generation [ˌdʒenəˈreɪʃn] n 1.ұрпақ, буын, нәсіл, үрім-бұтақ ¨the younger/older generation – аға/жас буын ¨My generation have grown up without the experience of a world war. – Біздің буын/Біз қатарлылар дүниежүзілік соғыстың не екенін білмей өсті. ¨I often wonder what future generations will make of our efforts. – Біз тындырған істерге келер ұрпақ қалай қарады екен деп жиі ойлаймын. ¨stories passed down from generation to generation – ұрпақтан ұрпаққа бұл әңгімелер жетіп/беріліп/өтіп отырған ¨a first-/second-generation American – бірінші/екінші буындағы американ/америкалық ¨She has inspired a whole generation of fashion school graduates. – Ол сән мектебін бітірген бүткіл бір буынды шабыттандырған/жігерлендірген. ¨fifth-generation computing – компьютердің бесінші буыны ¨a new generation of vehicle – көліктің жаңа буыны 2.ұрпақ, буын (шамамен 30 жыл) ¨a generation ago – бір буын/ұрпақ бұрын ¨My family have lived in this house for generations. – Ата-бабаларымыздан бастап осы үйде тұрып келеміз. 3. өндіру, шығару; жасау, істеу ¨the generation of electricity – электр өндіру ¨methods of income generation – табыс табу әдістері