gesture [ˈdʒestʃə(r)] A.n 1. ым (қол сермеу, қол бұлғау, бас изеу, т.с.с.), меңзес ¨He made a rude gesture at the driver of the other car. – Ол басқа машинаның жүргізушісіне дөрекі/анайы ымдады/меңзеді. ¨She finished what she had to say with a gesture of despair. – Ол айтар сөзін жанұшыра ыммен білдіре бітірді. ¨They communicated entirely by gesture. – Олар толығымен ыммен тілдесті. 2.ізгі ниет, ишара, белгі, меңзес, қабақ ¨They sent some flowers as a gesture of sympathy to the parents of the child. – Олар баланың ата-анасына жақын тарта/оң қабақ таныта/ізгі ниет ретінде гүл жіберді. ¨It was a nice gesture to invite his wife too. – Әйелін де қоса шақырғаны оң қабақ танытқаны/жақсы ишара/ізгі ниет еді. ¨We do not accept responsibility but we will refund the money as a gesture of goodwill. – Жауапкершілікті өзімізге жүктемейміз, алайда ізгі ниет/оң пейіл ретінде ақшаңызды қайтарамыз. ¨His speech was at least a gesture towards improving relations between the two countries. – Оның сөзі ең дегенде екі ел арасындағы оңалып келе жатқан қатынастарға деген оң қабақ таныту еді. ¨The government has made a gesture towards public opinion. – Үкімет қоғам пікірін ескере илікті. B.v ымдау (қол сермеу, қол бұлғау, бас изеу, т.с.с.), меңзеу, ишара ету ¨‘I see you read a lot,’ he said, gesturing at the wall of books. – «Көп оқығанға ұқсайсың», деді ол кітаптан құралған қабырғаға меңзей. ¨~ to sb (to do sth) He gestured to the guards and they withdrew. – Ол күзетшілерге ишара еткенде олар кетті. ¨~ for sb to do sth She gestured for them to come in. – Оларға ішке еніңдер деп ымдады. ¨~ (to sb) (that)… He gestured (to me) that it was time to go. – Ол қайтатын уақыт екенін маған ымдады. ¨They gestured that I should follow. – Олар маған ер(іңіз) деп ымдады.