go

go [ɡəʊ] A.v (goes [ɡəʊz], went [went], gone [ɡɒn]) 1.бару, жүру; кету ¨She went into her room and shut the door behind her. – Бөлмесіне барып, есігін жауып алды. ¨He goes to work by bus. – Жұмысқа автобуспен барады. ¨I have to go to Rome on business. – Римге жұмыспен баруым керек. ¨She has gone to China. – Ол Қытайға кетті. ¨She has been to China. – Ол Қытайға барып келді. ¨I think you should go to the doctor's. – Дәрігерге баруың(ыз)/көрінуің(із) керек деп ойлаймын. ¨Are you going home for Christmas? – Рождествоға үйің(ізг)е барасың ба? ¨~ to do sth She has gone to see her sister this weekend. – Осы апта соңында әпкесін/сіңлісін көруге кетті. ¨I'll go and answer the door.Барып, есікті ашайын/көрейін. ¨Go and get me a drink! – Барып, маған сусын алып келші! ¨Go ask your mom! – Барып, мамаңнан сұра! ¨Are you going to Dave's party? – Дейвтің сауық-кешіне барасың ба? ¨Who else is going? – Тағы кім барады? ¨His dog goes everywhere with him. – Иті өзімен қайда болсын барады? ¨He's going too fast. – Ол тым жылдам (кетіп) бара жатыр. ¨We had gone about fifty miles when the car broke down. – Машина бұзылған кезде елу миль жүрген едік. ¨The car went skidding off the road into a ditch. – Машина тайып барып жыраға түсті. ¨She went sobbing up the stairs. – Ол боздап басқышпен өрледі. ¨She crashed into a waiter and his tray of drinks went flying. – Ол официантқа соғылып, оның поднос толы сусындары ұшып кетті. ¨I must be going now. – Енді жүруім/кетуім керек. ¨They came at six and went at nine. – Олар алтыда келіп, тоғызда кетті. ¨Has she gone yet? – Ол кетті ме? ¨He's been gone an hour. – Ол бір сағат бұрын кеткен. ¨When does the train go? – Поезд қашан жүреді/қозғалады? ¨to go on a journey/a tour/a trip/a cruise – саяхаттау, ел-жер көру, қыдыру, кемемен жүзу ¨Richard has gone on leave for two weeks. – Ричард екі аптаға демалысқа кетті. ¨(BrE) I have to go to hospital for an operation. – Емханаға операцияға жатуым керек. ¨(NAmE) I have to go to the hospital. – Емханаға баруым керек. ¨to go to prison – түрмеге түсу, абақтыға қамалу ¨Do you go to church? – Шіркеуге барасың ба? ¨to go for a walk/drive/swim/run – жүріп (бой жазып, серуендеп) қайту/машина айдау/жүзу/жүгіру ¨Shall we go for a drink after work? – Жұмыстан кейін барып сыралатсақ қалай болады? ¨I have to go shopping this afternoon. – Түстен кейін дүкен/базар аралауым керек. ¨We're going sailing on Saturday. – Сенбі күні барып, қайықпен жүземіз. ¨I want this memo to go to all managers. – Мына жазбаның барлық менеджерлерге/басқарушыларға жеткізілгенін қалаймын. ¨I want a rope that will go from the top window to the ground. – Маған жоғарғы қабаттағы терезеден астыңғы қабаттағыға жететін арқан керек. ¨Where does this road go? – Мына жол қайда барады/кетеді/апарады? 2.орналас(тыр)у, қою ¨This dictionary goes on the top shelf. – Бұл сөздік жоғарғы сөреде тұрады. ¨Where do you want the piano to go? – Пианиноны қай жерге қояйық? 3. will/would not ~ (in/into sth) сыю/сыймау ¨My clothes won't all go in that one suitcase. – Киімдерім ол чемоданға сыймайды. ¨He tried to push his hand through the gap but it wouldn't go. – Саңылау арқылы қолын сұқпақ болып еді, кірмеді. 4. ¨3 into 12 goes 4 times. – 12-ні 3-ке бөлсе 4 болады. ¨7 into 15 won't go. – 15 7-ге бөлінбейді. ¨(NAmE) 7 into 15 doesn't go. – 15 7-ге бөлінбейді.  ¨~ into sth 7 won't go into 15. – 15 7-ге бөлінбейді.  5.ілгерілеу, жүру, болу ¨‘How did your interview go?’ ‘It went very well, thank you.’ – «Сұхбатың қалай болды?» «Өте жақсы болды, рахмет». ¨Did everything go smoothly? – Бәрі де ойдағыдай болды ма? ¨How's it going? – Жағдайың/Халің қалай? ¨The way things are going the company will be bankrupt by the end of the year. – Іс осылай жалғаса берсе, компания жыл аяғына қарай банкрот болады. 6. ¨~ to/into sth She went to sleep. – Ол жатып/ұйықтап қалды. ¨~ out of sth That colour has gone out of fashion. – Ол рең сәннен қалған. 7. linking verb ¨to go bald/blind/mad/bankrupt – шашы түсу (таз, жалбас болу)/көзі көрмей қалу/есі ауысу/банкроттыққа ұшырау ¨Her hair is going grey. – Шашы жирен тарта/ағара бастапты. ¨This milk has gone sour. – Сүт ашып/іріп кетіпті. ¨The children went wild with excitement. – Балалар мәре-сәре болды/асыр салды. 8. ¨to go naked/barefoot – жалаңаштану/жалаң аяқ жүру ¨She cannot bear the thought of children going hungry. – Балаларым аш қалмасын деп күйбеңдейді де жүреді. 9. ~ unnoticed, unreported, etc. ¨Police are worried that many crimes go unreported. – Көптеген қылмыстың хабарланбайтыны/беймәлім қалатыны полицияны алаңдатады. 10.айтылу ¨How does that song go? – Ол ән қалай айтылушы еді? ¨I forget how the next line goes. – Келесі жолдың қалай айтылатынын ұмытып қалыппын. ¨~ that… The story goes that she's been married five times. – Әңгімеде оның бес рет тұрмысқа шыққаны айтылады. 11. ¨The gun went ‘bang’. – Мылтық «тарс» етті. ¨She went like this with her hand. – Қолын бұлай бұлғаңдатты. 12. ¨The whistle went for the end of the game. – Ысқырық шалынып ойын аяқталды. 13. (informal) деу, деп айту ¨I asked ‘How much?’ and he goes, ‘Fifty’ and I go, ‘Fifty? You must be joking!’ – «Қанша?», десем, «Елу», дейді. Сосын мен «Елу? Қалжыңдап тұрған шығарсың!», дедім. 14.бастау, кірісу ¨I'll say ‘One, two, three, go!’ as a signal for you to start. – Мен «Бір, екі, үш, баста!» дегенде, кіріс. ¨As soon as he gets here we're ready to go. – Ол осында келген бойда біз бастауға әзір боламыз. 15.жүру, істеу ¨This clock doesn't go. – Мына сағат жүрмейді/істемейді. 16.кету, жоғалу, ғайып болу (syn: disappear) ¨Has your headache gone yet? – Бас ауруың(ыз) қойды ма? ¨I left my bike outside the library and when I came out again it had gone. – Велигімді кітапхананың сыртына қойып кеткенмін, қайта шықсам жоғалыпты. 17. sb/sth must/has to/can ~ тастау, шығару керек дег мағ ¨The old sofa will have to go. – Ескі диванды шығарып тастау керек. ¨He's useless - he'll have to go. – Одан пайда жоқ – (жұмыстан) кетсін. 18.нашарлау, асқыну ¨Her sight is beginning to go. – Жанары әлсіреп барады. ¨His mind is going. – Ақыл-ойы әлсіреп барады. ¨I was driving home when my brakes went. – Тежегішім (тормозым) сынғанда үйге айдап бара жатқан болатынмын. 19.өлу ¨You can't take your money with you when you go. – Өлеріңде ақшаңды өзіңмен бірге алып кетсең болады. 20.таусылу, біту ¨I don't know where the money goes! – Ақшаның қайда кететінін білмеймін/білсем бұйырмасын! ¨~ on sth Most of my salary goes on the rent. – Жалақымның көбі жалға/кіреге/аренадаға кетеді. ¨~ to do sth The money will go to finance a new community centre. – Қаражат жаңа қауым орталығын қаржыландыруға жұмсалмақ. 21. ~ (to sb) (for sth) сатылу ¨We won't let the house go for less than $200 000. – Үйді $200 000-нан арзан сатпаймыз. ¨There was usually some bread going cheap at the end of the day. – Күннің соңына таман біраз нан арзанға сатылатын. 22.төлеуге құлық, ықылас таныту ¨He's offered £3 000 for the car and I don't think he'll go any higher. – Машина үшін ол £3 000 ұсынды, бұдан артық ол береді деп ойламаймын. ¨I'll go to $1 000 but that's my limit. -  $1 000 төлеуге әзірмін, шегім/мүмкіндігім осы. 23.жәрдемдесу, сеп болу ¨This all goes to prove my theory. – Осының бәрі теориямды дәлелдейді. ¨It just goes to show you can't always tell how people are going to react. – Бұл жұрттың қалай жауап қататынын ылғи білу қиын екенін көрсетеді. 24. (informal) бар болу ¨There just aren't any jobs going in this area. – Бұл аймақта қандай да болсын жұмыс шықпай тұр. 25.(уақыт ж) өту, жүру, сырғу ¨Hasn't the time gone quickly? – Уақыт өте шығыпты–ау? ¨Half an hour went past while we were sitting there. – Ол жерде отырған кезде жарты сағат өте шығыпты. 26. (informal) туалетке бару ¨Do you need to go, Billy? – Түзге отырғың келіп тұр ма, Билли? 27. (idm) *anything goes (informal) не нәрсе болсын болады, шектеу жоқ дег мағ ¨Almost anything goes these days. – Қазір бәрі де мүмкін/Не нәрсе болсын (істеуге) болады. *as people, things, etc. go жалпы алғанда, жалпы алып қарағанда ¨As teachers go, he's not bad. – Жалпы алғанда, ол жаман мұғалім емес. *be going on (for) sth (BrE) белгілі бір уақытқа, санға жуықтау ¨It was going on (for) midnight. – Түн ортасына дейін жалғасып жатты. *be going to do sth бірнәрсе болатын болу, істейін деу ¨We're going to buy a house when we've saved enough money. – Жеткілікті ақша жинағанда жаңа үй сатып алайын деп жатырмыз. ¨I think I'm going to faint. – Есмінен танайын деп жатырмын ғой деймін. ¨If the drought continues there's going to be a famine. – Құрғақшылық жалғасса аштық болады. *don't go doing sth (informal) бірнәрсе істеме (деп айту, ескерту) ¨Don't go getting yourself into trouble. – Ұрынба/Пәледен аулақ жүр. *enough/smth to be going on with (BrE) уақытша жеткілікті болу ¨£50 should be enough to be going on with. - £50 біразға жетіп қалады. *go all out for sth/go all out to do sth бар күшін салу, аянбау *go and do sth «неге ғана олай істедің?» (яғни, ашуды білд) ¨Trust him to go and mess things up! – Оған сенсең/салсаң, барады да құртады! ¨Why did you have to go and upset your mother like that? – Неге ғана/Неліктен барып анаңды өйтіп ренжіттің? ¨You've really gone and done it now! – Міне, бардың да бүлдірдің! *go off on one (BrE, informal) ашуланып кету ¨Now and again she really goes off on one. – Кейде оның бұлқан-талқан болатын кездері бар. *go on (with you) (old-fashioned) сенбегендікті не құптамағандықты білд ¨Go on with you - you're never forty. You don't look a day over thirty. – Қойшы енді – қырықтамын деші тегі. Отыз десе илануға болады. *(have) a lot, nothing, etc. going for you жақсы жақтары көп/жоқ болу ¨You're young, intelligent, attractive -you have a lot going for you! – Жас, ақылды әрі келбеттісің – көрер күнің әлі алда! *no go (informal) мүмкін емес ¨If the bank won't lend us the money it's no go, I'm afraid. – Банк бізге қарыз бермесе, онда бұл (іс) мүмкін емес деп ойлаймын. *not (even) go there (informal) ойлағым да келмейді дег мағ ¨Don't ask me to choose. I don't want to go there. – Таңда демеші. Ойлағым да келмейді. ¨‘There was a problem with his parents, wasn't there?’ ‘Don't even go there!’ – «Ата-аналарына қатысты бір кілтипан болды ғой деймін, солай ма?» «Қойшы соны!» *to go a) (әлі) қалғаны ¨I only have one exam to go. – Менің бір емтиханым ғана қалды. b) (NAmE, informal) сатып алған тамақты сол жерде емес, басқа жерде жеу ¨Two pizzas to go. – Екі пицца өзі(м)мен бірге/тысқа. *what goes around comes around (saying) a) біреуге не істесең ол да саған сондай қарымта қайтарады дег мағ b) қазір сәнді емес нәрсе болашақта сәнді болады дег мағ *where does sb go from here? бұдан былай не істеуге болады, енді істі қалай оңалтуға болады дег мағ *who goes there? қарауылда тұрған солдаттың кімнің келе жатқанын сұрауы ¨Halt, who goes there? – Тоқта, кім бұл? 28. (phr v) *go about (BrE) = go around *go about sth a) істі жалғастыру, айналыса беру ¨Despite the threat of war, people went about their business as usual. – Соғыс қаупіне қарамастан, жұрт өз шаруаларымен айналыса берді. b) істей бастау, кірісу (syn: tackle) ¨You're not going about the job in the right way. – Жұмысты дұрыс бастап жатқан жоқсың. ¨~ doing sth How should I go about finding a job? – Жұмысты қалай іздей бастайын? *go after sb қуу, өкшелеу ¨He went after the burglars. – Ол ұрыларды қуып кетті. ¨She left the room in tears so I went after her. – Ол бөлмеден жылап шығып кеткен соң, артынан кеттім. *go after sb/sth алуға, қол жеткізуге тырысу ¨We're both going after the same job. – Екеуміз де бір жұмыстың артынан жүрміз. *go against sb біреуге қарсы, тиімсіз болу ¨The jury's verdict went against him. – Сот алқасы оған қарсы үкім шығарды. *go against sb/sth қарсы шығу, көнбеу ¨He would not go against his parents' wishes. – Ол ата-анасының дегеніне қарсы шықпайды. *go against sth қарсы шығу, келіспеу; сай келмеу ¨Paying for hospital treatment goes against her principles. – Емхана үшін төлеу оның принциптерімен үйлеспейді/ұйқаспайды. ¨His thinking goes against all logic. – Оның ойлау салты логикамен қиыспайды/ақылға мүлде сыймайды. *go ahead a) озу ¨I'll go ahead and tell them you're on the way. – Мен озып барып сенің оларға келе жатқаныңды айтайын. b) басталу, кірісу (syn: proceed) ¨The building of the new bridge will go ahead as planned. – Жаңа көпір құрылысы жоспарлағандай басталады. *go ahead (with sth) бастау, кірісу ¨‘May I start now?’ ‘Yes, go ahead.’ – «Бастайын ба?» «Иә, кіріс». ¨The government intends to go ahead with its tax cutting plans. – Үкімет өзінің салықты азайту жоспарына кіріспек. *go along a) жалғастыру ¨I'll explain the rules as we go along. – Жұмыс барысында ережелерді түсіндіремін/түсіндіретін боламын. b) ілгерілеу; жалғасу ¨Things are going along nicely. – Шаруа жақсы жүруде. *go along with sb/sth келісу ¨I don't go along with her views on private medicine. – Жеке(меншік) медицина жайлы оның пікірімен келіспеймін. *go around/round a) айналу, иірілу, бұрылу ¨to go round in a circle – шеңбер жасай қозғалу b) (қажетінше) жету ¨There aren't enough chairs to go around. – Барлығына/Қажетінше орындық жетпейді. c) (BrE also go about) белгілі бір күйде болу, мінез көрсету ¨She often goes around barefoot. – Ол көбінесе жалаң аяқ жүреді. ¨~ doing sth It's unprofessional to go round criticizing your colleagues. – Әріптестерін сынаған маманға/қызметкерге жараспайды. d) тарау, жайылу ¨There's a rumour going around that they're having an affair. – Олар жүреді/көңілдес деген өсек жүр. *go around/round (to…) барып қайту, жүріп қайту ¨I went round to the post office. – Почтаға барып қайттым. ¨I'm going around to my sister's later. – Кейінірек әпкемдікіне барып қайтпақпын. *go at sb біреуге қол жұмсау, қол көтеру ¨They went at each other furiously. – Олар ызалана бір-біріне ұмтылды. *go at sth бар күшін салу, аянбау ¨He went at his dinner as if he hadn't had anything to eat for weeks. – Ол тамағын құдды бір апталар бойы ас ішпегендей қомағайлана жеді. *go away кету, тастау; жоғалу ¨Just go away! – Кет, болды! ¨Go away and think about it. – Бар да осы жайлы ойлан. ¨They've gone away for a few days. – Олар бірнеше күнге кетті. ¨I'm going away on business. – Шаруамен кетіп бара жатырмын. ¨The smell still hasn't gone away. – Иіс әлі кетпеді/жоғалмады. *go back екі адам бір-бірін белгілі бір уақыттан бері біледі дег мағ ¨Dave and I go back twenty years. – Дейв пен мен бір-бірімізді жиырма жылдан бері білеміз. *go back (to…) оралу, қайту ¨She doesn't want to go back to her husband. – Күйеуіне оралғысы/қайтқысы келмейді. ¨This toaster will have to go back - it's faulty. – Мына тостерді дүкенге қайтару керек – ақауы бар екен. ¨Of course we want to go back some day - it's our country, our real home. – Әрине, бір күні оралғымыз келеді – ол біздің отанымыз, нағыз үйіміз. *go back (to sth) a) оралу, (айтылған нәрсеге) қайта келу ¨Can I go back to what you said at the beginning of the meeting? – Кездесудің басында айтқаныңызға оралсам қалай болады? ¨Once you have made this decision, there will be no going back. – Шешім шығарғаннан соң/Таңдау жасағаннан соң қайта өзгерте алмайсың. b) белгілі бір уақыттан бері бар, тіршілік етеді дег мағ ¨Their family goes back to the time of the Pilgrim Fathers. – Олардың әулеті/жанұясы Америкаға алғашқы қоныстанушылардың заманынан бері белгілі. *go back on sth уәдесінде тұрмау; айну ¨He never goes back on his word. – Ол ешқашан уәдесінан тайған емес. *go back to sth оралу, қайту ¨The kids go back to school next week. – Балалар мектептеріне келесі аптада (каникулдан) оралады. ¨~ doing sth She's decided to go back to teaching. – Ол мұғалімдікке қайта оралам деп шешті/қайта оралуды ұйғарды. *go before бұрын болған ¨The present crisis is worse than any that have gone before. – Қазіргі дағдарыс бұрын-соңғы болғандардан (да) жаман. *go before sb/sth қаралуға, талқылауға берілу ¨My application goes before the planning committee next week. – Өтінішім келесі аптада жоспарлау комитетінде қаралады. *go beyond sth арту, ұлғаю, асу (syn: exceed) ¨This year's sales figures go beyond all our expectations. – Биылғы жылғы сату көрсеткіші ойлағанымыздан асып кетті. *go by (уақыт ж) өту ¨Things will get easier as time goes by. – Уақыт өткен сайын жағдай жеңілдейді. ¨The weeks went slowly by. – Апталар баяу өтіп жатты. *go by sth бірнәрсеге сүйену, айтқанымен жүру; бірнәрсеге қарай пайымдау ¨That's a good rule to go by. – Бұл бір арқа сүйер/сүйенетін жақсы ереже екен. ¨If past experience is anything to go by, they'll be late. – Бұрын болған жайттарды ескерсек, олар кешігеді. *go down a) құлау, жығылу ¨She tripped and went down with a bump. – Сүрініп, гүрс ете құлады. b) (суға) бату, батып кету (syn: sink) c) (күн, ай ж) бату (syn: set) d) жақсы ішілу, желіну ¨A glass of wine would go down very nicely. – Бір бокал шарап ішсе жақсы болар еді. e) (баға, температура ж) түсу, төмендеу (syn: fall) (opp: go up) ¨The price of oil is going down. – Мұнай бағасы түсіп/төмендеп барады/бара жатыр. ¨Oil is going down in price. – Мұнай бағасы түсуде. f) (informal) нашар ¨The neighbourhood has gone down a lot recently. – Қаланың бұл ауданының/тұсының ахуалы соңғы кездері тым нашарлап кетті. g) (computing) уақытша істемей қалу ¨The system is going down in ten minutes. – Система/Жүйе он минутта өшеді. h) (NAmE, informal) болу ¨You really don't know what's going down? – Шынымен де не болып жатқанын білмейсің бе? *go down (from…) (BrE, formal) (Оксфорд не Кәмбриджді) бітіру не семестрден соң кету (syn: go up (to…)) ¨She went down (from Cambridge) in 2008. – Ол (Кәмбриджді) 2008 жылы бітірген. *go down (in sth) жазу, (қаламмен) түртіп алу; тарихта қалу ¨It all goes down in her notebook. – Ол бәрін де дәптеріне түртіп алады. ¨He will go down in history as a great statesman. – Ол тарихта нағыз мемлекеттік қайраткер ретінде қалады. *go down (on sb) (slang) ауызға алу, біреудің жыныс мүшесін жалау *go down (to sb) жеңілу ¨Italy went down to Brazil by three goals to one. – Италия Бразилиядан үш те бір болып жеңіліп қалды. *go down (to…) (from…) бір жерге (көбінесе оңтүстікке) бару, ірі қаладан шағын жерге бару (opp: go up) ¨They've gone down to Brighton for a couple of days. – Олар Брайтонға бір-екі күнге барды. *go down (with sb) ұсынысты, т.с.с. қабылдау ¨The suggestion didn't go down very well with her boss. – Бастығы ұсынысты онша жақтыра қоймады. *go down with sth (especially BrE) ауырып қалу, науқастану (syn: catch) ¨Our youngest boy has gone down with chickenpox. – Кенже ұлымыз торсылдақпен (ветрянка) ауырып қалды. *go for sb шабуылдау ¨She went for him with a knife. – Ол оған пышақпен шабуылдады. *go for sb/sth a) қатысты болу, айтылу ¨What I said about Peter goes for you, too. – Питер жайлы айтқаным саған да қатысты. ¨They have a high level of unemployment - but the same goes for many other countries. – Олардағы жұмыссыздық деңгейі өте жоғары – алайда басқа елдерде де осы сияқты. b) алып келу, әкелу ¨She's gone for some milk. – Ол сүтке кетті. c) (informal) жақсы көру, ұнату ¨She goes for tall slim men. – Ол арық та сұңғақ бойлы ерлерді жақсы көреді. ¨I don't really go for modern art. – Жаңа өнерді шынымен де ұнатпаймын. *go for sth a) таңдау ¨I think I'll go for the fruit salad. – Жеміс салатын алатын/таңдайтын шығармын. b) ұмтылу, талпыну ¨Go for it, John! You know you can beat him. – Алған, Джон! Оны жеңе аласың ғой. ¨It sounds a great idea. Go for it! – Тамаша ой/идея сияқты! Кіріс/Алға! *go in a) кіру, ену ¨Let's go in, it's getting cold. – Ішке кірейік, суық болып барады. b) (күн, ай ж) бұлт қалқалау, «бұлтқа кіру» *go in for sth a) (BrE) емтихан тапсыру; сайысқа қатысу ¨She's going in for the Cambridge First Certificate. – Ол Кэмбридждің бірінші сертификаты үшін емтихан тапсырады. b) қызығу, ынта қою ¨She doesn't go in for team sports. – Ол командалық спортқа қызықпайды. *go in with sb істі бастауға қосылу ¨My brothers are opening a garage and they want me to go in with them. – Бауырларым гараж ашып жатқандықтан олар менің қосылғанымды қалайды. *go into sth a) (көлік ж) соғ(ыл)у, соқтығысу ¨The car skidded and went into a tree. – Машина тайып барып ағашқа соғылды. b) (шофер не көлік ж) белгілі бір бағытта қозғала бастау ¨The plane went into a nosedive. – Ұшақ құлдилай бастады. c) ұйымға жұмысқа тұру, қосылу ¨to go into the Army/the Church/Parliament – армияға кету (қосылу)/шіркеуге/парламентке жұмысқа тұру ¨to go into teaching – мұғалімдік бастау d) істей, белгілі бір мінез көрсете бастау ¨He went into a long explanation of the affair. – Ол істі ұзақ-сонар түсіндіре бастады. e) мұқият тексеру ¨We need to go into the question of costs. – Құн мәселесіне үңілейік. f) (ақша, уақыт, күш ж) ¨More government money needs to go into the project. – Үкімет(тің) жобаға көбірек қаражат бөлуі керек. ¨~ doing sth Years of work went into researching the book. – Көптеген жыл (осы) кітапты зерттеуге жұмсалды/кетті. *go off a) (бірнәрсеге бола) кету ¨She went off to get a drink. – Сусын алу үшін кетті. b) атылу, жарылу ¨The gun went off by accident. – Мылтық байқаусызда атылды. ¨The bomb went off in a crowded street. – Бомба адам толы көшеде жарылды. c) қоңырау шырылдай бастау d) өшіп, сөніп қалу (opp: go on) ¨Suddenly the lights went off. – Кенет жарық өшіп қалды. ¨The heating goes off at night. – Түнде жылу өшеді. e) (BrE, informal) ұйықтап қалу ¨Hasn't the baby gone off yet? – Сәби әлі ұйықтамаған ба? f) (BrE) (тамақ ж) бұзылу g) (BrE) нашарлау, кері кету ¨Her books have gone off in recent years. – Оның кітаптары соңғы жылдары нашар болып кетті. h) болу, өту ¨The meeting went off well. – Кездесу жақсы өтті. *go off (on sb) (NAmE, informal) ызаланып кету ¨He just went off on her and started yelling. – Ол шала бүлініп, оған дүрсе қоя берді. *go off sb/sth (BrE, informal) ұнатпай қалу, көңлі суи бастау ¨Jane seems to be going off Paul. – Джейн Полға қырын қарай/кекірейе бастапты. ¨I've gone off beer. – Сырадан шығып кеткенмін/Сыраны доғардым. *go off with sb (өз жұбайын тастап) басқа біреумен кету ¨He went off with his best friend's wife. – Ол өзінің жақын досының әйелімен кетіпті. *go off with sth ұрлап алып кету ¨He went off with $10 000 of the company's money. -  Ол компанияның $10 000 қаражатын алып тайып тұрыпты. *go on a) бастау, кірісу ¨She doesn't go on until Act 2. – Ол екінші актқа дейін ойнамайды. b) (спортта) алмасу, біреудің орнына кіру ¨Walcott went on in place of Rooney just before half-time. – Уолкот бірінші тайм бітерге жақын Рунидің орнына шықты. c) жану, қосылу (opp: go off) ¨Suddenly all the lights went on. – Кенет барлық жарық жанды. d) (уақыт ж) өту, сырғу ¨She became more and more talkative as the evening went on. – Кеш жылжыған сайын одан сөз ағыл-тегіл құйыла бастады. e) (usually be going on) болу ¨What's going on here? – Бұнда не болып жатыр? f) жалғасу, жалғаса беру ¨This cannot be allowed to go on. – Бүйтіп жалғастыра беруге болмайды. ¨How much longer will this hot weather go on for? – Мына ыстық ауа райы әлі қанша жалғасады екен? ¨We can't go on like this - we seem to be always arguing. – Бізге бүйте беруге болмайды – ылғи да айтысып жататын сияқтымыз. g) сөзін жалғастыру ¨She hesitated for a moment and then went on. – Сәл кідірді де сөзін жалғады. ¨‘You know,’ he went on, ‘I think my brother could help you.’ – «Сен білесің», деді ол сөзін жалғай, «бауырым саған көмектеседі деп ойлаймын». h) «ал, қане» дег мағ ¨Go on! Have another drink! – Ал, қанеки, тағы біреуін алып қой! ¨Go on - jump! – Ал, секір енді! *go on (ahead) алда, алдыда жүру ¨You go on ahead - I'll catch you up in a few minutes. – Алға жүре бер(гін) – бірнеше минутта қуып жетемін. *go on sth білу, пікірі, пайымы болу ¨The police don't have much to go on. – Полицияның білетіні мардымсыз. *go on (about sb/sth) (informal) сампылдап, зеріктіре сөйлеу, сөзуарлану ¨He went on and on about how poor he was. – Ол соншама кедей екенін айтып заржақтана/зарлай берді. ¨She does go on sometimes! – Кейде оның зарлап қоймайтыны бар. *go on (at sb) (informal, especially BrE) шағымдану, арыздану (syn: criticize) ¨She goes on at him continually. – Ол оның үстінен шағымдана/арыздана береді. *go on (with sth) жалғастыру ¨That's enough for now - let's go on with it tomorrow. – Қазірге жетер – ертең жалғастырайық. *go on doing sth жалғастыру ¨He said nothing but just went on working. – Ол үндеген жоқ, әшейін жұмысын жалғастыра берді. *go on to sth басқа бір әңгімеге ойысу, жылжу ¨Let's go on to the next item on the agenda. – Күн тәртібінің келесі сұрағына жылжыйық. *go on to do sth жалғасу ¨The book goes on to describe his experiences in the army. – Кітап, сондай-ақ, оның әскерде басынан кешкендерін баяндайды. ¨After her early teaching career she went on to become a doctor. – Алғашқы мұғалімдігінен соң ол дәрігер болу үшін кетті. *go out a) тойға бару, қыдыру ¨She goes out a lot. – Ол той-томалақтан қалмайды. ¨~ doing sth He goes out drinking most evenings. – Кешқұрым көбінесе ішіп жүреді. b) (су, толқын ж) қайту (syn: ebb) (opp: come in) c) жіберу, жөнелту ¨Have the invitations gone out yet? – Шақыру қағаздары жөнелтілді ме? d) (BrE) телерадио хабарын тарату e) (хабар, жаңалық ж) тарау, шығу, жайылу ¨~ that… Word went out that the director had resigned. – Директор орнынан кетті деген хабар тарай бастады. f) (от, жарық ж) өшу, сөну *go out (of sth) a) шығып қалу, сүріну ¨She went out of the tournament in the first round. – Ол турнирден бірінші айналымда шығып қалды. b) сәннен шығу, қалу ¨Those skirts went out years ago. – Бұл юбкалар талай жыл бұрын сәннен қалған. *go out of sb/sth (қасиет не сезім ж) қалмау, ғайып болу ¨All the fight seemed to go out of him. – Ондағы өр мінездің бірі де қалмаған сияқты. ¨The heat has gone out of the argument. – Айтыстың қызуы басылды. *go out to sb көңіл айту, қайғысына ортақ болу *go out with sb/go out (together) (қыз бен жігіт ж) бірге уақыт өткізу, жүру ¨Tom has been going out with Lucy for six weeks. – Том алты апта болды Люсимен жүріп жүр. ¨How long have Tom and Lucy been going out together? – Том мен Люси қанша уақыттан бері жүріп жүр? *go over sth зерделеу, тексеру, үңілу, зерттеу, шолу ¨Go over your work before you hand it in. – Жұмысты тапсырмас бұрын бір тексеріп ал. ¨He went over the events of the day in his mind. – Сол күні болған жайттарды ойша шолып шықты. *go over (to…) бару, кезу, өту ¨He went over and shook hands with his guests. – Ол барып қонақтармен қол алысты. ¨Many Irish people went over to America during the famine. – Ашаршылық жылдары көптеген ирландықтар Америкаға кеткен. *go over to sb/sth (телерадио хабарын таратқанда) басқа адамға я жерге ойысу ¨We are now going over to the news desk for an important announcement. – Қазір маңызды хабарлама үшін жаңалық студиясына ойысамыз. *go over to sth бір жақтан, пікірден, т.с.с. басқасына ауысу ¨Two Conservative MPs have gone over to the Liberal Democrats. –Консервативтік партияның екі депутаты либерал-демократтарға өтті.  *go over (with sb) (NAmE) белгілі бір күймен қабылдау ¨The news of her promotion went over well with her colleagues. – Оның жоғарылағаны туралы хабарды әріптестері жақсы қабылдады. *go round = go around *go round (to…) = go around (to…) *go through қабылдану не аяқталу ¨The deal did not go through. – Контракт/Байлам жасалмады. *go through sth a) мұқият тексеру, зерделеу, үңілу ¨I always start the day by going through my email. – Әр күнді э-почтамды тексеруден бастаймын. ¨She went through the company's accounts, looking for evidence of fraud. – Алаяқтық болды ма екен деп ол компанияның есеп қағаздарын тексеріп шықты. b) мұқият зерделеу, қайтара тексеру ¨Let's go through the arguments again. – Дәлелдерді тағы бір қарап шығайықшы. ¨Could we go through Act 2 once more? – 2-інші актіні тағы бір қайталасақ қалай болады? c) белгілі бір әрекеттер жасау, процедурадан өту ¨Certain formalities have to be gone through before you can emigrate. – Эмиграциялауыңнан бұрын белгілі бір/біршама қағаздарды реттеу керек. d) бастан кешіру, өткеру, өткізу ¨She's been going through a bad patch recently. – Соңғы кездері бір қиын кезеңді бастан өткеруде. ¨He's amazingly cheerful considering all he's had to go through. – Басынан кешірген тауқыметке қарамастан ол таңғаларлықтай жайдары. e) пайдаланып болу, бітіріп тастау ¨The boys went through two whole loaves of bread. – Балалар екі нанды түгелдей жеп қойды. *go through with sth керек нәрсені істеу, істеуге мәжбүр болу ¨She decided not to go through with the operation. – Ол операцияға жатпауды ұйғарды. *go to sb/sth беру, жөнелту ¨Proceeds from the concert will go to charity. – Концерттен түскен қаражат мейірім қорына беріледі. ¨All her property went to her eldest son. – Мүлкінің бәрі де үлкен ұлына қалды. *go together = go with sth *go towards sth бірнәрсеге жұмсалу ¨The money will go towards a new car. – Ақша жаңа машина алуға жұмсалады. ¨~ doing sth Part of my pay cheque went towards buying an MP3 player. – Төлем чегімнің бір бөлігі MP3 плейер алуға жұмсалды. *go under (суға, т.с.с.) бату ¨(ауысп. мағ.) The firm will go under unless business improves. – Іс оңалмаса компания құриды. *go up a) (үй) салу, тұрғызу ¨New offices buildings are going up everywhere. – Барлық жерде жаңа офис/кеңсе ғимараттары тұрғызылуда. b) сахна шымылдығын/пердесін көтеру c) құру, күйреу ¨The whole building went up in flames. – Бүткіл үй жанып кетті. d) (баға, т.с.с.) көтерілу, өсу (syn: rise) (opp: go down) ¨The price of cigarettes is going up. – Темекі бағасы өсуде.  ¨Cigarettes are going up in price. – Темекі бағасы өсуде. *go up (to…) (BrE, formal) университетке (әсіресе, Оксфорд, Кәмбридж) түсу (opp: go down (from…)) ¨She went up (to Oxford) in 2008. – Ол (Оксфордқа) оқуға 2008 жылы түсті. *go up (to…) (from…) бір жерден екінші бір жерге бару (көбінесе, солтүстікке не ауылдан ірі қалаға) (opp: go down) ¨When are you next going up to Scotland? – Енді Шотландияға қашан барайын деп жатырсың(ыз-дар)? ¨We went up to London last weekend. – Өткен апта соңында Лондонға бардық. *go with sb a) (old-fashioned, informal) біреумен ашыналық не сүйіспеншілік қатынаста болу b) (informal) біреумен жыныс қатынасына түсу *go with sth a) бірнәрсеге қосу, құрамына кіргізу ¨A car goes with the job. – Жұмысқа қоса машина беріледі. b) келісу, қабылдау ¨You're offering £500? I think we can go with that. – Сен/Сіз £500 ұсынып тұрсың(ыз) ба? Бұған келісе аламыз деп ойлаймын. c) (also go (together)) үйлесу, жарасу (syn:match) ¨Does this jacket go with this skirt? – Жакет мына юбкамен жараса ма? ¨Those colours don't really go (together). – Ол реңдер (бір-бірімен) үйлеспейді. d) (also go together) бірге/қатарласа жүру, бірге болу ¨Disease often goes with poverty. – Ауру көбінесе кедейлікпен қатарласа жүреді. ¨Disease and poverty often go together. – Ауру мен кедейшілік көбінесе қатарласа жүреді. *go without (sth) бірнәрсесіз істеу, т.с.с. ¨There wasn't time for breakfast, so I had to go without. – Таңғы асқа уақыт болмады, сондықтан ішпей кеттім. ¨How long can a human being go without sleep? –Адам ұйқысыз қанша шыдайды? ¨~ doing sth She went without eating for three days. – Ол үш күн бойы нәр татқан жоқ. B.n (pl goes [ɡəʊz]) 1. (BrE) (also turn NAmE, BrE) кезек, әрекет ¨Whose go is it? – Кімнің кезегі? ¨It's your go. – Енді сенің кезегің. ¨‘How much is it to play?’ ‘It's 50p a go.’ – «Бір ойын қанша тұрады?» «Бұл 50 пенс болады». ¨Can I have a go on your new bike? – Велигіңді тепсем қалай бола ма? 2.(BrE) (also try NAmE, BrE) талпыныс, әрекет, (істеп, т.с.с.) көру ¨It took three goes to get it right. – Үш рет (істеп) көргеннен/Үш  талпыныстан соң дұрысталды. ¨I doubt if he'll listen to advice from me, but I'll give it a go. – Айтқанымды тыңдайтынына шүбәм бар, сонда да көрейін. 3.(BrE) жігер, адуын, қауқар ¨Mary's always got plenty of go. – Мәридің қуаты бойын ылғи да кернеп тұрады. 4. (idm) *at one go (BrE) бірден, бір дегеннен, бір талпыныста ¨She blew out the candles at one go. – Ол бір үрлеп-ақ май шамдарды сөндірді/өшірді. *be a go (NAmE, informal) жоспарлану, мүмкін болу ¨I'm not sure if Friday's trip is a go. – Жұмадағы сапардың мүмкін боларын білмеймін. *be all go (BrE, informal) қауырт болу, жұмыс қызып тұру ¨It was all go in the office today. – Бүгін кеңседе жұмыс қызып тұр. *be on the go (also be on the move) (informal) белсенді, жұмысбасты болу ¨I've been on the go all day. – Күні бойы тыным таппадым. ¨Having four children keeps her on the go. – Төрт баласы болғандықтан ол тыным таппайды. *first, second, etc. go (BrE) бірінші, екінші (істеп) көргеннен, дегеннен, талпыныстан ¨I passed my driving test first go. – Машина айдау сынағынан бір дегеннен/бірінші талпыныстан өттім. *have a go (informal, especially BrE) біреуге қол тигізу, ұрып-соғу ¨There were about seven of them standing round him, all waiting to have a go. – Оны жетеуі қоршап алыпты, бас салайын деп тұрды. *have a go (at sth/at doing sth) істеп көру, талпыну ¨‘I can't start the engine.’ ‘Let me have a go.’ – «Моторды оталдыра алмай жатырмын». «Қане, мен көрейін». ¨I'll have a go at fixing it tonight. – Түнде жөндеп көремін/жөндеуге тырысатын боламын. *have a go at sb (informal, BrE) сынау, шағымдану, арыздану ¨The boss had a go at me for being late for work. – Жұмысқа кеш келгенім үшін бастық күңкілдеді. ¨The government are always having a go at teachers. – Үкімет мұғалімдерді сынайды да жатады. *have sth on the go (BrE, informal) (іс, жоба ж) жалғасып, орындалып жату ¨The award-winning novelist often has three or four books on the go at once. – Лауреат романшы бір мезгілде үш-төрт кітап жазып жатады. *in one go (informal) бір уақытта, мезгілде ¨I'd rather do the journey in one go, and not stop on the way. – Жолда тоқтамай-ақ бір уақытта барып бәрін де аралайын. ¨They ate the packet of biscuits all in one go. – Бір пакет бискуитті олар бірден жеп тастады. *make a go of sth (informal) табысты болу ¨We've had a few problems in our marriage, but we're both determined to make a go of it. – Үйімізде/Некемізде бірнеше қиындық/мәселе болып еді, алайда екеуміз де шаңырағымызды шайқалтпауды ұйғардық.