grab [ɡræb] A.v (-bb-) 1. шап беру, бас салу, жармасу, ұстап алу (syn: seize) ¨~ (sth) She grabbed the child's hand and ran. – Ол сәбидің қолынан шап берді де жүгіре жөнелді. ¨He grabbed hold of me and wouldn't let go. – Ол мені бас салып жібермей қойды. ¨He grabbed her around the throat and squeezed. – Ол оның кеңірдегінен шап берді де /кеңірдегіне жармасты да сығымдай жөнелді. ¨Someone grabbed me from behind. – Арт жағымнан біреу бас салды/жармасты. ¨Don't grab - there's plenty for everyone. – Жармаспаңдар, бәріне де жетеді. ¨~ sth from sb/sth Jim grabbed a cake from the plate. – Джим табақтан тортты жұлып алды. ¨~ at sth She grabbed at the branch, missed and fell. – Ол бұтаққа жармаспақ болып, мүлт кетіп, құлап түсті. ¨~ for sth Kate grabbed for the robber's gun. – Кэйт ұрының қаруына жармасты. ¨(ауысп. мағ.) I'll see if I can grab the waitress and get the bill. – Официантканы тауып, чекті сұрап көрейін. ¨(ауысп. мағ.) Glasgow's drugs problem has grabbed the headlines tonight. – Глазгодағы есірткі проблемасы жайлы ақпарат құралдары кешкісін шуылдап жатты. ¨ (ауысп. мағ.) The play grabs the audience's attention from the very start. – Пьеса салғаннан жұрт назарын өзіне бұрады. 2.жармасу, мүмкіндікті қалт жібермеу (syn: seize) ¨~ sth This was my big chance and I grabbed it with both hands. – Бұл мен үшін үлкен мүмкіндік еді, сондықтан қос қолдап жармастым. ¨~ at sth He'll grab at any excuse to avoid doing the dishes. – Ол тамақ жасамас үшін кез-келген мүмкіндікке жармасады. 3. ~ sth алып алу, ала салу, жұлып алу, қағып алу ¨Let's grab a sandwich before we go. – Сәндуичті ала салып, зытайық. ¨Grab a cab and get over here. – Такси ұста да мұнда жет. ¨I managed to grab a couple of hours' sleep on the plane. – Ұшақ та екі сағат ұйықтап алдым. ¨Grab a seat, I won't keep you a moment. – Тез отыр, сені көп ұстамаймын. 4. ~ sth алып алу, алып қою ¨By the time we arrived, someone had grabbed all the good seats. – Келгенімізше біреу бар жақсы орынды алып алыпты. ¨She's always trying to grab the limelight. – Ол ылғи да жұртты өзіне қаратқысы келеді. 5.(idm) *how does … grab you? (informal) қызықтырады ма дег мағ ¨How does the idea of a trip to Rome grab you? – Римге бару туралы ойға қалай қарайсың? B.n 1. ~ (at/for sb/sth) жармасу, шап беру, ұстау ¨He made a grab for her bag. – Ол оның сумкасына жармасты. ¨As the car swung round the corner, she held on to the grab handle to steady herself. – Бұрышта машина күрт/кенет бұрылғанда ол шайқалмас үшін тұтқаға жармасты. 2. (computing) фильмнен түсірілген сурет ¨a screen grab from Wednesday's programme – сәрсенбідегі телехабардан сурет 3.күрек (экскаватордың, т.с.с.), қармағыш (кранның) 4. (idm) *up for grabs (informal) алам деушілерге беріледі ¨There are £25 000 worth of prizes up for grabs in our competition! – Сайысымызда £25 000 болатын сыйлықтар таратылады!