth from/of sth The chain is formed from 136 links. – Шынжыр 136 жалғаудан құралған. ¨(formal) The table was formed of two large slabs of stone. – Стол екі ірі жайпақ/тегіс тастан құралған. ¨~ sb/sth (up) (into sth) to form a line/queue/circle – сапқа/кезекке/дөңгелене тұру ¨First get students to form groups of four. – Алдымен студенттер төрт-төрттен топқа/топтарға бөлінсін. ¨~ (up) (into sth) Queues were already forming outside the theatre. – Театр сыртында жұрт кезекке тұра бастаған. ¨The teams formed up into lines. – Командалар сапқа тұрды/бөлек-бөлек тізілді. ¨The trees form a natural protection from the sun's rays. – Ағаштар - күн сәулесінен табиғи қорғаныш. ¨The castle forms the focal point of the city. – Қамал – кенттегі жұрт жиналатын орын. ¨The survey formed part of a larger programme of research. – Шолу зерттеу программасының қомақты бөлігі болды. ¨These drawings will form the basis of the exhibition. – Осы сызбалар/суреттер экспедицияға негіз болады. ¨They hope to form the new government. – Олар жаңа үкімет құрамыз деп үміттенуде. ¨He formed a band with some friends from school. – Ол мектептегі біраз достарымен ансамбль құрды. ¨a newly-formed political party – жаңадан құрылған саяси партия ¨The band formed in 2007. – Топ/Ансамбль 2007 жылы құрылған. ¨Positive and negative experiences form a child's character. – Өмірдегі жақсы мен жаман баланың мінезін қалыптастырады.