free [friː] A.adj (freer [ˈfriːə(r)] freest [ˈfriːɪst]) 1.еркін, ерікті, бос, азат, бостан, тәуелсіз ¨I have no ambitions other than to have a happy life and be free. – Бақытты өмір мен еркін болудан басқа көксеген арманым жоқ. ¨Students have a free choice of courses in their final year. – Студенттер соңғы курста пәндерді өз еркінше таңдайды. ¨~ to do sth You are free to come and go as you please. – Өз қалауыңмен келіп-кетіп тұрсаң болады. ¨(informal) ‘Can I use the phone?’ ‘Please, feel free.’ – «Телефонды қолдансам бола ма?» «Қолдана бер(гін)». ¨A true democracy complete with free speech and a free press was called for. –Сөз және баспасөз бостандығымен бүтінделген/толыққан нағыз демократия. ¨the country's first free election – елдегі тұңғыш еркін сайлау ¨They gave me free access to all the files. – Олар маған барлық файлдерді/істерді қарауға рұхсат берді. ¨He walked out of jail a free man. – Түрмеден босап шықты. ¨The researchers set the birds free. – Зерттеушілер құстарды босатып жіберді. 2.еркін, кедергісіз ¨Ensure there is a free flow of air around the machine. – Жабдық төңірегінде ауа еркін ағатындай болсын. 3. ~ from/of sth ада, -сыз, -сіз ¨free from difficulty/doubt/fear – қиындықтан/күмәннан/қорқыныштан ада, қиындықсыз/ шүбәсіз/қорқынышсыз ¨free from artificial colours and flavourings – жасанды түстер мен дәмдеуіштерсіз ¨It was several weeks before he was completely free of pain. – Шаншуынан арылғанша/Шаншуы қайтқанша бірнеше апта өтті. 4. -free (in adjectives) –сыз, -сіз, ада ¨virtually fat-free yogurt – майсыз дерлік қатық ¨tax-free earnings – салықтан бос/босатылған табыстар ¨a trouble-free life – қиындықсыз өмір 5. ~ (of sth) бос, бекітілмеген ¨Pull gently on the free end of the rope. – Арқанның бос/байланбаған ұшынан жайлап тарт. ¨They had to be cut free from their car after the accident. – Апаттан кейін оларды машинасын кесіп шығарып алды. ¨She finally managed to pull herself free. – Ол ақыры босап шыға алды. 6.бос ¨He held out his free hand and I took it. – Бос қолын созып оны алды. ¨Is this seat free? – Мына орын бос па? 7. ~ (for sth) (қолы) бос, қолы тиетін ¨If Sarah is free for lunch I'll take her out. –Қолы тисе, Сараны түскі асқа алып барамын. ¨Keep Friday night free for my party. – Жұма күнгі кешкі уақытыңды менің сауық-кешім үшін бос қой. ¨What do you like to do in your free time? – Бос кезіңде/Қолың боста немен айналысқанды ұнатасың? 8.тегін, ақысыз ¨Admission is free. – Кіру – тегін. ¨free samples/tickets/advice – тегін үлгілер/билеттер/кеңес ¨We're offering a fabulous free gift with each copy you buy. – Сатып алған әр данаға қоса керемет тегін сыйлық береміз. ¨You can't expect people to work for free. – Елдер тегін/ақысыз жұмыс істейді деп ойламау керек. 9. ~ with sth (often disapproving) бергіш, ұсынғыш ¨He's too free with his opinions. – Ол пікір айтқыш/айтуға құмар. 10.еркін аударма (дәлме-дәл емес, жалпы мазмұнын аудару) 11. (idm) *free and easy бейресми; (емін-)еркін ¨Life was never going to be so free and easy again. – Өмір енді ешқашан емін-еркін болмайды. *get, have, etc. a free hand істі өз алдына/өз бетінше істеуге еркі болу ¨I was given a free hand in designing the syllabus. – Оқу программасын жоспарлауға маған ерік берді. *get, take, etc. a free ride «тегін қыдыру» (яғни, тегін алу, т.с.с.) *it's a free country (informal) «бұл – еркін ел» (ешкімнің тыйым салатын жөні жоқ дег мағ) ¨It's a free country; I'll say what I like! – Бұл - азат ел; не айтсам да өзім білемін! *there's no such thing as a free lunch (informal) ешнәрсе тегін келмейді дег мағ B.v 1. ~ sb (from sth) босату, азат ету, еркіне жіберу, ерік беру (syn: release) ¨By the end of May nearly 100 of an estimated 2 000 political prisoners had been freed. – Мамырдың аяғына таман шамамен 2000 саяси тұтқынның 100-ін босатты/100-і босады. ¨The hijackers agreed to free a further ten hostages. –Шапқыншылар тағы да он кепіл тұтқынды босатуға келісті. ¨The starting point for emancipation was the freeing of children of slaves born after a certain date. – Азаттық үшін алғашқы қадам құлдардың белгілі бір уақыттан бастап туған/дүниеге келген балаларына ерік беру болды. 2. ~ sb/sth/yourself (from sth) (қамалып қалған жерінен, т.с.с.) босату, құтқару (syn: release) ¨Three people were freed from the wreckage. – Сынықтың арасынан үш адам құтқарылды. ¨She struggled to free herself. – Өзін боастып алмақ болып арпалысты. ¨A good kick finally freed the door. – Қатты тепкі ақыры есікті ашты. ¨He managed to free his arms from their bonds. – Ол қолдарын олардың бұғауынан босата алды. 3.~ sb/sth of/from sb/sth босату, арылту, құтқару (syn: rid) ¨These exercises help free the body of tension. – Жаттығулар денедегі қысымнан арылуға жәрдемдеседі. ¨The police are determined to free the town of violent crime. – Полиция кентті ауыр қылмыстан құтқаруға бел бууда. ¨The centre aims to free young people from dependency on drugs. – Орталық жастарды есірткіге тәуелділіктен құтқаруды мақсат тұтады. 4.~ sb/sth (up) арнау, босату, қамдау ¨We freed time each week for a project meeting. – Әр апта жоба бойынша жиналыс өткізу үшін уақыт бөлдік. ¨The government has promised to free up more resources for education. – Үкімет білім саласы үшін көбірек қаражат қарастыруға уәде етті. 5. ~ sb to do sth қолы босау, қолы тию ¨Winning the prize freed him to paint full-time. – Сыйлықты жеңген соң оның қолы босап, тек сурет салумен айналысатын болды. C.adv 1. (also free of charge) тегін, ақысыз ¨Children under five travel free. – Бес жасқа дейінге балалар тегін жүреді. 2.босаған, еркін ¨The wagon broke free from the train. – Вагон поездан шешіліп кетті. 3. (idm) *make free with sth (disapproving) біреудің затын қалай болса солай қолдану ¨Does she know that you're making free with her belongings? –Дүние-мүліктерін сенің емін-еркін пайдаланып жүргеніңді ол біле ме? *run free (жануар ж) босатып жіберу; бос