girl [ɡɜːl] n 1.қыз, қыз бала ¨a baby girl – қыз бала, сәби қыз ¨a little girl of six – алты жасар кішкентай қыз ¨Hello, girls and boys! – Сәлем, қыздар мен балалар! ¨Our youngest girl is at college. – Кенже қызымыз колледжде оқиды. 2. (sometimes offensive) қыз, бойжеткен ¨Alex is not interested in girls yet. – Алекс қыздарға әлі көз сала қойған жоқ. ¨He married the girl next door. – Ол көрші қызға үйленді. 3. (old-fashioned) еркектің «жүріп жүрген» қызы, көңілдесі ¨He's taking his girl home to meet his parents. – Жақсы көретін қызын әке-шешесімен таныстыруға әкеле жатыр. 4. girls қыздар (құрдас әйелдер) ¨I'm having a night out with the girls. – Қыздарменен бір түн сауықта болмақшымын. ¨Good morning, girls! – Қайырлы таң, қыздар! 5. old ~ (often offensive) «кәрі қыз» (қарт әйел) ¨How is the old girl these days? – Кәрі қыз қазір не істеп жүр?