freeze [friːz] A.v (froze [frəʊz], frozen [ˈfrəʊzn]) 1.(мұз болып) қату (opp: thaw) ¨Water freezes at 0°C. – Су 0°C-те қатады. ¨It's so cold that even the river has frozen. – Суық болғаны соншама, тіпті өзен де қатып қалды. ¨The clothes froze solid on the washing-line. – Киімдер жіпке жайылған күйі қатып қалыпты. ¨~ (up) The pipes have frozen, so we've got no water. – Құбыр қатып қалғандықтан суымыз жоқ. ¨~ sth (up) Ten degrees of frost had frozen the lock on the car. – Он градустық аяз машина құлпын қатырып тастапты. 2.суу, суыту ¨It may freeze tonight, so bring those plants inside. – Түнде күн суытуы мүмкін, ана гүлдерді ішке кіргіз. 3.тоңу, үсу, қату, тоңаз(ыт)у ¨~ sth The cold weather had frozen the ground. – Суық ауа-райы жерді/топырақты тоңазытып/тоңдырып тастады. ¨Every time she opens the window we all freeze. – Ол терезе ашқан сайын тоңып қаламыз. ¨Two men froze/were frozen to death on the mountain. – Екі кісі тауда үсіп өліпті. 4. ~ sth (тамақты, тсс) тоңазыту, тоңдыру, қатыру ¨Can you freeze this cake? – Мына тортты тоңазтқышқа қой(ыңыз)шы. ¨These meals are ideal for home freezing. – Мына тағамдар үйде тоңазытқанға өте жақсы. 5.тоңазу ¨Some fruits freeze better than others. – Кейбір жемістер басқаларына қарағанда жақсы тоңазиды. 6. (ауысп. мағ.) (шоши, т.б.) қатып қалу, тоқтау ¨I froze with terror as the door slowly opened. – Есік жайлап ашылғанда шошып қатып қалыппын. ¨(figurative) The smile froze on her lips. – Ернінде жымиыс табы қатып қалған. ¨The police officer shouted ‘Freeze!’ and the man dropped the gun. – Полиция офицері «Тоқта!» дегенде кісі қаруын тастады. 7. «қатып қалу» (компьютер мониторының) 8. ~ sth (фильмді белгілі бір тұста) тоқтату ¨Freeze the action there! – Осы жерде/тұста тоқтат! 9. ~ sth (айлықты, т.с.с.) өсірмеу (syn: peg) ¨Salaries have been frozen for the current year. – Биыл жалақы өспейді. 10. ~ sth (банктегі шотты, т.с.с.) «қатыру», бұғаулау ¨The company's assets have been frozen. – Компания активтері бұғауланды. 11. (idm) *freeze your blood/make your blood freeze «қаны мұздай қату», жаны түршіге шошу 12. (phr v) *freeze sb out (of sth) (informal) (біреуге) қиындықтар жасау, оқшаулау, шеттету *freeze over мұз болып қату, сіресе қату ¨The lake freezes over in winter. – Көл қыста сіресіп қатып қалады. B.n 1.(жалақыны, т.с.с.) өсірмеу, өсірмей ұстау ¨a wage/price freeze – айлықты/бағаны тоқтату 2. ~ (on sth) тоқтату ¨a freeze on imports – импортты тоқтату 3. (BrE) суық (кезең) ¨Farmers still talk about the big freeze of '99. – Фермерлер 1999 жылғы суықты әлі айтады. 4. (NAmE) суық (уақыт), үсік ¨A freeze warning was posted for Thursday night. – Бейсенбі түнде суық/үсік болады деп ескертуде.