forward [ˈfɔːwəd] A.adv 1. (also forwards especially in BrE) алға, алдыға, алдыңғы жаққа, ілгері (opp: back, backward(s)) ¨She leaned forward and kissed him on the cheek. – Алға/Ілгері қарай иіле бетін сүйді. ¨He took two steps forward. – Алға екі қадам басты. ¨They ran forward to welcome her. – Оны қарсы алу үшін олар алдыға жүгірді. ¨Looking forward, we hope to expand our operations in several of our overseas branches. – Алдағы уақытта шетелдердегі бірнеше тармақтарымызда/филиалдарымызда жұмысымызды өрістетеміз деп үміттенеміз. ¨The next scene takes the story forward five years. – Келесі сцена/көрініс оқиғаның бес жылдан кейін өрбуін көрсетеді. ¨(old use) from this day forward – осыдан былай (қарай) ¨It was decided to bring the meeting forward two weeks. – Кездесуді екі апта ерте/бұрын өткізбек болып шешті. 2.ілгері, алға, оң нәтижеге қарай (opp: backward(s)) ¨We consider this agreement to be an important step forward. – Бұл келісімді алға басылған маңызды қадам деп есептейміз. ¨Cutting our costs is the only way forward. – Шығындарымызды азайтып қана алға жылжи аламыз. ¨We are not getting any further forward with the discussion. – Талқылауда ешнәрсе өндіріп жатқамыз жоқ. ¨The project will go forward as planned. – Жоба жоспар бойынша жалғаса береді. 3. (technical) (кеменің, ұшақтың) алдыңғы жағында ¨The main cabin is situated forward of the mast. – Негізгі каюта/кабина мачтаның алдыңғы жағында орналасқан. 4. (idm) *going/moving forward (formal or business) болашақта; осыдан былай (қарай) ¨We have a very solid financial position going forward. – Бұдан былайғы қаржы ахуалымыз өте мығым. ¨The strategy going forward is still undecided. – Келешектегі стратегия әлі анықталған жоқ. ¨Moving forward, we need to have a real plan. – Алдағы уақытта нақты жоспарымыз болуы керек/тиіс. B.adj 1.алға, ілгері (бағытталған) ¨The door opened, blocking his forward movement. – Есік ашылып, оның алға жүрісін тежеді. ¨a forward pass – ілгері/алға берілген пас 2. (technical) алдыңғы жағында орналасқан ¨the forward cabins – алдағы кабиналар/каюталар ¨A bolt may have fallen off the plane's forward door. – Ұшақтың алдыңғы есігінен бір болт/бұранда түсіп қалған болуы керек. 3.келешек, алдағы ¨the forward movement of history – Тарихтың алға жылжуы. ¨A little forward planning at the outset can save you a lot of expense. – Аздап алдын-ала жоспарлаған/жоспарлау көптеген шығынды болдырмайды. ¨The plans are still no further forward than they were last month. – Жоспарлар өткен айдағы қалпынан жылжымады/ілгерілемеді. 4.тым сенімді, бейресми, еркін(сіген) ¨I hope you don't think I'm being too forward. – Мені еркінсіп тұр деп ойламассың(ыз). C.v 1. (formal) жөнелту, жіберу, жолдау, аттандыру ¨~ sth to sb We will be forwarding our new catalogue to you next week. – Жаңа каталогымызды саған/сізге келесі аптада жіберетін боламыз/жібереміз. ¨~ sb sth We will be forwarding you our new catalogue next week. - Жаңа каталогымызды саған/сізге келесі аптада жіберетін боламыз/жібереміз. ¨~ sth to forward a request/complaint/proposal – өтініш/шағым/ұсыныс жіберу/жолдау ¨~ sth (to sb) Could you forward any mail to us in New York? –Нью-Йоркте бізге келген почта болса бізге жөнелте аласың(ыз) ба? ¨~ (sth) I put ‘please forward’ on the envelope. – Конверт сыртына «(әрі қарай) жөнелтуіңізді өтінемін» деп жаздым. 2. ~ sth (formal) жетілуге, дамуға сеп болу (syn: further)¨He saw the assignment as a way to forward his career. – Тағайындауды мансабын ілгерілететін қадам деп санады. ¨They have done a great deal to forward the cause of world peace. – Әлемде бейбітшілікті орнықтыру ісін ілгерілету үшін олар көп іс тындырды. D.n (футболдағы, тсс) шабуылшы, форвард