grasp [ɡrɑːsp] A.v 1. ~ sb/sth жармасу, қармау, шап беру, бүре ұстау, қыса ұстау (syn: grip) ¨He grasped my hand and shook it warmly. – Ол қолымды қыса жылы сілкіді. ¨Kay grasped him by the wrist. – Кэй оның білезігінен қыса ұстады. 2.ұғу, түсіну ¨~ sth They failed to grasp the importance of his words. – Олар оның сөздерінің маңызын түсіне алмады. ¨~ how, why, etc… She was unable to grasp how to do it. – Ол қалай істеу керектігін ұға алмады. 3. ~ a chance/an opportunity мүмкіндікке жармасу ¨I grasped the opportunity to work abroad. – Шетелде істеу мүмкіндігіне жармастым. 4. (idm) *grasp the nettle (BrE) «қалақайды ұстау», қиын іспен іркілместен айналысу, істеу ¨The government now has the opportunity to grasp the nettle of prison reform. – Үкіметтің енді түрме/абақты реформасына тайсалмай кірісетін мүмкіндігі бар. 5. (phr v) *grasp at sth a) жармасу, бассалу ¨She grasped at his coat as he rushed past her. – Жанынан өтіп бара жатқанын көріп ол оған жармасты. b) мүмкіндікке жармасу B.n 1.қармау, бүру, жармасу, ұстас; уыс (syn: grip) ¨I grabbed him, but he slipped from my grasp. – Оны шап бергенмін, бірақ қолымнан шығып кетті. ¨She felt a firm grasp on her arm. – Қолын қыса ұстағанын сезді. ¨Don't let the situation escape from your grasp. – Жағдайға ие бола алмай жүрме. ¨As soon as he relaxed his grasp on the rope, it was pulled out of his hands. –Қысқан уысын сәл босатып еді, арқан серпіліп қолынан шығып кетті. ¨As the drugs took hold, her grasp of reality began to slip slowly away. – Дәрі/Есірткі бойына тараған сайын санасы баяу бұлыңғырлана бастады. ¨Success was within her grasp. – Табыс уысында болатын.2.түсінік, ұғыс ¨He has a good grasp of German grammar. – Ол неміс грамматикасын жақсы біледі. ¨These complex formulae are beyond the grasp of the average pupil. – Бұл күрделі формуланы жай/кәдімгі оқушы түсіне алмайды.