freelance [ˈfriːlɑːns] A.adj фриләнс, жалдамалы, сырттай (бірнеше ұйымға сырттай қызмет көрсететін, істейтін) ¨a freelance journalist – фриләнс/сырт журналист ¨freelance work – жалдамалы/сырттай жұмыс B.adv ¨(especially BrE) I work freelance from home. – Үйде отырып істеймін. ¨She went freelance last year. – Өткен жылы ол фриләнс/сырттай істей бастады. C.v бірнеше ұйымға қызмет көрсету, жұмыс істеу, сырттай істеу ¨She freelanced as a sports reporter. – Ол спорт тілшісі ретінде жалданды. ¨He freelanced for several companies. – Ол бірнеше компанияға сырттай жалданды.