goal [ɡəʊl] n 1. (спортта) қақпа ¨He headed the ball into an open goal. – Ол допты баспен ашық/қорғаусыз қалған кақпаға кіргізді/салды. ¨Who is in goal for Arsenal? – Арсеналдың қақпасында кім тұр? 2. (спортта) гол ¨The winning goal was scored by Hill. – Жеңісті голды Һилл/Хилл кіргізді. ¨Liverpool won by three goals to one. – Ливерпул үш те бір есебімен ұтты. ¨United conceded two goals in the first half. – Юнайтед бірінші таймда екі гол жіберіп алды. ¨a penalty goal – пенальтиден соғылған гол 3.мақсат (syn: aim) ¨to work towards a goal – (көздеген) мақсатқа жету үшін жұмыс істеу ¨to achieve/attain a goal – мақсатқа жету ¨You need to set yourself some long-term goals. – Алдыға ұзақ мерзімді мақсат қойған жөн. ¨Our ultimate goal must be the preservation of the environment. – Түпкі мақсатымыз қоршаған ортаны/айналаны қорғау болуы керек. ¨Their goal was to eradicate malaria. – Олардың мақсаты – малярияны жою.