fun

fun [fʌn] A.n 1.қызық, тамаша, рахат ¨We had a lot of fun at Sarah's party. – Сараның кеші сондай қызық болды./Сараның сауығында рахатқа баттық. ¨Sailing is good fun. – Желкенмен жүзу – қызық нәрсе. ¨Have fun! – Рахаттан! ¨I decided to learn Spanish, just for fun. – Испан тілін әшейін қызық/ермек үшін үйренгім келді. ¨I didn't do all that work just for the fun of it. – Андағы жұмыстың бәрін ермек үшін істегенім жоқ. ¨It's not much fun going to a party on your own. – Сауыққа жалғыз барудан алатын қызық шамалы. ¨‘What fun!’ she said with a laugh. – «Сондай қызық екен!», деді ол күле. ¨Walking three miles in the pouring rain is not my idea of fun. – Құйып тұрған жаңбырда үш миль жүру менің еріккендегі ойым емес. ¨The whole family can join in the fun at Water World. – «Су әлеміндегі» қызыққа бүткіл жанұя келе алады. ¨‘What do you say to a weekend in New York?’ ‘Sounds like fun.’ – «Нью-Йоркте апта соңын өткізуге қалай қарайсың?» «Қызық болар». 2.қызық, мазақ(тау), қалжың, көңіл көтеру(шілік), ермек ¨She's very lively and full of fun. – Ол - адуынды/өміршең әрі ойнап-күліп жүреді. ¨We didn't mean to hurt him. It was just a bit of fun. – Оны шамына тиейін деген біз емес едік. Әшейін ойнағанымыз/мазақтағанымыз ғой. ¨It wasn't serious - it was all done in fun. – Бұл шын емес етін – бәрі де қызық/мазақ үшін істелген ғой. 3. (idm) *fun and games (informal) қылжақ, шолжаң(дық), шошақайлық, мазақ(тау) *make fun of sb/sth мазақтау, күлкі ету, әжуалау, біреуге/бірн-ге күлу ¨It's cruel to make fun of people who stammer. – Кекеш адамдарды мазақтау – қатыгездік. B.adj қызық, көңіл көтерерлік ¨She's really fun to be with. – Онымен болған сондай қызық. ¨This game looks fun! – Мына ойын қызық сияқты (екен)! ¨There are lots of fun things for young people to do here. – Мұнда жастарға қызық(ты нәрселер) көп.