god

god [ɡɒd] n 1. God құдай, тәңір(і), алла ¨Do you believe in God? – Құдайға сенесің(із-дер) бе? ¨Good luck and God bless you. – Жолың болып, құдай/тәңір жарылқасын. ¨I swear by Almighty God that the evidence I shall give… - Жаратқан құдайдың атымен беретін айғағымның .... ант етемін. 2.құдай, тәңір(і) ¨Mars was the Roman god of war. – Марс римдіктердің соғыс құдайы болған. ¨the rain god – жауын құдайы ¨Greek gods – грек құдайлары ¨(ауысп. мағ.) To her fans she's a god. – Тілеулестері үшін ол құдай (сияқты)/ Тілеулестері оған табынады. ¨(ауысп. мағ.) Money is his god. – Ол ақшаға табынады/сыйынады. 3. the ~s (BrE, informal) театрдың жоғарғы жақтарындағы орындар ¨We could only afford to sit in the gods. – Арт жақтан ғана орын таба алдық. 4. (idm) *by God! (old-fashioned, informal) о құдай-ай! құдай үшін! құдай ақы! дег мағ *God/God almighty/God in heaven/good God/my God/ oh (dear) God (informal) құдай/жаратқан құдай/құдайым-ау/о құдай-ай дег мағ ¨God, what a stupid thing to do! – Құдай-ай, неткен ақымақтық! *God bless құдай жарылқасын ¨Goodnight, God bless. – Жақсы ұйықта, құдай жарылқасын. *God rest his/her soul/God rest him/her (old-fashioned, informal) марқұм, жарықтық, топырағы торқа болғыр, жаны пейіште бөленгір дег мағ *God's gift (to sb/sth) (ironic) «құдайдың тартуы/сыйлығы», құдай берген, бұйыртқан ¨He seems to think he's God's gift to women. – Ол өзін құдайдың әйелдерге жасаған/бұйыртқан тартуы деп есептейтін сияқты. *God willing (informal) құдай бұйыр(т)са, иншалла(һ), алла жазса, құдай қаласа ¨I'll be back next week, God willing. – Құдай бұйыртса, келесі жетіде ораламын/қайтып келемін.*play God өзін құдайдай көру, құдай сияқты болу ¨It is unfair to ask doctors to play God and end someone's life. – Дәрігерлерден құдай сияқты болып, басқа біреудің өмірін аяқтауды өтіну дұрыс емес. *to God/goodness/Heaven ¨I wish to God you'd learn to pay attention! – Құдайдан сенің көңіл бөліп үйренуіңді сұраймын! *ye gods! (old-fashionedinformal) о, құдай! т.с.с.