give [ɡɪv] A.v (gave [ɡeɪv] given [ˈɡɪvn]) 1.беру, ұсыну, табыстау, табыс ету ¨~ sth to sb Give the letter to your mother when you've read it. – Оқып болғанда хатты анаңа/мамаңа бер(гін)/табыс ет. ¨She gave her ticket to the woman at the check-in desk. – Билетін кіреберістегі тексеруші әйелге ұсынды/берді. ¨~ sb sth Give your mother the letter. – Хатты мамаңа/анаңа бер. ¨They were all given a box to carry. – Әрқайсысына тасу үшін бір-бірден жәшік берілді. 2.(тарту, сыйлық ретінде) беру ¨~ sb sth What are you giving your father for his birthday? – Әкеңнің туған күніне не берейін деп жатырсың? ¨She was given a huge bunch of flowers. – Оған ірі бума гүл берді. ¨Did you give the waiter a tip? – Официантқа/Күтушіге шайлық (ақша) бердің бе? ¨~ sth to sb We don't usually give presents to people at work. – Жұмыстағы адамдарға әдетте сыйлық бермейміз. ¨~ (sth) They say it's better to give than to receive. – Олар алғаннан гөрі берген дұрыс дейді. 3.беру, табыстау, табыс ету ¨~ sb sth They were all thirsty so I gave them a drink. – Бәріне шөлдегендіктен су бердім. ¨Give me your name and address. – Маған аты-жөніңіз бен адресіңізді айтыңызшы. ¨We've been given a 2% pay increase. – Бәріміздің жалақымызды 2%-ке көтерді. ¨I was hoping you would give me a job. – Маған жұмыс берерсіз деп үміттеніп едім. ¨He was given a new heart in a five-hour operation. – Бес сағаттық операцияда оған жаңа жүрек салды. ¨She wants a job that gives her more responsibility. – Ол өзіне жауапкершілігі көбірек жұмыс бергенін қалайды. ¨Can I give you a ride to the station? – Станцияға дейін жеткізіп салайын ба? ¨They couldn't give me any more information. – Олар маған көбірек информация бере алған жоқ. ¨I'll give you ten minutes to prepare your answer. – Жауабыңды дайындау үшін саған он минут беремін. ¨Don't give me any of that backchat. – Маған дөкір мінез көрсетпе. ¨~ sth to sb He gives Italian lessons to his colleagues. – Ол әріптестеріне итальян тілінен сабақ береді. ¨The reforms should give a better chance to the less able children. – Реформалар қабілеті нашар балаларға жақсырақ мүмкіндік жасайды. 4.(ақша) беру ¨We need your help - please give generously. – Көмегіңіз керек – молырақ беріңіз(дер)ші. ¨~ to sth They both gave regularly to charity. – Олардың екеуі де мейірім көмегін беріп отырды. ¨~ sth (to sth) I gave a small donation. – Аздаған қайырым көмегін бердім. 5.беру, сатып алу ¨~ sb sth (for sth) How much will you give me for the car? – Бұл машина үшін маған қанша бересің? ¨~ sth I'd give anything to see him again. – Оны қайта көру үшін не болса да беруге әзірмін. ¨~ sth for sth I gave £50 for the lot. – Бұл жер үшін £50 төледім. 6.көңіл бөлу, мән беру ¨~ sb/sth sth I gave the matter a lot of thought. – Мәселе жөнінде көп ойландым. ¨~ sth to sb/sth I gave a lot of thought to the matter. – Мәселе жөнінде көп ойландым. ¨The government has given top priority to reforming the tax system. – Үкімет салық жүйесін реформалауға баса назар аударды. 7.жаза беру, үкім кесу ¨~ sb sth The judge gave him a nine-month suspended sentence. – Судья оған шартты түрде тоғыз айға үкім шығарды. ¨~ sth to sb We discussed what punishment should be given to the boys. – Балаларға не жаза қолдану керектігін талқыладық. 8. «ауру беру», ауру жұқтыру, ауру тарату ¨~ sb sth You've given me your cold. – Тұмауыңды маған жұқтырдың. ¨~ sth to sb She'd given the bug to all her colleagues. – Ол барлық әріптестеріне инфекция жұқтырды. 9. ~ sth жиын-той «беру», жасау, сауық-кеш ұйымдастыру 10. ~ sth көп алдында сөйлеу, т.с.с. ¨She gave a reading from her latest volume of poetry. – Ол өзінің соңғы өлеңдер жинағынан үзінді оқыды. ¨The President will be giving a press conference this afternoon. – Бүгін түстен кейін президент пресс-конференция өткізейін/берейін деп жатыр. 11.белгілі бір қимылды білдіреді ¨~ sth She gave a shrug of her shoulders. – Ол иықтарын қиқаң еткізді. ¨He turned to us and gave a big smile. – Ол бізге бұрылып, мейірлене күлді. ¨She looked up from her work and gave a yawn. – Ол жұмысын қоя жоғары қарады дағы есінеді. ¨He gave a loud cry and fell to the floor. – Ол қатты айқайлай еденге құлап түсті. ¨Her work has given pleasure to millions of readers. – Оның жұмысы мыңдаған адамдарға рахат сыйлады. ¨~ sb sth He gave her a kiss. – Ол оны сүйді. ¨I have to admit that the news gave us a shock. – Хабардың бізге жайсыз тигенін мойындауым керек. ¨We'll give you all the help we can. – Қолымыздан келген бар көмекті сіз(дер)ден аямаймыз. 12. ~ sb sth ¨All that driving has given me a headache. – Тоқтаусыз айдаудан басым ауырды. ¨Go for a walk. It'll give you an appetite. – Біраз жүріп қайт; тәбетің көтеріледі! 13. ~ sb sth телефон шалу, соғу ¨Give me a call tomorrow. – Ертең маған телефон шал. ¨(BrE) I'll give you a ring. – Саған телефон шалатын боламын. 14. ~ sb/sth sth/~ sth (to sb/sth) бағалау, баға беру ¨She had given the assignment an A. – Ол (орындалған) тапсырмаға «А» (бағасын) берді/қойды. ¨I give it ten out of ten for originality. – Ерекшелігі үшін оннан он беремін/қоямын. 15. ~ sb/sth sth ¨That marriage won't last. I'll give them two years, at the outside. – Олар отау болып жарымайды. Ары кетсе оларға екі жыл беремін (екі жыл отасады деп болжаймын). 16.қысымға шыдамай иілу, созылу ¨The branch began to give under his weight. – Бұтақ оның салмағына шыдай алмай иіле бастады. ¨(figurative) We can't go on like this - something's got to give. – Бұлай жүре бере алмаймыз – бір мәмілеге келу керек. 17.көну, мәмілеге келу, талабынан айну ¨You're going to have to give a little. – Саған сәл шегініңкіреу керек болады. 18. (idm) *don't give me that (informal) олай деме, өй деме дег мағ ¨‘I didn't have time to do it.’ ‘Oh, don't give me that!’ – «Оны істеуге уақтым болмады». «Маған өйтіп айтпашы!» *give and take «алу-беру», тіл табыса білу ¨You're going to have to learn to give and take. – Жұртпен тіл табысып/қарым-қатынасқа түсуді үйренуің қажет болады. *give as good as you get есесін жібермеу, есесін қайтара алу ¨She can give as good as she gets. – Ел есесін құры жібермейді. *give it up (for sb) (informal) қол шапалақтап қолдау көрсету ¨Give it up for Eddie Murphy! – Эдди Мөрфиді қошаметтейік! *give me sth/sb (any day/time) (informal) бірнәрсені/біреуді басқаларынан жақсы көретінді білдіреді ¨We don't go out much. Give me a quiet night in front of the TV any day! – Тысқа көп шықпаймыз. Маған қай күні болсын телевизор алдындағы тыныш түн жетіп жатыр! *give or take (sth) шамамен сондай, соған жуықтайды дег мағ ¨It'll take about three weeks, give or take a day or so. – Бұған үш апта керек, бір күн әрі не бері, сол сияқты. *give sb to believe/understand (that)… (formal) сендіру, аңғарту ¨I was given to understand that she had resigned. – Оның отставкаға кеткенін маған білдіртті. *I give you… біреу үшін тост көтеру ¨Ladies and gentlemen, I give you Geoff Ogilby! – Ханымдар мен мырзалар, Джеф Огилби үшін алып қоялық! *I/I'll give you that (informal) мойындаймын, солай дег мағ *what gives? (informal) не болып жатыр?; не жаңалық бар? 19. (phr v) *give sb away (қыз ұзату рәсімі) қызды/қалыңдықты ертіп әкеліп күйеу жігітке қосу ¨The bride was given away by her father. *give sth away a) сыйлық, тарту ретінде беру ¨He gave away most of his money to charity. – Ақшасының көбін мейірім қорына берді. ¨(informal) Check out the prices of our pizzas - we're virtually giving them away! – Пиццаларымыздың бағасын тексер – оларды шынымен де тегін берудеміз! ¨The mayor gave away the prizes at the school sports day. – Мэр мектептегі спорт күнінде сыйлықтар таратты. b) біреуге болып беру, басымдықты қолдан беру ¨They've given away two goals already. – Екі голды сыйға беріп те қойды/үлгерді. *give sth/sb away құпияны, сырды ашып қою (syn: betray) ¨She gave away state secrets to the enemy. – Ол жауға мемлекеттік құпияларды берген. ¨It was supposed to be a surprise but the children gave the game away. – Бұл бір сюрприз/таңғалыс сияқты болуы керек еді, алайда балалар (сырды) білдіріп қойды. ¨His voice gave him away. – Даусы оны/өзін білдіріп қойды. *give sb back sth/give sth back (to sb) қайтарып беру ¨Could you give me back my pen? – Қаламымды қайтып бересің(із) бе? ¨Could you give me my pen back? – Қаламымды қайтып бересің(із) бе? ¨I picked it up and gave it back to him. – Бұны алдым да оған қайтып бердім. ¨The operation gave him back the use of his legs. – Операциядан соң аяқтарын қайта баса бастады. *give in (to sb/sth) a) жеңілгенін мойындау ¨The rebels were forced to give in. – Көтерілісшілер жеңілгенін мойындауға мәжбүр болды. b) көну, мойынсұну ¨The authorities have shown no signs of giving in to the kidnappers' demands. – Үкімет орындары адам ұрлаушылардың талаптарына көнетін сыңай танытпады. *give sth in (to sb) (BrE) (also hand sth in (to sb) BrE, NAmE) беру, өткізу, табыс ету ¨Please give your work in before Monday. – Жұмыс(тар)ыңды дүйсенбіден бұрын өткіз(іңдер). *give off sth иіс, жылу, жарық шығару, бөлу ¨The flowers gave off a fragrant perfume. – Гүлдерден әсем иіс шығып тұрды. ¨The fire doesn't seem to be giving off much heat. – От көп ыстық бөлмейтін сияқты. *give on to/onto sth (BrE) ¨The bedroom windows give on to the street. – Ұйықтайтын бөлменің терезелері көшеге қарайды. ¨This door gives onto the hall. – Бұл есік залға шығады. *give out a) біту, аяқталу, таусылу ¨After a month their food supplies gave out. – Бір айдан соң азық-түлігі таусылды. ¨Her patience finally gave out. – Ақыры шыдамы таусылды. b) істемей қалу, бұзылу ¨One of the plane's engines gave out in mid-Atlantic. – Атлант мұхитының ортасында ұшақтың бір моторы істемей қалды/қалған. ¨Her legs gave out and she collapsed. – Аяқтары істемей қалып, құлады. *give sth out үлестіру, тарату ¨The teacher gave out the exam papers. – Мұғалім емтихан қағаздарын таратты. *give out sth a) ыстық, жарық бөлу ¨The radiator gives out a lot of heat. – Радиатор көп ыстық бөледі. b) (especially BrE) жұртқа айту; хабар тарату *give over (BrE, informal) доғар, жетеді дег мағ ¨Give over, Chris! You're hurting me. – Жетеді, Крис! Ауыртып барасың. ¨~ doing sth Give over complaining! – Шағымданғаныңды қой! *give yourself over to sth (also give yourself up to sth) бірнәрсеге бас қою, бас алмау, берілу, есіл-дерті бірнәрсе болу *give sth over to sth белгілі бір мақсатпен бер(іл)у ¨The gallery is given over to British art. – Галерея британ өнері туындыларына берілген. *give up берілу, доғару, қою, тастау ¨They gave up without a fight. – Олар соғыссыз/ұрыссыз беріліпті. ¨She doesn't give up easily. – Ол оңайлықпен беріле қоймайды. ¨I give up - tell me the answer. – Болды берілемін – жауапты айтқын. *give sb up a) (also give up on sb especially in NAmE) біреуден күдер үзу ¨There you are at last! We'd given you up. – Ақыры келіпсің ғой! Сенен күдер үзіп едік. ¨We hadn't heard from him for so long, we'd given him up for dead. – Одан ұзақ уақыт естімегендіктен оны өлдіге санадық. b) қарым-қатынасты үзу, айырылысу ¨Why don't you give him up? – Онымен байланысыңды неге үзбейсің? *give sth up a) тастау, тоқтату, доғару ¨She didn't give up work when she had the baby. – Сәбилі болғанда жұмысын тастамады. ¨We'd given up hope of ever having children. – Енді баламыз болады деген үміттен күдер үзген едік. ¨~ doing sth You ought to give up smoking. – Темекіні тастауың керек. b) бас тарту, тастау ¨I gave up my weekend to help him paint his apartment. – Апта соңындағы демалысымды тастап, оған пәтерін сырлауға көмектестім. *give sth up (to sb) беру, тапсыру, табыс ету ¨We had to give our passports up to the authorities. – Паспорттарымызды үкімет орындарына тапсырдық. ¨He gave up his seat to a pregnant woman. – Ол орнын жүкті/аяғы ауыр әйелге берді. *give yourself/sb up (to sb) берілу, тұтқынға өзі келіп түсу ¨After a week on the run he gave himself up to the police. – Бір жеті қашып жүргеннен соң ол өзі келіп полицияға берілді. *give yourself up to sth = give yourself over to sth *give up on sb a) біреу өйтеді, т.с.с. деген үміттен күдер үзу ¨His teachers seem to have given up on him. – Мұғалімдері одан үміт үзген сияқты. b) (especially NAmE) = give sb up B.n 1.(қысым әсерінен) созылу, иілу қабілеті ¨The shoes may seem tight at first, but the leather has plenty of give in it. – Мына аяқ киім бір қарағанда тар сияқты көрінгенімен, былғары әжептәуір созылады. 2. (idm) *give and take тіл табысу, араласу-құраласу; пікір алмасу ¨If the dispute is to be resolved there must be some give and take. – Мәселені шешу керек болса, онда екі жақ(тың) бір мәмілеге келуі керек. ¨Marriage is a give-and-take relationship. – Үй болу деген өзара түсіністік/бір-біріне көну. ¨to encourage a lively give and take – қызу пікірталасқа дем беру