gift [ɡɪft] A.n 1.сый, сыйлық, тарту, базарлық, кәде (syn: present) ¨The watch was a gift from my mother. – Ол сағат анамның/мамамның берген сыйлығы еді. ¨Thank you for your generous gift. – Жомарт сыйлығыңыз үшін рахмет. ¨a free gift  for every reader – әр оқырманға тегін сыйлық ¨the gift of life – өмір сыйы ¨(formal) The family made a gift of his paintings to the gallery. – Отбасы оның салған суреттерін галереяға тарту етті. ¨gifts of toys for the children – балаларға тарту етілетін ойыншықтар ¨(ауысп. мағ.) Their second goal was an absolute gift. – Олардың екінші голы өздігінен келді/Оларға екінші голды сыйлады. ¨(ауысп мағ) At £500 it's a gift. - £500-ге алу деген - тегін. 2.табиғи қабілет, дарын, талант, қасиет (syn: talent) ¨~ (for sth) She has a great gift for music. – Оның музыкаға деген керемет дарыны бар. ¨~ (for doing sth) He has the gift of making friends easily. – Оның тез достасып кететін/тіл табатын қасиеті бар. ¨She can pick up a tune instantly on the piano. It's a gift – Ол дыбысты пианинодан әп сәтте табады. Бұл – табиғи дарын. 3. (idm) *be in the gift of sb/be in sb's gift (especially BrE) біреудің жауапкершілігіндегі нәрсе ¨All such posts are in the gift of the managing director. – Бұндай қызмет орнының бәрін де бас директор шешеді. *the gift of the gab (BrE) (US a gift for/of gab) (informal, sometimes disapproving) жылпостық, тілі майдалық, тіл табысқыштық, айналдырып көндіргіштік ¨Joe's got the gift of the gab - he can sell anything. – Джоның құдай берген жылпостығы бар – не нәрсе болсын сатады. *look a gift horse in the mouth (informal) «сыйға берген жылқының аузына қарау», сыйға берген нәрсені алмау не сынау ¨I'm never one to look a gift horse in the mouth. – Сыйға берген нәрсеге ешқашан кекірейген емеспін. B.v 1.(BrE) біреуге болып беру, біреуге ойламаған жерден басымдық беру, жағдайды соның пайдасына өзгерту ¨~ sb sth They gifted their opponents an opportunity. – Олар қарсыластарына мүмкіндік сыйлады. 2. бойына қасиет, қабілет дарыту ¨She's been gifted with a beautiful voice. – Табиғат оған әдемі үн беріпті.