gain [ɡeɪn] A.v 1.қол жеткізу, (дегеніне) жету, алу ¨~ sth to gain entrance/entry/access to sth – бірнәрсеге кіруге рұхсат алу/қол жеткізе алу ¨The country gained its independence ten years ago. – Ел он жыл бұрын өз тәуелсіздігін алды. ¨The party gained over 50% of the vote. – Партия дауыстың 50%-тен көбін алды. ¨I gained an insight into the work of a journalist. – Журналист кәсібінің не екенін көріп-білдім. ¨He has gained a reputation for unpredictable behaviour. –Аумалы-төкпелі мінезіне бола аты шықты. ¨~ sb sth Her unusual talent gained her worldwide recognition. – Ерекше дарынының арқасында дүние жүзіне танымал болды. 2.пайда көру, қол жеткізу ¨~ sth (by/from sth) There is nothing to be gained from delaying the decision. – Бұл шешімді кешіктіргеннен келер пайда жоқ. ¨~ (by/from sth) Who stands to gain from this decision? – Бұл шешім кім үшін пайдалы? 3. ~ sth алу, жию, қордалау (opp: lose) ¨to gain confidence/strength/experience – өз-өзіне мығым (сенімді) бола түсу/күш /тәжірибе жинау ¨I've gained weight recently. – Жақында біраз салмақ қостым. 4. ~ (sth) (сағат ж) жылдам жүру (opp: lose) ¨My watch gains two minutes every 24 hours. – Сағатым тәулігіне екі минутқа озып отырады. 5.құны өсу ¨~ sth The shares gained 14p to 262p. – Акциялар 14 пенске өсіп, 262 пенс болды. ¨~ against sth The euro gained against the dollar again today. – Евро долларға шаққанда бүгін тағы өсті. 6. ~ sth (formal) жету ¨At last she gained the shelter of the forest. – Ақыры ол орманның ығына жетті. 7. (idm) *gain ground нығая түсу, табыстырақ бола түсу ¨Sterling continues to gain ground against the dollar. – Стерлиң долларға шаққанда нығая түсуде. *gain time уақыт алу, күте тұру 8.(phr v) *gain in sth ұлғая, көбейе түсу ¨to gain in confidence – өзіне сенімді/мығым бола түсу ¨His books have gained in popularity in recent years. – Соңғы жылдары оның кітабы жұртқа көбірек жаға бастады. *gain on sb/sth жақындай түсу ¨She looked back and saw that the car was still gaining on her. – Артына қарағанда машинаның өзіне әлі де жақындай түскенін көрді. B.n 1.өсім, ұлғаю ¨a £3 000 gain from our investment – инвестицияларымыздан £3 000 пайда ¨Regular exercise helps prevent weight gain. – Ұдайы жаттығу салмақтың өсуін болғызбайды/болдырмайды. ¨The party had a net gain of nine seats on the local council. – Партия жергілікті кеңесте тағы да тоғыз орын жеңіп алды. 2.пайда, өсім (opp: loss) ¨efficiency gains – тиімділіктің өсуі ¨These policies have resulted in great gains in public health. – Бұл саясат қоғам денсаулығының жақсаруына ықпал етті. ¨Our loss is their gain. – Ұтылысымыз – (олардың) ұтысы. 3. (often disapproving) пайда ¨He only seems to be interested in personal gain. – Ол тек өз пайдасын ғана көксейтін сияқты. ¨They sold the company purely for short-term gain. – Олар қысқа мерзімдік пайда үшін ғана компанияны сатты.