grace [ɡreɪs] A.n 1.көркемдік, көріктілік, әсемдік ¨She moves with the natural grace of a ballerina. – Ол балеринаға тән табиғи көркемдікпен қозғалады. 2.ибалылық, мейірлілік, әдептілік, сыпайылық, тектілік ¨He conducted himself with grace and dignity throughout the trial. – Сот барысында ол өзін ибалы/мейірлі/тектілікпен әрі абыроймен ұстады. 3. ~s (especially BrE) ибалы/ текті/ мейірлі/ әдепті жүріс-тұрыс ¨He was not particularly well versed in the social graces. – Ол жұртпен/ел(дер)мен араласудың қыр-сырларын онша білмеуші еді. 4.біреуге берілген қосымша уақыт ¨They've given me a month's grace to get the money. – Олар маған ақша табуға тағы бір ай берді. 5.құдайдың адамзатқа рахымы, мейірімі ¨the power of divine grace – Жаратқан(ның) мейірімінің күші ¨It was only by the grace of God that they survived. – Алланың рахымы түсіп қана олар аман қалды. 6.ас алдындағы қысқаша дұға ¨Let's say grace. – Дұға қылайық. 7. His/Her/Your Grace (дәлме-дәл аударма) Оның мейірбандығы/Сіздің мейірбандығыңыз, хазрет, шарапаттым ¨Good Morning, Your Grace. – Қайырлы таң, хазрет. ¨Their Graces the Duke and Duchess of Kent. –Кент герцогы мен герцогинясы хазретлері 8. (idm) *be in sb's good graces (formal) біреудің оң қабағына бөлену, біреудің сенімінде болу *fall from grace біреудің сенімін, құрметін жоғалту *sb's fall from grace сенімнен шығу, абыройын жоғалту ¨The biography explains the circumstances surrounding her fall from grace. – Биографияда оның басынан қандай жағдайда бақ тайғаны жайлы әңгімеленеді. *have the (good) grace to do sth сыпайылық, әдептілік таныту ¨He didn't even have the grace to look embarrassed. – Оның тіпті беті шімірікпеді де. *there but for the grace of God (go I) (saying) құдай басқа салмасын, астапыралла дег мағ *with (a) bad grace кердеңдей, кегжие ¨He handed over the money with typical bad grace. – Ол ақшаны өзіне тән кердеңдікпен берді. *with (a) good grace сыпайы, жайлы, абыроймен ¨You must learn to accept defeat with good grace. – Сен абыроймен жеңіле білуге үйренуің керек. B.v (formal) 1.~ sth сәнін кіргізу, әрлеу ¨The table had once graced a duke's drawing room. – Бұл стол бір кездері герцогтың қонақ бөлмесінің сәнін кіргізіп тұрған. ¨We sat at a small table graced with a vase of fresh flowers. – Бір ваза жас гүлдер әрлеген шағын столда отырдық. 2. (usually ironic) шарапаты тию, абырой әкелу; мейірі түсіп келу, қатысу ¨~ sb/sth She is one of the finest players ever to have graced the game. – Ол ойынға бұрын-соңды шарапаты тиген тамаша ойыншылардың бірі. ¨The occasion was graced by the presence of Lord and Lady Thomson. – Жиынға лорд және лэди Томпсон келіп шарапатын тигізді. ¨~ sb/sth with sth Will you be gracing us with your presence tonight? – Бүгін кешкісін бізге келіп, шарапатыңды тигізесің бе?