glance [ɡlɑːns] A.v 1. көзбен шалу, бір қарау, көз сырғыту, көз тастау, көз жүгірту, көз қырын салу, көзбен шарпу ¨She glanced at her watch. – Сағатын көзімен шалды. ¨He glanced around the room. – Бөлмеге көз сырғытып/жүгіртіп/шарпытып шықты. ¨I glanced up quickly to see who had come in. – Кім келгенін көру үшін жоғары жақты көзбен шалдым. 2. ~ at/down/over/through sth көз жүгірту, көз сырғыту, бір қарап шығу (syn: scan) ¨I only had time to glance at the newspapers. – Газеттерге көз жүгіртуге/шарпытуға ғана шамам келді. ¨He glanced briefly down the list of names. – Кісілер тізіміне қысқаша көз жүгіртіп шықты. ¨She glanced through the report. – Есепке/Баянатқа көз жүгіртіп шықты. 3. (phr v) *glance on/off sth (of light) шағылысу *glance off (sth) жанай, жалай тию, өту ¨The ball glanced off the post into the net. – Доп жақтауға/бағанға тиіп барып торға түсті. B.n 1.~ (at sb/sth) көз жүгірту, көз сырғыту, бір қарау, көз қырын салу, көзбен шалу, көз тастау ¨to take/have a glance at the newspaper headlines – газет тақырыптарына көз жүгірту ¨a cursory/brief/casual/furtive glance – асыға/қысқаша/ үстіртін/ ұрлана көз жүгірту ¨The sisters exchanged glances. – Әпкелі-сіңлілілер өзара бір қарасты/көз шарпысты. ¨She shot him a sideways glance. – Оған көз қырын тастады/салды. ¨He walked away without a backward glance. – Кейін қарамастан шықты да кетті. ¨She stole a glance at her watch. – Сағатына ұрлана көз салды. 2. (idm) *at a (single) glance бір қарап-ақ ¨He could tell at a glance what was wrong. – Ол бір қарап-ақ гәптің неде екенін айта алды. *at first glance бір қарағанда, алғаш көргенде ¨At first glance the problem seemed easy. – Бір қарағанда проблема жеңіл сияқты көрінді.