future [ˈfjuːtʃə(r)] A.n 1. the ∼ болашақ, келешек, алдағы уақыт, келер шақ/заман ¨We need to plan for the future. – Болашаққа/Келешекке жоспарлауымыз керек. ¨What will the cities of the future look like? – Келешекте қалалар қалай болады екен? ¨The movie is set in the future. – Кино/Фильм болашақтағы көрініске негізделген/-та өрбиді. ¨The exchange rate is likely to fall in the near future. – Жақын арада айырбас курсы/бағамы түсетін сияқты. ¨What does the future hold? – Болашақта/Бұдан былай не болар екен? 2. болашақ, келешек, алдағы уақыт ¨Her future is uncertain. – Оның не болатыны/болашағы айқын емес. ¨This deal could safeguard the futures of the 2 000 employees. – Бұл контракт/байлам 2000 жұмыскердің болашағын қамдайды/адамның жұмысын сақтайды. ¨Recent events throw doubt on the president's political future. – Жуырдағы оқиғалар президенттің саяси болашағына көлеңке түсіреді. ¨She has a great future ahead of her. – Оның болашағы жарқын/Ол болашақта бір жерден шығады. ¨I can't see any future in this relationship. – Бұл қатынаста мән де, мағына да қалмаған сияқты. 3. ~s (finance) фьючерс (товар я акция құнын алдын-ала келісіп, кейін сатып алу) ¨oil futures – мұнай фьючерсі ¨the futures market – фьючерс базары/рыногы 4. the ∼ (grammar) (also the ∼ tense) келер шақ 5. (idm) *in future (BrE) (NAmE in the future) бұдан былай, енді, алдағы уақытта, болашақта ¨Please be more careful in future. – Бұдан былай байқаңқыра. ¨In future, make sure the door is never left unlocked. – Бұдан былай/Енді есік ашық қалмады ма, тексер. B.adj болашақ(тағы), келешек(тегі), алдағы уақты(тағы) ¨future generations – келер/болашақ ұрпақтар ¨at a future date – алдағы уақытта ¨future developments in computer software – компьютер программаларының болашақ беталысы ¨He met his future wife at law school. – Болашақ әйелін/жарын заң мектебінде кездестірген.