funny [ˈfʌni] adj (funnier, funniest) 1.қызық, күлкілі ¨a funny story – қызық оқиға/әңгіме ¨That's the funniest thing I've ever heard. – Бұл мен естіген ең қызық нәрсе. ¨It's not funny! Someone could have been hurt. – Мәз болатын ештеңе жоқ!/Бұған күлме(ңдер)! Қайта құдайдың қаққаны ғой. ¨I was really embarrassed, but then I saw the funny side of it. – Шынымен де қысылғанмын, бірақ сосын бұның күлкілі жағын аңғардым. ¨(ironic) Oh very funny! You expect me to believe that? – Паһ, қызық екен ғой! Осыған мені сенеді деп тұрсың ба? ¨‘What's so funny?’ she demanded. – «Бұның несі қызық/күлкілі?», деп қадалды ол. 2.қызық, оғаш, біртүрлі (syn: strange, peculiar) ¨A funny thing happened to me today. – Бүгін бір қызық жағдайға кезіктім. ¨It's funny how things never happen the way you expect them to. – Не болса да ешқашан ойлағаныңдай болмайтыны – қызық. ¨That's funny - he was here a moment ago and now he's gone. – Қызық – бір сәт бұрын осында еді, енді кетіп қалды. ¨The funny thing is it never happened again after that. – Бір қызығы, одан кейін ол (жайт) ешқашан қайталанбады. ¨The engine's making a very funny noise. – Мотордан бір қызық/біртүрлі дыбыс шығуда. ¨I'm pleased I didn't get that job, in a funny sort of way. – Бір қызық болып, ол жұмысқа тұрмағаныма көңілім жұбанады. 3. (informal) біртүрлі, күдікті, қызық ¨I suspect there may be something funny going on. – Онда бір қызық/шикілік болып жатыр ғой деймін. ¨If there has been any funny business, we'll soon find out. – Бір шикілік/қызық болған болса, жуырда білетін боламыз. 4. (BrE) жөнсіз, орынсыз (әзіл, тсс) (syn: cheeky) ¨Don't you get funny with me! – Менімен әзілдеспей-ақ қойғын! 5. (informal) дімкәстану, нашар сезіну ¨I feel a bit funny today - I don't think I'll go to work. – Бүгін дімкәстанып тұрғанымшы – жұмысқа бармаспын. 6. (BrE, informal) қызық, оғаш, біртүрлі (кісі) (syn: strange, peculiar) ¨That Dave's a funny chap, isn't he? – Ана Дэйв дегенің бір қызық жігіт екен, ә? ¨She went a bit funny after her husband died. – Күйеуі қайтыс болғаннан кейін біртүрлі болып қалды ғой. 7. (informal) қызық, дұрыс емес ¨My computer keeps going funny. – Компьютерім құбылып тұратынды шығарып алды. 8. (idm) *funny ha-ha (informal) қызық («әпенді» мағынасында) *funny peculiar (BrE) (US funny weird/strange) (informal) қызық («біртүрлі, оғаш» мағынасында)