full [fʊl] A.adj (~er, ~est) 1. ~ (of sth) толық, толы, толған ¨a full bottle of wine – шарапқа толы шиша ¨She could only nod, because her mouth was full. – Аузы толы болғандықтан басын изей ғана алды. ¨My suitcase was full of books. – Чемоданыма кітаптар лықа толған еді. ¨There were cardboard boxes stuffed full of clothes. – Киім лықа толған картон жәшіктер болды. ¨(BrE) Sorry, the hotel is full up tonight. – Ғафу өтінемін, қонақ үй бүгін толып кетті. ¨The sky was full of brightly coloured fireworks. – Аспан ашық түсті отшашуларға толып кетті. ¨Life is full of coincidences. – Өмір - кездейсоқтықтарға толы. ¨Our new brochure is crammed full of inspirational ideas. – Жаңа брошюрамыз шабыттандыратын идеяларға лықа толған. ¨animals pumped full of antibiotics – антибиотктен көз ашпаған жануарлар ¨She was full of admiration for the care she had received. – Өзі көрген қамқорлыққа риза болған оның бойын сүйіспеншілік кернеді. ¨He smiled, his eyes full of laughter. – Жымиды, көздеріне күлкі үйірілген. 2. ~ of sth (кісі ж) бірнәрседен бас алмаған, есіл-дерті бірнәрсе болған ¨He was full of his new job and everything he'd been doing. – Ол жаңа жұмысы мен істеген ісінен бас алмады. 3. (BrE also full up) тойған, тоқ ¨No more for me, thanks - I'm full up. – Маған жетеді – тойып кеттім. ¨The kids still weren't full, so I gave them an ice cream each. – Сәбилер тоймапты, сөйтіп әрқайсысына/әрбіреуіне балмұздақ бердім. ¨You can't run on a full stomach. – Тойып алып жүгірген болмайды. 4.толық, бәрін қамтыған ¨Full details are available on request. – Толық мәлімет өтініш бойынша беріледі. ¨I still don't think we've heard the full story. – Біз толық әңгімені/не қойып, не болғанын естідік деп ойламаймын. ¨a full English breakfast – толық/мол ағылшын таңғы асы ¨A full refund will be given if the item is faulty. – Өнімнің/Заттың ақауы болса ғана ақшасы толық қайтарылады. ¨Fill in your full name and address. – Аты-жөніңіз бен адресіңізді толық жазыңыз. ¨The country applied for full membership of the European Union. – Ел Европа Одағаында толық мүше болуға өтініш жасады. ¨It is too early to assess the full extent of the damage. – Зиянның қаншалықты екенін бағалау әлі тым ерте. ¨They sell a full range of hair and beauty products. – Олар шаш пен сәнге арналған өнімдердің барлық түрін сатады. 5.толық, барынша, аямай (syn: maximum) ¨Many people don't use their computers to their full potential. – Көптеген кісілер өз компьютерлерін барынша/толық пайдаланбайды. ¨measures to achieve full employment – толық жұмыстылықты/жұмыспен қамтуды көздеген шаралар ¨Students should take full advantage of the university's facilities. – Студенттер университет жайларын/керек-жарақтарын өз пайдаларына толық пайдаланулары керек. ¨at full speed – бар жылдамдықпен 6.жұмысбасты, қолы босамаған ¨He'd had a very full life. – Ол өмір бойы қимылдап жүрді. ¨Her life was too full to find time for hobbies. – Ол бас алмай жұмыс істеді, қызыққа уақты болмады. 7.нақ, дәл, тура, дәп ¨She is a full four cm shorter than her sister. – Әпкесінен/Сіңлісінен тура/дәл төрт см қысқа/аласа. 8.толған, толық ¨The moon was full, the sky clear. – Ай толық, аспан ашық еді. 9.толық, семіз ¨He kissed her full sensual lips. – Ол оның толық та елітетін ернін сүйді. ¨They specialize in clothes for women with a fuller figure. – Олар толықтау әйелдерге киім тігумен айналысады. 10.мол тігілген, кең-молынан, етжеңді ¨a full skirt – етжеңді юбка 11.терең, бай, қатты (ырғақ, дәм, т.с.с.) ¨He draws a unique full sound from the instrument. – Ол аспаптан ерекше бай/терең үн шығарады. ¨the full fruity flavour of the wine – шараптың жеміс татыған бай дәмі 12. (idm) *full of it (informal, disapproving, especially NAmE) (кісі ж) қосып айтатын; дардитқыш ¨‘You are so full of it!’ she retorted furiously. – «Көпіртіп жібердің ғой», деп бұрқ етті ол. *full of yourself (disapproving) маңғаз; менмен, өркекірек, алкеуде *in full толық, бәрін қамти ¨The address must be printed in full. – Адрес толық жазылуы керек. *to the full (NAmE usually to the fullest) барынша, шама келгенше, толыққанды ¨I've always believed in living life to the full. – Өмірді шама жеткенше/барынша сүру керек деп ылғи да сенемін. B.adv ~ in/on sth тура, бадырая ¨She looked him full in the face. – Ол оның бетіне бадырая қарады.