foster [ˈfɒstə(r)] A.v 1.~ sth дем беру, сеп болу (syn: encourage, promote) ¨The club's aim is to foster better relations within the community. – Клубтың мақсаты – қауым ішіндегі жақсы қатынастарға дем беру. 2. ~ (sb) (especially BrE) (бөтен баланы) асырап алу, бағып алу, бауырына басу/ салу ¨They have fostered over 60 children during the past ten years. – Соңғы он жылда олар алпыстан көп баланы асырап алды. ¨We couldn't adopt a child, so we decided to foster. – Баланы асырап ала алмағандықтан бағып алуды ұйғардық. B.adj асыраған, қамқор, баққан ¨a foster mother/father/family – асыраған/баққан ана/әке/үй-іші ¨foster parents – асырап алған/ бауырына басқан ата-ана ¨a foster child – (біреулер) бағып алған/ бауырына басқан бала ¨a foster home – (біреуді) бағып алған үй ¨foster care – (бөтен баланы) бағып-қағу