fuel [ˈfjuːəl] A.n отын, жанармай ¨solid fuel – қатты отын (ағаш, көмір, т.с.с.) ¨nuclear fuels – ядролық отын ¨a car with high fuel consumption – отынды/жанармайды көп жейтін машина/көлік ¨Domestic fuel bills are set to rise again in the autumn. – Үйде отын пайдалану құны күзде тағы өспекші. ¨(ауысп. мағ.) The new information adds fuel to the debate over safety procedures. – Жаңа дерек сақтық ережелеріне қатысты айтысқа май құяды. ¨ (ауысп. мағ.) The revelations gave new fuel to angry opponents of the proposed law. – Жаңа деректер ұсынылған заңға өршелене қарсыласатындарға тың дем берді. ¨(ауысп. мағ.) His remarks simply added fuel to the fire/flames of her rage. – Оның (еркектің) сөздері оның (әйелдің) ашуын өршелендіріп жіберді. B.v (-ll-, US -l-) 1. ~ sth to (отын ретінде) жағу ¨Uranium is used to fuel nuclear plants. – Уран атом станцияларын істету үшін пайдаланылады. ¨oil-fuelled power stations – жанармай жағатын электр станциялары 2. ~ (sth) (up) жанармай құю ¨The helicopter was already fuelled (up) and ready to go. – Вертолетке май құйған, енді ұшуға дайын. 3. ~ sth қаулату, қоздыру, үдету (syn: stoke) ¨to fuel speculation/rumours/fears – алыпқашпа сөздерді/өсекті/үрейді қаулату ¨Higher salaries helped to fuel inflation. – Жоғары жалақы инфляцияны күшейтті.