fuss [fʌs] A.n 1.әбігер(лік), қарбалас, асып-сасу, әбігершілік, асығып-үсігу, абыр-дабыр, абыр-сабыр, дебдірес, тыпыршу, шыжбыңдау ¨He does what he's told without any fuss. – Айтқан нәрсені ол ешбір асып-саспай тындырады. ¨All that fuss over a few pounds! – Бірнеше фунтқа бола қарбаласу. ¨It's a very ordinary movie - I don't know what all the fuss is about. – Бұл – өте қарапайым/жай фильм – жұрттың неге дабырлап (мақтап) жүргенін ұқпаймын. ¨It was all a fuss about nothing. – Жоқ нәрсеге абыр-дабыр болды. ¨We'd like a quiet wedding without any fuss. – Үйлену тойының тыныш, ешбір абыр-дабырсыз өткенін қалаймыз. 2. шыж-быж болу, шыжбыңдау, дабыра, даңғаза, тыпыршу ¨I don't want to make a fuss, but this soup is cold. – Дабыра етейін деп тұрғамын жоқ, бірақ мына сорпа салқын екен. 3. (idm) *make a fuss of/over sb жаны қалмау, тыпыршу, дабыра ету, әбігер болу ¨They made a great fuss of the baby. – Сәбиі десе олардың жаны қалмайды. ¨The dog loves being made a fuss of. – Итке өзіне көңіл бөлген жағады. B.v 1.әбігерлену, қарбаласқа түсу, асып-сасу, асығып-үсігу, тыпыршу ¨~ (around) Stop fussing around and find something useful to do! – Тыпыршымай, пайдалы бір іс тындырсаңшы! ¨While the others fussed and worried and dashed around, Mary sat quietly reading. – Басқалары алып-ұшып, қобалжып, тыпыршығанда, Мәри тып-тыныш қана оқып отырды. ¨~ (with/over sth) Don't fuss with your hair! – Шашыңды жайына қалдырсаңшы! 2.~ (about sth) шыж-быж болу, шыжбыңдау, әбігерлену, тыпыршу ¨Don't fuss, Mum, everything is all right. – Мама, тыпыршымашы/әбігерленбеші, бәрі де дұрыс. ¨Paula's always fussing about her figure. – Пола қашан да фигурасына бола тыпыршиды. 3. (idm) *not be fussed (about sb/sth) (BrE, informal) бас қатырмау, әбігерленбеу (syn: not be bothered) ¨It'd be good to be there, but I'm not that fussed. – Ол жерде болса болар еді, дегенмен оған елеңдеп/оны соншама ойлап тұрғамын жоқ. 4. (phr v) *fuss over sb жаны қалмау, тыпыршу ¨They love to fuss over their grandchildren. – Немерелері десе жаны қалмайды.