gallop [ˈɡæləp] A.v 1.шабу, шоқырақтау ¨The terrified horse galloped off. – Шошынған ат шаба жөнелді. ¨The ponies galloped along the sand. – Понилер құммен шауып отырды. 2.атпен шабу ¨Jo galloped across the field towards him. – Джо оған қарай алқапты кесе шауып келді. ¨~ sth He galloped his horse home. – Ол аттың басын үйіне жіберді. 3. (informal) (кісі ж) қатты жүгіру, зыту (syn: charge) ¨She came galloping down the street. – Ол көшемен жүгіріп келді. B.n 1.шабыс, шабу, шоқырақтау (шабыс түрлері: майшоқырақ, жай шабыс, ағынды шабыс) ¨He rode off at a gallop. – Ол шауып кетті. ¨My horse suddenly broke into a gallop. – Атым кенет шаба жөнелді. 2.атпен шабу ¨to go for a gallop – атпен шабу ¨(ауысп. мағ.) She always lives life at a gallop. – Ол ылғи да шауып/жүгіріп жүреді.