from [frəm; strong form frɒm] prep 1.-нан, -нен, -дан, -ден, -тан, -тен ¨She began to walk away from him. – Одан бұрылып жүре бастады. ¨Has the train from Bristol arrived? – Бристолдан поезд келді ме? ¨We're open from 8 to 7 every day. – Әр күн сағат таңғы 8-ден кешкі 7-ге дейін ашықпыз. ¨He was blind from birth. – Туғанынан/Тумысынан соқыр еді. ¨a letter from my brother – бауырымнан келген хат/бауырымның хаты ¨information from witnesses – куәлерден алынған дерек ¨the man from the insurance company – сақтандыру компаниясының адамы ¨I'm from Italy. – Италияданмын. ¨documents from the sixteenth century – он алтыншы ғасырдағы құжат ¨quotations from Shakespeare – Шекспирден цитаталар ¨heat from the sun – күн(нің) ыстығы ¨Steel is made from iron. – Болат темірден құйылады. ¨100 metres from the scene of the accident – оқиға орнынан 100 метр жерде ¨You can see the island from here. – Аралды бұннан/осыннан көре аласың. ¨From a financial point of view the project was a disaster. – Қаржы жағынан алғанда жобаның масқарасы шықты. ¨The temperature varies from 30 degrees to minus 20. – Температура 30 градус ыстықтан 20 градус суық арасында сырғып/құбылып отырады. ¨The store sells everything from shoelaces to computers. – Дүкен аяқ киім бауынан бастап компьютерге дейін барлық затты сатады. ¨Conditions vary from school to school. – Жағдай мектептен мектепке өзгеріп отырады. ¨Things have gone from bad to worse. – Жағдай мүлде асқынып/ушығып кетті. ¨translating from English to Spanish – ағылшыннан испаншаға аудару ¨You need a break from routine. – Күйкі тірліктен/Күйбеңнен аздап демалуың керек. ¨The party was ousted from power after eighteen years. – Он сегіз жылдан соң партияны биліктен тайдырды. ¨She saved him from drowning. – Ол оны батудан құтқарды. ¨She felt sick from tiredness. – Шаршағандықтан әлі құрыды. ¨You can tell a lot about a person from their handwriting. – Кісінің жазуына қарап ол жайлы көптеген нәрсе білуге болады. ¨From what I heard the company's in deep trouble. – Естуімше, компания оңбай ұрынған секілді. ¨Is Portuguese very different from Spanish? – Португал тілі испаншадан әжептәуір өзгеше ме? 2. (idm) *from… on бұдан былай, осыдан бастап, енді, әрі қарай ¨From now on you can work on your own. – Бұдан былай өз бетіңше істей берсең болады. ¨She never spoke to him again from that day on. – Сол күннен бастап ол оған жақ ашпады.