get [ɡet] v (getting, got, got [ɡɒt) (in spoken NAmE the past participle gotten [ˈɡɒtn; ˈɡɑːtn] is almost always used) 1. ~ sth алу ¨I got a letter from Dave this morning. – Бүгін таңертеңгісін/ертемен Дейвдан хат алдым. ¨What did you get for your birthday? – Туған күніңе не (сыйлықтар) алдың? ¨He gets about $40 000 a year. – Жылына шамамен $40 000 табады. ¨This room gets very little sunshine. – Бөлмесіне күн жарығы өте аз түседі. ¨I got a shock when I saw the bill. – Счетты көргенде шошып кеттім. ¨I get the impression that he is bored with his job. – Жұмысы өзін жалықтыратын сияқты көрінді маған. ¨~ sth Where did you get that skirt? – Ана юбканы қайдан (сатып) алдың/алғансың? ¨Did you manage to get tickets for the concert? – Концертке билет ала алдың ба? ¨She opened the door wider to get a better look. – Жақсы(рақ) көре алу үшін ол есікті кеңірек ашты. ¨Try to get some sleep. – Ұйықтап алуға тырыс. ¨He has just got a new job. – Ол енді ғана жаңа жұмысқа тұрды. ¨~ sth for sb Did you get a present for your mother? – Анаң(ыз) үшін сыйлық/тарту алдың ба? ¨~ sb/yourself sth Did you get your mother a present? – Анаң(ыз) үшін сыйлық/тарту алдың ба? ¨Why don't you get yourself a car? – Өзің неғып машина алмайсың? ¨$100 will get you the basic model. - $100-ға бастапқы моделін ала аласың. ¨You can get the basic model for $100. - Бастапқы моделін $100-ға ала аласың. ¨How much did you get for your car? – Машинаңды қаншаға саттың? 2.алып келу, әкелу, алу (syn: fetch) ¨~ sb/sth Quick - go and get a cloth! – Тез – бар да(ғы) мата/шүберек алып кел(гін)! ¨Somebody get a doctor! – Біреуің барып дәрігер әкеліңдерші! ¨I have to go and get my mother from the airport. – Барып, әуежайдан анамды алуым керек. ¨~ sth for sb Get a drink for John. – Джон үшін сусын әкелші. ¨~ sb/yourself sth Get John a drink. – Джонға сусын әкелші. 3. ~ sth жаза алу, жазаға кесілу ¨He got ten years for armed robbery. – Қару кезеніп/ұстап, тонағаны үшін он жылға кесілді. 4. ~ sth телерадио хабарын алу ¨We can't get Channel 5 in our area. – Біздің жақта 5-інші арна тартпайды/Өз жағымызда 5-інші арнаны ала алмаймыз. 4. ~ sth газет, журнал алу (syn: take) ¨Which newspaper do you get? – Қай газетті (сатып) аласыз?/алып жүрсіз? 5. ~ sth баға алу ¨He got a ‘C’ in Chemistry and a ‘B’ in English. – Химиядан ‘C’, ал ағылшын тілінен ‘B’ алды. 6. ~ sth ауырып қалу, ауыру, науқастану ¨I got this cold off you! – Мына суықты сенен жұқтырдым! ¨She gets really bad headaches. – Оның басының сақинасының ұстауы қатты. 7. ~ sb телефонмен қосу, жалғау ¨I wanted to speak to the manager but I got his secretary instead. – Менеджермен (телефонмен) сөйлесейін деп едім, оның орнына хатшысына түстім. 8.белгілі бір күйге түсу; үйрену, көндігу ¨to get angry/bored/hungry/fat – ашуланып кету/зерігіп кету/ашығу/семіріп кету ¨You'll soon get used to the climate here. – Көп ұзамай осы жердің ауа-райына үйреніп кетесің. ¨We ought to go; it's getting late. – Жылжуымыз керек; қараңғы болып бара жатыр. ¨to get dressed/undressed – киіну/шешіну ¨They plan to get married in the summer. – Олар жазда үйленбекші. ¨She's upstairs getting ready. – Ол жоғарыда әзірленіп жатыр. ¨I wouldn't go there alone; you might get mugged. – Ол жерге жалғыз бармас едім; біреулер тиісуі мүмкін. ¨My car got stolen at the weekend. – Апта соңында машинамды ұрлап кетіпті. ¨~ sb/sth Don't get your dress dirty! – Көйлегіңді ластап/былғап алма! ¨He got his fingers caught in the door. – Саусақтарын есік қысып қалыпты. ¨She soon got the children ready for school. – Біраз уақытта ол балаларды мектепке дайындап қойды. 9. ~ to do sth ұғатын, сезетін халге жету ¨After a time you get to realize that these things don't matter. – Біраздан соң бұндай нәрселердің пәлендей маңызы жоғын түсінесің/түсінетін боласың. ¨You'll like her once you get to know her. – Танып-білгеннен соң ол саған ұнайтын болады/оны ұнататын боласың. ¨His drinking is getting to be a problem. – Оның ішуі асқынып бара жатыр. ¨She's getting to be an old lady now. – Ол егде ханымға айналып барады. 10.істету; көндіру ¨~ sb/sth to do sth I couldn't get the car to start this morning. – Бұгін таңертең(гісін) машинаны оталдыра алмай қойдым. ¨He got his sister to help him with his homework. – Үй тапсырмасын орындауға әпкесінен көмек алды. ¨You'll never get him to understand. – Оған ешқашан ұқтыра алмайсың. ¨~ sb/sth doing sth Can you really get that old car going again? – Ана ескі машинаны шынымен де жөндей аласың ба? ¨It's not hard to get him talking - the problem is stopping him! – Оны сөйлету қиын емес, тоқтату қиын! 11. ~ sth done істету, тындыру ¨I must get my hair cut. – Шашымды қиғызуым/алдыруым/жасатуым керек. ¨I'll never get all this work finished. – Мына жұмыстың бәрін ешқашан бітіре алмаспын. 12. ~ doing sth істей бастау ¨I got talking to her. – Онымен сөйлесе бастадым. ¨We need to get going soon. – Жүре бастауымыз керек. 13. ~ to do sth (informal) бірнәрсе істеуге мүмкіндігі болу ¨He got to try out all the new software. – Ол барлық компьютерлік программаларда істеп көрді. ¨It's not fair - I never get to go first. – Бұл әділ емес – ешқашан бірінші болып істеген емеспін. 14.келу, жету ¨We got to San Diego at 7 o'clock. – Сан-Диегоға сағат 7-де жеттік. ¨You got in very late last night. – Өткен түні өте кеш келдің. ¨What time did you get here? – Сағат қаншада бұнда жеттің? ¨I haven't got very far with the book I'm reading. – Кітапты тез оқи алып жатқамын жоқ. 15.қозғалу, жылжу, жүру ¨The bridge was destroyed so we couldn't get across the river. – Көпір қирағандықтан өзеннен өте алмадық. ¨She got into bed. – Ол жатып/ұйықтап қалды. ¨He got down from the ladder. – Ол сатыдан түсті. ¨We didn't get to bed until 3 a.m. – Таңғы 3-ке дейін ұйықтамадық. ¨Where do we get on the bus? – Автобусқа қай жерден мінеміз/отырамыз. ¨I'm getting off at the next station. – Келесі станцияда түсемін. ¨Where have they got to? – Олардың қай жерге барулары керек? ¨We must be getting home; it's past midnight. – Үйге жетуіміз керек; түн ортасынан ауды. ¨~ sb/sth The general had to get his troops across the river. – Генерал(ға) әскерлерін өзеннен өткізуі керек болды. ¨We couldn't get the piano through the door. – Пианиноны есіктен кіргізе/өткізе алмадық. ¨We'd better call a taxi and get you home. – Такси шақырып, сені үйіңе жеткізіп салайық. ¨I can't get the lid off. – Қақпағын аша алмай жатырмын. 16.~ sth көлікпен бару ¨We're going to be late - let's get a taxi. – Кешігудеміз – такси ұстайық. ¨I usually get the bus to work. – Әдетте жұмысқа автобуспен барамын. 17. (especially BrE) тамақ әзірлеу ¨~ sth Who's getting the lunch? – Түскі асты кім әзерлеуде? ¨~ sth for sb/yourself I must go home and get tea for the kids. – Үйге барып, балаларға шай әзірлеуім керек. ¨~ sb/yourself sth I must go home and get the kids their tea. – Үйге барып, балаларға шайларын әзірлеуім керек. 18. ~ sth (informal) телефон не үй қоңырауына жауап беру ¨Will you get the phone? – Телефонды алшы/Телефонға жауап берші. 19. ~ sb ұстау, құрықтау ¨He was on the run for a week before the police got him. – Ол полицияның қолына түспей бір апта қашып жүрді. ¨to get sb by the arm/wrist/throat – біреудің қолынан/білегінен/кеңірдегінен шап беру/ұстау/қысу ¨He thinks everybody is out to get him. – Ол кім болсын өзіне қастық ойлайтындай көреді. ¨(informal) I'll get you for that! – Бұның үшін саған көрсетемін! 20. ~ sb тию, жаралау ¨The bullet got him in the neck. – Оқ мойнына тиді. 21. ~ sb/sth (informal) түсіну, аңдау, ұғу ¨I don't get you. – Сені ұқпадым. ¨She didn't get the joke. – Ол қалжыңды ұқпады. ¨I don't get it - why would she do a thing like that? – Түсінбедім – ол неге осылай етеді? ¨I get the message - you don't want me to come. – Ұқтым – келгенімді қалап тұрған жоқ екенсің. 22.~ sth (informal) бар болу, ұшырасу ¨You get all these kids hanging around in the street. – Барлық балалар көшеде жүр. ¨They still get cases of typhoid there. – Бұл жерде әлі (де) сүзек/кезік (тиф) ұшырасады/кездеседі. 23. ~ sb (informal) шатастыру, састыру (syn: puzzle) ¨‘What's the capital of Bhutan?’ ‘You've got me there!’ – «Бутанның астанасы не?» «Е, кім біліпті!» 24. ~ sb (informal) мезі қылу, шаршату, жүйкеге тию ¨What gets me is having to do the same thing all day long. – Күні бойы бірсыдырғы тірлікпен айналысу жүйкеме тиеді. 25. (idm) *be getting on (informal) a)қартаю b)кеш бола бастау ¨The time's getting on - we ought to be going. – Кеш болып қалды, жүруіміз керек. *be getting on for… (especially BrE) белгілі бір уақыт, жас, санға жуықтау ¨It must be getting on for midnight. – Түн ортасына жақындап қалған болар. ¨He's getting on for eighty. – Ол сексенге таяп қалды. *can't get over sth (informal) аңтарылу, таңырқау, сасу ¨I can't get over how rude she was. – Оның соншалықты анайылығына/дөрекілігіне жағамды ұстаймын. *get away from it all (informal) бір жаққа қысқа мерзімге барып демалу *get it on (with sb) (slang, especially NAmE) біреумен жыныс қатынасына түсу *get it (also catch hell) (both NAmE) (BrE catch it) (informal) жазалану; ұрыс есту *get it up (slang) еркек жыныс мүшесінің тікіреюі *get sb going (BrE, informal) біреуді ашуландыру, қобалжыту не толқыту *get sb nowhere/not get sb anywhere тығырыққа тіреу, тұйыққа тіреу ¨This line of investigation is getting us nowhere. – Бұл бағыттағы тергеу/іздестіру бізді тұйыққа тіреуде. ¨Being rude to me won't get you anywhere. – Маған дөрекілігің саған абырой әпермейді. *get somewhere/anywhere/nowhere ілгерілеу, оңға басу/іркілу ¨After six months' work on the project, at last I feel I'm getting somewhere. – Жобада алты ай істегеннен соң сәл ілгерілеген сияқтымын. ¨I don't seem to be getting anywhere with this letter. – Мына хаттан бірдеңе шығарамын деп ойламаймын. *get there мақсатына жету; істі тындыру ¨I'm sure you'll get there in the end. – Діттеген жеріңе жететініңе сенімдімін. ¨It's not perfect but we're getting there. – Керемет болмаса да істі тындырып жатырмыз. *get this! (informal, especially NAmE) «мынаған қара ([мынаң ғара]), бері қара» дег мағ ¨OK, get this guys - there are only two left! – Жақсы, бері қара, балалар – екеуі ғана қалды! ¨So get this - I did all the work and he got the money. – Мынаған қара – бәрін мен істедім, ал ол ақшаны алды. *how selfish, stupid, ungrateful can you get? (informal) қалай ғана осыншама сараң, топас, қайырымсыз бола аласың? *there's no getting away from sth/you can't get away from sth жалтара алмайсың, мойындауың керек дег мағ *what are you, was he, etc. getting at? (informal) нені меңзеп тұрсың, бұнымен не айтпақсың? ¨I'm partly to blame? What exactly are you getting at? – Ішінара мен(і) кінәлі дейді? Бұнымен не айтпақсың? *what has got into sb? (informal) біреуге не болған? ¨What's got into Alex? He never used to worry like that. – Алекске не болған? Ешқашан бүйтіп қобалжымайтын. ¨I'm sorry for laughing like that - I don't know what got into me. – Өйтіп күлгеніме ғафу өтінемін – маған не болғанын өзім де білмеймін. 26.(phr v) *get about (BrE) = get around *get above yourself (especially BrE) өзін жоғары санау *get across (to sb)/get sth across (to sb) түсіндірілу, түсінікті ету, хабарласу; хабар жеткізу, ұқтыру ¨Your meaning didn't really get across. – Не дегің келіп тұрғаның түсініксіз. ¨He's not very good at getting his ideas across. – Ол ойларын жеткізе/ұқтыра алмай қиналады. *get ahead (of sb) ілгерілеу, озу ¨She wants to get ahead in her career. – Ол карьерасын/қызметін өсіргісі келеді. ¨He soon got ahead of the others in his class. – Біраздан соң ол кластастарынан озды. *get along a) кету ¨It's time we were getting along. – Қайтатын уақтымыз болды. b) = get on *get around a) (BrE also get about) ары-бері жүру, айналсоқтау, төңіректеу, қарайлау; тарау ¨She gets around with the help of a stick. – Ол таяқтың көмегімен жүреді. ¨News soon got around that he had resigned. – Біраздан соң оның жұмыстан кеткені туралы хабар тарап кетті. b) (especially NAmE) = get round *get at sb біреуді қоймай сынау, біреуге шүйлігу ¨He's always getting at me. – Ол ылғи да маған шүйлігеді де жүреді. ¨She feels she's being got at. – Өзін сынға ілігіп жүргендей сезінеді. *get at sb/sth жету, алу, қол жеткізу ¨The files are locked up and I can't get at them. – Файлдер құлпылаулы/жабулы болғандықтан оларды ала алмаймын. *get at sth білу, көз жеткізу ¨The truth is sometimes difficult to get at. – Кейде шындыққа көз жеткізу қиын. *get away a) демалысқа шығу, демалыс алу ¨We're hoping to get away for a few days at Easter. – Пасха кезінде бірнеше күн демаламыз деп ойлаймыз. b) (BrE, informal) сенбегендікті, таңырқасты білдіреді ¨‘These tickets didn't cost me a thing.’ ‘Get away!’ – «Мына билеттерді тегін алдым». «Қойшы тегі!» *get away (from…) кету, құтылу ¨I won't be able to get away from the office before 7. – Сағат 7-ден бұрын кеңседен/офистен шыға алмаймын. *get away (from sb/…) (біреуден, т.с.с. қашып) құтылу *get away with sth (қашып) құтылу, жалтару, сытылу ¨Thieves got away with computer equipment worth $30 000. – Ұрылар $30 000-лық компьютер жабдығын алып тайып тұрыпты. ¨He was lucky to get away with only a fine. – Оның жолы болып, айыппұл төлеп қана құтылыпты. ¨Don't be tempted to cheat - you'll never get away with it. – Алдаймын деп ойлама – ешқашан құтылмайсың. ¨~ doing sth Nobody gets away with insulting me like that. – Маған анандай тіл тигізген ешкім де оңбайды. ¨After the first month, you should be able to get away with one lesson a week. – Бір айдан соң аптасына бір сабақтың өзі де жеткілікті болады. *get back оралу, қайту ¨What time did you get back last night? – Кеше нешеде/қаншада оралдың/қайттың? ¨We only got back from our trip yesterday. – Сапарымыздан кеше ғана келдік. *get sth back қайта/қайтып алу, қайтарып алу ¨She's got her old job back. – Ескі жұмысына ол қайта тұрыпты. ¨I never lend books - you never get them back. – Ешқашан қарызға кітап бермеймін – қайтып ала алмайсың. *get back (in) (саяси партия ж) билікке қайта келу, оралу, қайта ұту *get back at sb (informal) өш(ін) алу, кек қайтару, есесін қайтару ¨I'll find a way of getting back at him! – Оның есесін қайтаратын жол табармын! *get back to sb (informal) біреумен (жауап беру үшін) кейінірек сөйлесу ¨I'll find out and get back to you. – Біліп алып, өзіңмен сөйлесемін. *get back to sth бірнәрсеге оралу, қайта келу ¨Could we get back to the question of funding? – Қаржыландыру мәселесіне (қайта) оралсақ қалай болады? *get back together (with sb) қайта табысу, қайта татуласу ¨I just got back together with my ex-girlfriend. – Бұрынғы жүрген қызыммен(ен)/әйеліммен(ен) жуырда қайта табыстым. ¨Is it true that the band is planning to get back together? – Ансамбль мүшелерінің қайта бас қоспақ ниетте екені рас. *get behind (with sth) артта қалу, ісі дұрыс жүрмеу ¨I'm getting behind with my work. – Жұмысым артта қалып/кешігіп жатыр. ¨He got behind with the payments for his car. – Ол машинасы үшін дер кезінде төлей алмай жатыр. *get by (on/in/with sth) тірлік қылу, күн көру; істей алу ¨How does she get by on such a small salary? – Мұндай мардымсыз жалақымен ол қалай күн көреді (екен)? ¨I can just about get by in German. – Немісше жол сұрай алатын халдемін. *get down (балалар ж) (BrE) тамақтан сол столдан тұрып кету *get sb down (informal) ренжіту, кейіту ¨Don't let it get you down too much. – Осыған бола кейи берме(гін). *get sth down a) (әрең) жұту, қылғыту b) жазып алу, түртіп қою (syn: write down) ¨Did you get his number down? – Мына номерді жазып алдың ба? *get down to sth істей бастау; жіті көңіл бөлу ¨Let's get down to business. – Іске кіріселік/кірісейік. ¨I like to get down to work by 9. – Сағат 9-да жұмысықа кірісіп кеткім келіп отыр. ¨~ doing sth It's time I got down to thinking about that essay. – Ана эссе/жазба жайлы толғанатын/ойланатын уақытым болды. *get in/get into sth a) келу, жету ¨The train got in late. – Пойыз/Поезд кеш келді. ¨What time do you get into Heathrow? – Хитроуға қаншада жетесің(із)? b) сайлауда жеңу ¨The Republican candidate stands a good chance of getting in. – Республикалық кандидаттың сайлауда жеңетін жақсы мүмкіндігі бар. ¨She first got into Parliament in 2005. – Ол алғаш рет парламентке 2005 жылы мүше болды. c) мектепке, оқу орнына түсу, қабылдану ¨She's got into Durham to study law. – Ол Дурһам университетінің заң факультетіне түсті. *get sb in біреуді үйге шақырып жұмыс істету *get sth in a) алу, жинау, жию ¨to get the crops/harvest in – дәнді дақылдарды/астық жию b) сатып алу ¨Remember to get in some beers for this evening. – Бүгін кешке біраз сыра алуды ұмытпа(ғын). c) істей алу; айта алу ¨I got in an hour's work while the baby was asleep. – Сәби ұйықтап жатқан кезде бір сағаттық жұмыс тындырып алдым. ¨She talks so much it's impossible to get a word in. – Ол тынбай сампылдағанда бір ауыз сөз айта алмайсың. *get in on sth қатысу, араласу ¨He's hoping to get in on any discussions about the new project. – Жаңа жобаға қатысты кез-келген талқылауға оның қатыспақ ойы бар. *get in with sb (informal) біреумен тіл табысу, жақындасу *get into sth a) (әрең) кию ¨I can't get into these shoes - they're too small. – Мына аяқ киімдерді кие алмай жатырмын – олар тым кішкентай (екен). b) белгілі мамандықты бастау ¨What's the best way to get into journalism? – Журнализмді бастаудың ең дұрыс жолы қайсы? c) кірісу, араласу; бастау ¨I got into conversation with an Italian student. – Мен италиялық студентпен әңгімелестім/сөйлесіп қалдым. ¨to get into a fight – төбелеске араласу ¨Are you sure you know what you're getting into? – Неменеге кірісейін деп тұрғаныңа көзің жете ме? d) әдеттену, үйрену, машықтану ¨Don't let yourself get into bad habits. – Жаман әдетке бой алдырма. ¨How did she get into drugs? – Есірткіге қалай үйір болған? e) (informal) қызығу, әуестену ¨I'm really getting into jazz these days. – Осы күндері джазға қызығып/әуестеніп жүрмін. f) таныс болу, үйрену ¨I haven't really got into my new job yet. – Жаңа жұмысыма әлі үйрене қойған жоқпын. *get into sth/get yourself/sb into sth белгілі бір күйге жет(кіз)у ¨He got into trouble with the police while he was still at school. – Мектепте оқып жүрген кездің өзінде ол полицияға ұсталып жүрген. ¨Three people were rescued from a yacht which got into difficulties. – Қиындыққа ұшыраған яхтадан үш адам құтқарылды. ¨She got herself into a real state before the interview. – Интервью/Сұхбат алдында оның дегбірі қашты. *get off/get off sb біреуді түртпе, ұстама дег мағ ¨Get off me, that hurts! – Мені түртпеші, ауырады (екен)! *get off/get sb off a) кет(ір)у, жолға шығ(ар)у ¨We got off straight after breakfast. – Түскі астан кейін бірден жолға шықтық. ¨He got the children off to school. – Ол балаларды мектепке жіберді. b) (BrE) ұйықт(ат)у ¨I had great difficulty getting off to sleep. – Ұйықтай алмай қиналдым. ¨They couldn't get the baby off till midnight. – Түн ортасы болғанша олар сәбиді жатқыза/ұйықтата алмады. *get off/get off sth сұранып кету ¨Could you get off (work) early tomorrow? – Ертең (жұмыстан) ерте сұранып кете аласың ба? *get off sth/get sb off sth талқылауды тоқтат(қыз)у ¨Please can we get off the subject of dieting? – Диета жөніндегі әңгімені доғарсақ қалай болады? ¨I couldn't get him off politics once he had started. – Кірісіп кеткеннен кейін оны саясаттан айыра алмадым. *get sth off почтамен жөнелту ¨I must get these letters off first thing tomorrow. – Ертең ең әуелі мына хаттарды жөнелтуім керек. *get off on sth (informal) толқу, нәпсісі қозу *get off (with sth) аман-сау қалу, құтылу ¨She was lucky to get off with just a few bruises. – Жолы болып, бірнеше жері ғана көгеріп аман қалыпты. *get off (with sth)/get sb off (with sth) жазасыз не болмашы жазамен құтылу не құтқару ¨He was lucky to get off with a small fine. – Жолы болып аз ғана айып төлеп құтылыпты. ¨A good lawyer might be able to get you off. – Жақсы адвокат саған көмектесе алады. *get off with sb (informal, especially BrE) ашыналық қатынаста болу; ашыналық қатынас бастау ¨Steve got off with Tracey at the party. – Стив сауық кешінде Трейсиді айналдырып әкетті. *get on a) (also get along) белгілі бір жағдайда болу ¨He's getting on very well at school. – Мектепте ол жақсы жүр/Мектептегі жағдай жақсы. ¨How did you get on at the interview? – Интервьюің(із)/Сұхбатың(ыз) қалай болды? b) табысты болу, жақсы істеу, т.с.с. ¨Parents are always anxious for their children to get on. – Ата-ана қашан да баланың қамын ойлайды. ¨I don't know how he's going to get on in life. – Оның қалай өмір сүрмекші екенін білмеймін. c) (also get along) істей алу, шамасы келу, тірлік ете алу ¨We can get on perfectly well without her. – Онсыз ешбір қиналмаймыз. ¨I just can't get along without a secretary. – Секретарьсыз/Хатшысыз маған қиын. *get on to sb a) хабарласу ¨The heating isn't working; I'll get on to the landlord about it. – Жылу істемейді; үй қожайынымен сөйлесемін. b) біліп қою, әшкере ету ¨He had been stealing money from the company for years before they got on to him. – Оның жылдар бойы компаниядан ақша ұрлап келгенін олар соңынан білген. *get on to sth басқа мәселеге ойысу ¨It's time we got on to the question of costs. – Құн мәселесін талқылайтын кез келді. *get on with sb/get on (together) (both BrE) (also get along with sb, get along (together) NAmE, BrE) тіл таб(ыс)у, біреумен жақсы болу ¨She's never really got on with her sister. – Ол әпкесімен/сіңлісімен ешқашан тіл табысқан емес. ¨We get along just fine together. – Бір-бірімізбен жақсы тіл табысамыз. *get on with sth a) (also get along with sth) ¨I'm not getting on very fast with this job. – Мына жұмысты тым тез істей алмай жүрмін. b) жалғастыру, қайта кірісу ¨Be quiet and get on with your work. – Тыныш қана ісіңді жалғастыра бер(гін). ¨(informal) Get on with it! We haven't got all day. – Кірісе бер! Күні бойы істейтін уақтымыз жоқ. *get out белгілі болу ¨If this gets out there'll be trouble. – Бұны жұрт білсе пәле болады. *get sth out a) (басып) шығару ¨Will we get the book out by the end of the year? – Жылдың соңына дейін кітапты шығарамыз ба? b) қинала айту ¨She managed to get out a few words of thanks. – Әйтеуір бірнеше сөз айтып рахмет деген болды. *get out (of sth) кету, шығу ¨You ought to get out of the house more. – Бізге үйден көбірек шығу керек. ¨She screamed at me to get out. – Маған шық деп шыңғырды. *get out of sth a) жауапкершілігінен я міндетінен жалтару, тайқу ¨We promised we'd go - we can't get out of it now. – Барамыз деп уәде бердік қой – енді тайқи алмаймыз. ¨~ doing sth I wish I could get out of going to that meeting. – Ол кездесуге бармасам ғой. b) әдетті қалдыру, тастау ¨I can't get out of the habit of waking at six in the morning. – Таңертең(гісін) сағат алтыда оянып алатын әдеттен құтыла алмай жүрмін. *get sth out of sb көндіру, мәжбүрлеу ¨The police finally got a confession out of her. – Полиция ақыры оны мойындатқызды. *get sth out of sb/sth (біреуден/бірнәрседен) жақсы нәрсе алу ¨She seems to get a lot out of life. – Ол өмірден көп алатындай көрінеді. ¨He always gets the best out of people. –Адамдармен араласқан оған жағады. *get over sth еңсеру, қиындықтан, кедергіден өту (syn: overcome) ¨She can't get over her shyness. – Ол ұяңдығынан арыла/ұяңдығын еңсере алмай жүр. ¨I think the problem can be got over without too much difficulty. – Біраз тер төкпейінше проблеманы еңсеру қиын ба деп ойлаймын. *get over sth/sb қайта қалпына келу, сауығу, көңлі қайта орнына түсу ¨He was disappointed at not getting the job, but he'll get over it. – Жұмысты ала алмағанына кейіген болатын, бірақ онысын ұмытады. *get over yourself (informal) кірпияз болмау; күңкілдемеу; бас қатырмау ¨Just get over yourself and stop moaning! – Уайымды қой дағы күңкілді тый! ¨ Get over yourself! Not having the latest cell phone isn't the end of the world. – Болды енді! Ұялы телефонның соңғы моделі жоқ деп ақырзаманды үйірме. *get sth over (to sb) түсінікті, анық ету ¨He didn't really get his meaning over to the audience. – Ол шынында да тыңдаушыларға ойын жеткізе алмады. *get sth over (with) (informal) қиын істі бітіру ¨I'll be glad to get the exam over and done with. – Емтиханнан өтсем қуанар едім. *get round/around sb көндіру, келісімін алу ¨She knows how to get round her dad. – Әкесін қалай көндіруді ол біледі. *get round/around sth мәселені реттеу, оңтайлы айналысу, жайғастыру (syn: overcome) ¨A clever lawyer might find a way of getting round that clause. – Мықты заңгер ол бапты айналып өту жолын таба алады. *get round/around to sth уақыт табу ¨I meant to do the ironing but I didn't get round to it. – Үтіктейін деп едім, уақыт таппадым. ¨~ doing sth I hope to get around to answering your letter next week. – Хатыңызға келесі аптада жауап беруге уақыт табамын деп ойлаймын. *get through sth a) бірнәрсені көп мөлшерде пайдалану ¨We got through a fortune while we were in New York! – Нью-Йоркте болған кезімізде сұмдық шығындандық! b) істей алу, аяқтау ¨Let's start - there's a lot to get through. – Бастайық – тындыратын жұмыс көп. *get through (sth) (BrE) емтиханнан, т.с.с. сүрінбей өту *get sb through sth біреуге емтиханнан сүрінбей өтуге жәрдемдесу ¨She got all her students through the exam. – Ол өзінің барлық студентін емтиханнан сүріндірмей өткізді. *get through (sth)/get sth through (sth) ресми қабылда(т)у ¨They got the bill through Congress. – Олар заң жобасын конгрестен өткізді/конгресте қабылдатқызды. *get through (to sb) a) жеткізу, беру ¨Thousands of refugees will die if these supplies don't get through to them. – Бұл азық-түлік жеткізілмесе мыңдаған босқын өледі. b) телефонмен хабарласу ¨I tried calling you several times but I couldn't get through. – Саған бірнеше рет (телефон) шалмақ болып едім, хабарласа алмадым. *get through (to sth) (жарыста) келесі кезеңге шығу, жету ¨Williams has got through to the final. – Уильямс финалға шықты/жетті. *get through to sb түсіндіру, аңдату ¨I find it impossible to get through to her. – Оған мүлде түсіндіре алмай қиналамын. *get through with sth істі бітіру, тындыру *get to sb (informal) мазасын алу, әсер ету ¨The pressure of work is beginning to get to him. – Жұмыстың қиындығы оған салмақ түсіре бастады. *get sb/sth together жию, жинау ¨I'm trying to get a team together for Saturday. – Сенбі күнге команда жинамақ болып жатырмын. *get together (with sb) (informal) жолығысу, жүздесу ¨We must get together for a drink sometime. – Жолығысып, шай-пай ішелік. ¨Management should get together with the union. – Басқарманың кәсіподақпен жолығысып, әңгімелесуі керек. *get up a) түрегелу, (орнынан, төсектен) тұру (syn: rise) ¨The class got up when the teacher came in. – Мұғалім кіргенде класс орнынан тұрды. b) (теңіз, боран ж) өршелену, күшею *get up/get sb up төсектен тұр(ғыз)у ¨He always gets up early. – Ол ылғи да ерте тұрады. ¨Could you get me up at 6.30 tomorrow? – Ертең таңғы 6.30-да мені оята аласыз ба? *get yourself/sb up as sth (BrE) біреулерше, біреу сияқты киіну ¨She was got up as an Indian princess. – Ол индиялық принцесса/ханшайым сияқты киінді. *get sth up ұйымдастыру, ойластыру ¨We're getting up a party for her birthday. – Оның туған күніне сауық кешін ұйымдастырмақшымыз. *get up to sth a) белгілі бір нүктеге жету ¨We got up to page 72 last lesson. – Соңғы сабақта 72-нші бетке келдік. b) айналысу, шұғылдану ¨What on earth will he get up to next? – Енді ол немен айналысар екен? ¨She's been getting up to her old tricks again! – Ол өзінің баяғы жымысқылығына қайтадан басты.