front [frʌnt] A.n 1. (usually the ~) алды, алдыңғы жақ ¨The front of the building was covered with ivy. – Ғимарат алдын шырмауық жапқан. ¨The book has a picture of Rome on the front. – Кітап мұқабасында Римнің суреті бар. ¨The front of the car was badly damaged. – Машина алды оңбай бүлініпті. ¨Keep your eyes to the front and walk straight ahead. – Көзіңді алға салып тура/тіке жүр. ¨There's a garden at the front of the house. – Үй алдында бақша бар. ¨I prefer to travel in the front of the car. – Машина алдында отырып кезгенді ұнатамын. ¨The teacher made me move my seat to the front of the classroom. – Мұғалім орнымды класс бөлмесінің алдыңғы жағына жылжытқызды. ¨Write your name in the front of the book. – Кітаптің алдыңғы жағына/беттеріне атың(ыз)ды жаз(ыңыз). 2.кеуде, алдыңғы жақ ¨She was lying on her front. – Етпетінен/Кеудесімен жатыр/жатқан еді. ¨I spilled coffee down my front. – Алдыма/Кеудеме кофе төгіп алдым. 3. the west, north, south, east, etc. ~ жақ, бет ¨the west front of the cathedral – кафедралды собордың батыс жағы/беті 4. (BrE) жаға, бой ¨Couples walked hand in hand along the front. – Жұптар/Қосақтар бойлай жүріп жатты. 5.майдан (соғыс болып жатқан жер), соғыс, фронт ¨More British troops have been sent to the front. – Майданға тағы да британ әскерлері жөнелтілді. ¨to serve at the front – майданда қызмет ету ¨fighting a war on two fronts – екі майданда/бағытта соғыс жүргізу ¨Reports from the battle fronts became briefer and vaguer. – Ұрыс майдандарынан хабарлар қысқа әрі бұлдыр бола түсті. 6.сала, бағыт, майдан ¨Things are looking unsettled on the economic front. – Экономика саласындағы ахуал орнықсыздау көрінеді. ¨Progress has been made on all fronts. – Барлық салада/бағытта ілгерілеу/прогресс болды. 7.бергі жақ; еңсе; ұстаным; шеп ¨Rudeness is just a front for her shyness. – Әшейін бергі жағынан ожар көрінгенімен, ол – ұяң. ¨to put on a brave front – еңсе көтеру, батыл қимылдау ¨The prime minister stressed the need to present a united front. – Премьер-министр үкімет мүшелерінің бір ауызды екенін көрсету/бір шептен көріну қажеттігін баса айтты. 8. ~ (for sth) бетперде, қалқа ¨The travel company is just a front for drug trafficking. – Саяхат компаниясы есірткі тасымалы үшін әшейін бетперде. 9. F~ майдан (саяси қозғалыс, ұйым) ¨the Animal Liberation Front – Аңдарды/Жануарларды азат ету майданы 10.(ауа-райы ж.) ағын, ағыс, шеп (ауаның) ¨a cold/warm front – суық/жылы ағыс/ауа ағыны 11. (idm) *front and center (NAmE) маңызды бөлігінде не бөлігіне қарай ¨The issue has moved front and center in his presidential campaign. – Оның президенттік науқанында бұл мәселе маңызды орынға шықты. *in front adv алды(н)да, алдыңғы жақта ¨Their house is the one with the big garden in front. – Үйлері - үлкен бағы бар, алғы/бергі жақта орналасқан. ¨The blue team is currently in front with a lead of six points. – Көк команда қазіргі кезде алты ұпай озып алда келеді. *in front of prep алды(н)да, алдыңғы жақта ¨The car in front of me stopped suddenly and I had to brake. – Алды(м)дағы машина кілт тоқтап тежегішті басуыма тура келді. ¨The bus stops right in front of our house. – Автобус үйдің дәл алдына тоқтайды. ¨He was standing in front of me in the line. – Ол кезекте алдымда тұрған болатын. ¨She spends all day sitting in front of her computer. – Күні бойы компьютерінің алдында отырады. ¨She is now entitled to put ‘Professor’ in front of her name. – Ол енді атының/есімінің алдына «профессор» деп жазуға хақылы. ¨Please don't talk about it in front of the children. – Бұл жайында балалардың алдында айтпай-ақ қойыңызшы. ¨Don't give up. You still have your whole life in front of you. – Қамықпа, бүткіл өмірің алдыңда. *out front a) көрермендер, келушілер отыратын тұс, зал ¨There's only a small audience out front tonight. – Бүгін жұрт аз жиналыпты. ¨He cooked while she sat out front and waited tables. – Еркек/Жігіт тамақ пісірді, ал әйел/қыз келушілерді күтті. b) (also BrE informal out the front) кіре берісте, босағада ¨I'll wait for you out (the) front. – Сені кіре берісте күтемін. *up front (informal) a) алдын ала төлеу, аванс төлеу ¨We'll pay you half up front and the other half when you've finished the job. – Жартысын саған алдын ала, жартысын жұмысты бітіргеніңнен соң төлейміз. b) (спортта) алдыңғы жақта ¨to play up front – алдыңғы жақта ойнау B.adj 1.алғы, алдыңғы (жақтағы) ¨front teeth – күрек тістер ¨the front wheels of the car – машинаның алдыңғы дөңгелектері ¨We had seats in the front row. – Алдыңғы қатарда орындарымыз болды. ¨an animal's front legs – жануардың алдыңғы аяқтары ¨Let's go through to the front room. – Ауызғы үйге (яғни, үйдің алдыңғы жағындағы залға) баралық. ¨a front-seat passenger – алдыңғы орындағы жолаушы 2. (phonetics) (дауысты дыбыс жөнінде) тілдің ұшын көтере дыбыстайтын (м.: «English» сөзіндегі /i/ дыбысы) 3. (idm) *on the front burner (informal, especially NAmE) өзекті, маңызды ¨Anything that keeps education on the front burner is good. – Білім беру саласын өзекті ететін кез-келген нәрсе жақсы. C.v 1.(бетімен) қарау, бағытталу; алды көрініп тұру ¨~ sth The cathedral fronts the city's main square. – Кафедралды собор каланың бас алаңына қарап тұр. ¨~ onto sth The line of houses fronted straight onto the road. – Үйлер тізбегі жолға тура қарап тұрды. 2.~ sth алды бірнәрседен жасалу ¨a glass-fronted bookcase – алды әйнек кітап сөресі 3. ~ sth бастау, жетекшісі не өкілі болу ¨He fronts a multinational company. – Ол трансұлттық компанияның жетекшісі. ¨A former art student fronted the band. – Бұрынғы өнер студенті ансамбльді бастады/ансамбльге жетекші болды. 4. ~ sth (especially BrE) хабар жүргізу ¨The former footballer will front a new television sports quiz. – Бұрынғы футболшы телеарнаның спорт бөлімін жүргізетін болады. 5. ~ sth (linguistics) сөйлемнің бір бөлігіне логикалық екпін түсіру (м.: ‘That I would like to see.’) 6. (phr v) *front for sb/sth жеңгетайлық ету, делдал болу ¨He fronted for them in several illegal property deals. –Бірнеше заңсыз жылжымайтын мүлік ісінде ол оларға жеңгетайлық етті.