fracture [ˈfræktʃə(r)] A.n 1.(сүйектегі, т.с.с.) сынық ¨a fracture of the leg/skull – аяқтағы сынық ¨a compound/simple fracture – ашық/жабық сынық ¨Cracks and fractures are appearing in the ancient wall. – Ежелгі қабырғада сызат пен сынықтар пайда болуда. 2.сыну (сүйектің, т.б.) ¨Old people's bones are more prone to fracture. – Кәрі адамдардың сүйегі осал келеді. ¨Research has shown that hormone replacement therapy can reduce the risk of fracture by 50 to 60 per cent. – Зерттеу гормондарды алмастыру терапиясының сүйектің сыну қаупін 50 мен 60 процентке дейін азайтатынын көрсетті. B.v 1.сын(дыр)у, жарықшақтану, сызат түсіру, жарылу ¨His leg fractured in two places. – Аяғы екі жерден сыныпты. ¨~ sth She fell and fractured her skull. – Құлап, бас сүйегін сындырып алды. ¨a fractured pipeline – сызат түскен/жарықшақтанған/жарылған құбыр 2. (formal) жіктелу, жікке бөліну, жік-жік болу, ыдырау ¨Many people predicted that the party would fracture and split. – Көптеген жұрт партияның жіктеліп, ыдырайтынын айтқан болатын. ¨~ sth (into sth) The company was fractured into several smaller groups. – Компания бірнеше шағын топқа ыдырады/бөлінді.