fringe [frɪndʒ] A.n 1. (BrE) (NAmE bangs) кекіл (шаштың) 2.шашақ 3.жолақ, алап (ағаш өскен, үйлер орналасқан, т.с.с.) ¨a fringe of woodland – тоғайлы алап ¨Along the coast, an industrial fringe had already developed. – Жаға бойында өнеркәсіпті алап бой көтеріпті. 4. (BrE) шет(кі) жақ, тыс(қары) жақ ¨on the northern fringe of the city – қаланың солтүстік шетінде ¨the urban/rural fringe – қаланың/ауылдың шеті ¨the fringes of society – қоғамның тысқары қабаты ¨Nina remained on the fringe of the crowd. – Нина топтың шетінде қала берді. 5.(usually the ~) бірнәрсенің аясында/шеңберінде болған нәрсе ¨Street musicians have been gathering as part of the festival fringe. – Көше музыканттары фестиваль аясында жиналып жатты. ¨fringe meetings at the party conference – партия конференциясы аясындағы кездесулер B.v ~ sth жиекте(л)у, шегі болу; жапсарласу, шектесу ¨The beach was fringed by coconut palms. – Пляжды/Жағажайды жиектей пальмалар өскен.