glow [ɡləʊ] A.v сығыраю, сығырая жану, жылтырай жану, лүпілдеу, лүпілдей жану, (әлсіз, баяу) алаулау, маздау ¨The embers still glowed in the hearth. – Шоқ ошақта әлі сығырайып тұрды. ¨The lighted candles glowed in the darkness. – Тұтатқан май шамдар қараңғыда лүпілдеді/жыпылықтады. ¨The strap has a fluorescent coating that glows in the dark. – Тартпаның/Белдіктің қараңғыда жылтырайтын жарқырауық қабаты бар. ¨A cigarette end glowed red in the darkness. – Темекі тұқылы қараңғыда шоқтана қызарды. ¨(ауысп. мағ.) Her cheeks were glowing. – Беттері алаулап тұрды. ¨(ауысп мағ) ~ with sth His face glowed with embarrassment. – Беті ұяттан дуылдады. ¨(ауысп мағ) She was positively glowing with pride. – Ол мерейі таси алаулады. ¨He gave her a warm glowing smile. – Оған мейірлене жымиды. ¨(ауысп мағ) ~ (with sth) The countryside glowed with autumn colours. – Ауылды аймақты күзгі реңктер нұрландырды. ¨(ауысп мағ) The brick walls glowed red in the late afternoon sun. – Құлама бесінде/Күн қайтарға жақын кірпіш дуалдар алқызылданып тұрды. B.n әлсіз жалын, алау; сығырая жану ¨The city was just a red glow on the horizon. – Қала көкжиекте сығырая қызарып тұрды. ¨There was no light except for the occasional glow of a cigarette. – Ара-тұра темекінің шоқтана қызарғанынан басқа ешқандай жарық болмады. ¨(ауысп мағ) The fresh air had brought a healthy glow to her cheeks. – Таза ауа оны әрлендіріп, бет ұшын қызартты. ¨(ауысп мағ) the glow of autumn leaves – жалын/алтын түсті күзгі жапырақтар ¨(ауысп мағ) When she looked at her children, she felt a glow of pride. – Балаларына қарағанда кеудесін мақтаныш кернеді.