generalize [ˈdʒenrəlaɪz] v (BrE also -ise) 1. ~ (from sth) жалпылау, жинақтау, қорыту, түйіндеу ¨It would be foolish to generalize from a single example. – Бір мысалға бола қорытынды шығару ақылға сыймас еді. 2. ~ (about sth), ~ sth (to sth) жалпылау, жалпы пікір білдіру, ой түю, қорытындылау ¨It is dangerous to generalize about the poor. – Кедейлер жөнінде жалпылама ой білдіру – қауіпті. ¨These conclusions cannot be generalized to the whole country. – Бұл қорытындыларды бүткіл елге қатысты айтуға болмайды. ¨We are now in a position to generalize the lessons we have learnt. – Біз енді оқыған сабақтарымызды қорытындылайтын тұсқа жеттік.