graceful [ˈɡreɪsfl] adj 1. көркем, көрікті, әсем, мейірлі ¨The dancers were all tall and graceful. – Бишілердің барлығы да бойшаң әрі көркем еді. ¨He gave a graceful bow to the audience. – Ол көрермендерге көркем иілді. ¨the graceful curves of the hills – төбелердің көркем иіндері ¨Dolphins are incredibly graceful and efficient swimmers. – Дельфиндер асқан көркем әрі епті жүзгіштер. 2. ибалы, әдепті, сыпайы, текті, мейірлі ¨His father had always taught him to be graceful in defeat. – Әкесі оны жеңілісте ибалы/мейірлі/текті болуға ылғи да үйретіп жүрді. ¨At the age of 70, she withdrew into graceful retirement. – Жетпіске келгенде ол абыройлы зейнетті таңдады.