good [ɡʊd] A.adj (better [ˈbetə(r)] best [best]) 1.жақсы (контекске қарай:) тәуір, дұрыс, игі, сау, оң, тсс ¨a good book – жақсы кітап ¨good food – жақсы тамақ ¨The piano was in good condition. – Пианино жақсы күйде еді. ¨Your work is just not good enough. – Жұмысың әйтеуір/әншейін онша жақсы емес. ¨The results were pretty good. – Нәтижелер тәп-тәуір/жап-жақсы болды. ¨Sorry, my English is not very good. – Ғафу өтінемін, ағылшыншам онша жақсы емес. ¨This is as good a place as any to spend the night. – Бұл түнеуге тұрарлық жерлердің бірі. ¨You'll never marry her - she's much too good for you. – Оған ешқашан үйленбейсің – оның шаңына да ілесе алмай қаласың. ¨Did you have a good time in London? – Лондонда жақсы уақыт өткіздің бе? ¨It's good to see you again. – Сені қайта көргенім жақсы болды. ¨This is very good news. – Бұл өте жақсы хабар (екен). ¨Let's hope we have good weather tomorrow. – Ертең ауа-райы жақсы болады деп үміттенейік. ¨We are still friends, though, which is good. – Әлі доспыз, бұның өзі жақсы. ¨It's a good thing you came early. – Ерте келгенің жақсы болыпты. ¨Thank you, good question. – Рахмет, жақсы сұрақ. ¨Yes, that's a good point. – Иә, бұл орынды айтылды. ¨I have good reason to be suspicious. – Күмәнді болуыма нақты себеп бар. ¨What a good idea! – Неткен жақсы идея/ой! ¨This is a good example of what I mean. – Бұл менің айтқаныма жақсы мысал. ¨The play had good reviews. – Пьеса жақсы бағалар алды/Пьесаны жұрт жақсы деп жатты. ¨The hotel has a good reputation. – Қонақ үй жақсы атқа ие. ¨He comes from a good family. – Оның шыққан тегі/жанұясы жақсы. ¨to be a good actor/cook – жақсы актер/аспаз болу ¨~ at sth to be good at languages/your job – тілдерге/өз жұмысына жақсы болу ¨~ at doing sth Nick has always been good at finding cheap flights. – Ник арзан рейстер табуға келгенде жақсы. ¨She's good with her hands. – Қолдары икемді. ¨He's very good with children. – Балаларына жақсы қарайды. ¨She has tried to lead a good life. – Ол/Оның жақсы өмір сүргісі келді. ¨a good deed – жақсы/игі іс ¨Giving her that money was a good thing to do. – Оған ол ақшаны бергенің жақсы болыпты. ¨He is a very good man. – Ол - өте жақсы адам. ¨It is good practice to supply a written report to the buyer. – Сатып алушыға жазбаша мәлімет беру дұрыс әдет/практика екен. ¨She was a good Catholic girl. – Ол жақсы католик қыз еді. ¨~ (to sb) He was very good to me when I was ill. – Ауырған кезімде ол маған жақсы қарады. ¨~ (of sb) (to do sth) It was very good of you to come. – Келгенің(із) жақсы болды/болыпты. ¨~ (about sth) I had to take a week off work but my colleagues were very good about it. – Жұмыстан бір жеті сұрануыма тура келгенде әріптестерім түсінікпен қарады. ¨You can stay up late if you're good. – Жақсы/Тәртіпті болсаң кешірек ұйықтауыңа болады. ¨Get dressed now, there's a good girl. – Киіне ғой енді, неткен жақсы қыз. ¨Can you speak into my good ear? – Менің сау құлағыма айтшы? ¨I don't feel too good today. – Бүгін онша жақсы сезініп тұрғамын жоқ. ¨‘How are you?’ ‘I'm good.’ – «Қалайсың(ыз)?» «Жақсымын». ¨Too much sun isn't good for you. – Тым күнде болған саған жақсы емес. ¨It's probably good for you to get some criticism now and then. – Анда-санда сынға ұшырап тұрғаның (да) дұрыс болар. ¨(informal) Shut your mouth, if you know what's good for you. – Өзіңе не жақсы екенін білсең, аузыңды жап. ¨no ~ doing sth/ no ~ to sb It's no good complaining - they never listen. – Шағымданғанның пайдасы жоқ – олар тыңдаған емес. ¨This book is no good to me: I need the new edition. – Мына кітап маған ұнамайды – жаңа редакциясы керек. ¨Now is a good time to buy a house. – Қазір - үй сатып алғанға жақсы уақыт. ¨~ for sth/to do sth She would be good for the job. – Бұл жұмысқа ол лайықты/дұрыс болады. ¨~ for sb Can we change our meeting? Monday isn't good for me. – Кездесуімізді өзгертейік пе? Дүйсенбі мен үшін қолайсыз. ¨‘Dinner's ready.’ ‘Good - I'm starving.’ – «Тамақ - дайын» «Жақсы – ашпын». ¨‘I got the job.’ ‘Oh, good.’ – «Жұмысқа орналастым». «Е, жақсы болыпты». ¨Good, I think we've come to a decision. – Жақсы, бір ұйғарымға/шешімге келдік деп ойлаймын. ¨Good old Jack! – Әй Джегім-ай! ¨‘I've ordered some drinks.’ ‘Good man!’ – «Біраз сусын заказ бердім». «Жарайсың!» ¨Good heavens! – Құдай-ау! ¨Good God! – О құдай-ай! ¨a good many people – көп кісі ¨The kitchen is a good size. – Кухняның көлемі үлкен (екен). ¨We spent a good while looking for the house. – Біз ұзақ уақыт үй қарадық. ¨He devoted a good deal of attention to the problem. – Мәселеге ол көп уақыт бөлді. ¨There's a good chance that I won't be here next year. – Келесі жылы бұл жерде бола қоймаспын. ¨We waited for a good hour. – Бір сағаттан аса күттік. ¨It's a good three miles to the station. – Станцияға дейін үш миль. ¨We had a good laugh about it afterwards. – Бұған сосын жақсылап тұрып күлдік. ¨You'll feel better after a good sleep. – Бір (жақсы) ұйықтап алсаң жақсы сезінетін боласың. ¨a good story/joke – жақсы/қызық әңгіме/әзіл ¨(informal) That's a good one! – Ол жақсы (нәрсе) екен! ¨~ for sth You're good for a few years yet. – Әлі бірнеше жыл бола аласыз. ¨~ for sth The ticket is good for three months. – Билет үш айға жарамды. ¨~ for sth He's always good for a laugh. – Оның күлкісі жақсы/Ол күлгенді біледі. ¨Bobby should be good for a few drinks. – Бобби(дің) тағы біраз сілтей алады. 2. (idm) *as good as дерлік, деуге болады ¨The matter is as good as settled. – Мәселе шешілейін деп қалды/ Мәселені шешілді деуге болады. ¨He as good as called me a coward. – Ол жанамалай маған қорқақсың деді. ¨She's as good as won. – Оны/Ол жеңді деуге болады. *as good as it gets жағдай тіпті де жақсарайын деп тұрған жоқ дег мағ *good and… (informal) толығымен, мүлде ¨I won't go until I'm good and ready. – Толығымен әзір болғанымша, бармаймын. *a good few бірнеше ¨There are still a good few empty seats. – Ол жерде әлі бос орындар бар. *good for you, sb, them (informal) жарайсың, ерлепсің дег мағ ¨‘I passed the test.’ ‘Good for you!’ – «Сынақтан өттім». «Жарайсың!» B.n 1.жақсылық, жақсы, ізгі ¨the difference between good and evil – жақсылық/ізгілік пен зұлымдық арасындағы айырмашылық, жақсы мен жаман арасындағы айырмашылық ¨Is religion always a force for good? – Дін ылғи да ізгі күш пе? 2. the ~ жақсы, момын кісілер; қайырымды, жанашыр кісілер ¨a gathering of the great and the good – ұлылар мен жақсылардың жиылысы 3.жақсы(лық), игі(лік) ¨Cuts have been made for the good of the company. – Қысқартулар компанияның оңалуы үшін істелді. ¨I'm only telling you this for your own good. – Мен бұны саған сені ойлай айтып отырмын. ¨What's the good of earning all that money if you don't have time to enjoy it? – Қызығын көретін уақтың болмаса бүйтіп ақша тапқанның не пайдасы бар? ¨What good is it redecorating if you're thinking of moving? – Көшейін деп тұрсаң бұны қайта сәндеп қайтесің? 4. (idm) *all to the good жақсылыққа, игілікке, игілік үшін ¨If these measures also reduce unemployment, that is all to the good. – Бұл шаралар жұмыссыздықты да азайтатын болса, онда осының бәрі (де) игілік үшін. *be no good/not be any/much good a) пайдасыз, әсері жоқ ¨This gadget isn't much good. – Бұл гаджеттің пайдасы шамалы. ¨It's no good trying to talk me out of leaving. – Кетпек райымнан айнытып көргеннен ештеңе шықпайды. ¨Was his advice ever any good? – Оның дұрыс кеңес берген кезі болды ма? b) қызық емес, әсерлі емес ¨His latest film isn't much good. – Соңғы фильмі онша шықпапты. *do good/do sb good пайдасы, оң әсері болу ¨Do you think these latest changes will do any good? – Соңғы өзгерістердің пайдасы болады деп ойлайсың ба? ¨Don't you think talking to her would do some good? – Онымен сөйлескеннен бірдеңе шығады деп ойлайсың ба? ¨I'm sure a few days off would do you a power of good. – Бірнеше күн демалсаң бойыңа қуат жиатыныңа сенімдімін. *for good (BrE also for good and all) біржола, біржолата ¨This time she's leaving for good. – Бұл жолы ол біржолата кетіп барады. ¨I'd like an excuse to get rid of him for good and all. – Маған одан біржолата құтылатын себеп керек болар еді. *to the good ақшалы болу, ақша біту ¨We are £500 to the good. - £500 ақша таптық. *up to no good (informal) теріс нәрсе істеу ¨Those kids are always up to no good. – Ана титтей балалар бірдеңені бүлдіреді де жүреді. C.adv (especially NAmE, informal) тәуір, жақсы, дұрыс ¨‘How's it going?’ ‘Pretty good.’ – «Қалай болып жатыр?» «Тәп-тәуір». ¨(non-standard) Now, you listen to me good! – Енді мені дұрыстап тыңда.