grave 1 [ɡreɪv] A.n 1.қабір, мола, бейіт, көр ¨We visited Grandma's grave. – Әжеміздің басына/қабіріне бардық. ¨There were flowers on the grave. – Қабірде гүл шоқтары болды. 2. (often the ~) (usually literary) өлім ¨Is there life beyond the grave? – Өлгеннен соң өмір бар ма екен? ¨He followed her to the grave. – Одан/Ол өлгеннен соң ол да қайтыс болды. ¨She smoked herself into an early grave. – Ол темекіден ерте кетті/өлді. 3. (idm) *turn in his/her grave (BrE) (NAmE roll in his/her grave) марқұм білсе/естісе көрінде жата алмас еді дег мағ ¨My father would turn in his grave if he knew. – Марқұм әкем білсе көрінде жата алмас еді. B.adj (graver, gravest) (formal) 1.ауыр, қиын, күрделі (жағдай, сезім, тсс) ¨The police have expressed grave concern about the missing child's safety. – Жоғалған баланың амандығына байланысты полиция қатты қобалжыс білдірді. ¨The consequences will be very grave if nothing is done. – Бір шара болмаса салдары ауыр болмақ. ¨We were in grave danger. – Бізге ауыр қауіп төніп тұрды. 2.түнерген ¨He looked very grave as he entered the room. – Бөлмеге түнере кірді.
grave 2 [ɡrɑːv] (also grave accent) n қатты екпін (м.: père французша)