fortune [ˈfɔːtʃuːn] n 1.бақ, сәт ¨I have had the good fortune to work with some brilliant directors. – Жолым болып, тамаша директорлармен жұмыс істедім. ¨By a stroke of fortune he found work almost immediately. – Бағы жанып, ол бірден жұмыс тапты. ¨Fortune smiled on me. – Бағым жанды. ¨(ауысп. мағ.) the changing fortunes of the film industry – киноиндустрияның айнымалы бағы/құбылмалылығы ¨(ауысп. мағ.) the fortunes of war – соғыс тәлкектері ¨(ауысп. мағ.) a reversal of fortune(s) – бақтың айнуы 2.дәулет, бақ, дүние-мүлік ¨He made a fortune in real estate. – Ол үйден/жылжымайтын мүліктен байыды. ¨She inherited a share of the family fortune. – Ол жанұя дәулетінің бір бөлігін мұраға алды. ¨A car like that costs a small fortune. – Ондай машинаның өзі бір кіші-гірім дәулет. ¨You don't have to spend a fortune to give your family tasty, healthy meals. – Жанұяңа тәтті де нәрлі ас беру үшін дүниені төгіп-шашудың керегі жоқ. ¨She is hoping her US debut will be the first step on the road to fame and fortune. – Америкадағы тұсаукесері атақ пен дәулетке апарар алғашқы қадам деп үміттенеді. ¨That ring must be worth a fortune. – О(л) жүзіктің өзі бір дәулет шығар. 3.тағдыр, тәлей, болашақ ¨She can tell your fortune by looking at the lines on your hand. – Алақан сызығына қарап кісіні не күтіп тұрғанын айта алады.