froth [frɒθ] A.n 1.көпіршік, көбік (syn: foam) ¨a glass of beer with thick froth on top – қалың көбік бетін жапқан бір кружка сыра ¨The horse's bit was covered with white froth. – Аттың ауыздығын ақ көбік жауыпты/басыпты. ¨(ауысп. мағ.) a froth of black lace – қара баулар түйдегі 2.көпірме (қияли, бос идея, т.с.с.), алдамшы, лепірме B.v 1. ~ (sth) көпіру, көпіршіктену, көбіктену ¨a cup of frothing coffee – көпіршіктеніп тұрған бір тостақ кофе ¨The water gushed and frothed. – Су атқылап, көпірді. 2.аузынан көбігі, сілекейі ағу ¨The dog was frothing at the mouth. – Иттің аузы көбіктеніп тұрды. ¨(figurative) He frothed at the mouth when I asked for more money. – Тағы ақша сұрағанымда оның ашудан аузы көпірді.