fresh [freʃ] A.adj (~er, ~est) 1. (тамақ ж) жаңа өндірілген, піскен (тоңазтылмаған, консервіленбеген), балғын, жас (ет), тың, уылжыған, балауса ¨Is this milk fresh? – Бұл жаңа сауылған/тың сүт пе? ¨fresh bread/flowers – жаңа/енді піскен нан/енді үзілген гүл(дер) ¨Eat plenty of fresh fruit and vegetables. – Жаңа піскен/Балғын/Балауса жеміс-жидек пен көкөністі көптеп же(ңіз). ¨vegetables fresh from the garden – бақшадан енді әкелінген көкөніс ¨Our chefs use only the freshest produce available. – Аспаздарымыз бізге әкелген ең балғын/тың/балауса өнімдерді ғана пайдаланады. 2.жаңа, енді болған, басқа; таза; тың; қайта ¨fresh tracks in the snow – қардағы жаңа іздер ¨Let me write it down while it's still fresh in my mind. – Ойымда тың кезінде/Ұмытпай тұрғанда бұны жазып алайын. ¨fresh evidence – жаңа/тың айғақ ¨I think it's time we tried a fresh approach. – Ол жаңа/тың әдісті қолданып көрген кезіміз болды ғой деймін. ¨a fresh coat of paint – сырдың/бояудың жаңа жамылғысы ¨The government is said to be taking a fresh look at the matter. – Үкімет мәселеге жаңадан/мәселені қайта қарап жатыр дейді. ¨They will lose no time in holding fresh elections. – Жаңадан сайлау өткізгенге олар уақыт жоғалтпайды. ¨Fresh towels are provided every day. – Күн сайын таза орамалдар беріледі. ¨Could we order some fresh coffee? – Ыстық кофе ішсек қалай болады? ¨This is the opportunity he needs to make a fresh start. – Бұл оған жаңадан/қайта бастауға қажет мүмкіндік/сәт. 3.таза, тың, сергек, ширақ ¨a toothpaste that leaves a nice fresh taste in your mouth – ауызда жағымды ширақ дәм қалдыратын тіс пастасы ¨Let's go and get some fresh air. – Тысқа шығып сергиік/таза ауа жұтайық. ¨Her hair smelled fresh and newly washed. – Шашынан сергек иіс шығып, жаңа жуылғаны білініп тұрды. 4.тұщы, тұзсыз ¨There is a shortage of fresh water on the island. – Аралда тұщы/ауыз су жетіспейді. 5.(жел ж) қатты, ызғарлы (syn: brisk) ¨a fresh breeze – еспе/салқын самал ¨The winds are likely to get fresher towards the end of the day. – Кешке қарай жел үдей түсетін сияқты. ¨It's fresh this morning, isn't it? – Бүгін таң салқын болып тұр, ә? 6.ашық, тартымды, сергек, ширақ, жадыраңқы ¨He looked fresh and neat in a clean white shirt. – Таза ақ көйлекте ол ширақ/сергек/жадырай көрінді. ¨a collection of summer dresses in fresh colours – ширақ/жадыраңқы түсті жаздық киімдер жинағы/коллекциясы ¨Regular facials help to keep the skin looking clean and fresh. – Үнемі бетті тазалап отыру/отырған теріні таза әрі тың/балғын етіп көрсетеді. ¨The yellow paint makes the kitchen look much fresher. – Сары түс кухняны әлдеқайда ширатып/жадыратып көрсетеді. ¨a fresh complexion – жүзі сергек/ширақ жүз/жайдары жүз 7.ширақ, сергек ¨Regular exercise will help you feel fresher and fitter. – Үнемі шынығу кісіні ширақ етіп, бабын кіргізеді. ¨I managed to sleep on the plane and arrived feeling as fresh as a daisy. – Ұшақта ұйықтай алып, қонғанда ширақ түстім. 8. ~ from sth жаңа ғана келген; жаңа ғана істеген ¨students fresh from college – колледжден енді келген студенттер ¨fresh from her success at the Olympic Games – олимпия ойындарынан табысты оралған 9. ~ (with sb) (informal) менмен, алкеуде, өркөкірек; ибасыз ¨Don't get fresh with me! – Мені иықтама(ңыз)! B.adv (idm) *fresh out of sth (informal, especially NAmE) таусылып, бітіп қалған ¨Sorry, we're fresh out of milk. – Ғафу ет(іңіз), сүтіміз таусылып қалыпты.